Ас - адамның арқауы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ас- адамның арқауы

Сабақтың түрі: қалыптан тыс сабақ

Сабақтың типі: жарыс сабағы

Мақсаты: білімділік:

қазақ халқының ұлттық тағамдар түрлерін, салауатты өмір салты дегеніміз не, адам денсаулығына пайдалы, зиянды тағам түрлерін білу.

дамытушылық: тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер

мен фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіну, тақырып жайында әңгімелеу

тәрбиелік: асты құрметтеу керек екендігі туралы әңгіме қозғап балаларды еңбекке, адамгершілікке, денсаулығын жас кезінен сақтауға, басқа адамның еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.

Сабақта қолданылатын ТОҚ: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. сәлемдесу. (оқушылар екі дөңгелек үстел құрып отырады.)

2. Сабағымыздың тақырыбы: Ас - адамның арқауы. Оны біз жарыс түрінде өткіземіз.

Не білуіміз керек: салауатты өмір салты дегеніміз не, адам денсаулығына

пайдалы, зиянды тағам түрлерін, қазақ халқының ұлттық тағамдар түрлерін білу, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіну.

Не игеруіміз керек:

Тақырып бойынша әңгімелеу, сұхбаттасу, өз пікіріңді дәлелдеуге тырысу, сұрақ-жауап жүргізе білу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақта біз осы тақырып жайында әңгімелестік. Адамның денсаулығына пайдалы, зиянды тағам түрлері қандай, денін сау болу үшін не істеу керек, ұлттық тағамдарымыздың ерекшелігі неде, асқа байланысты салт-дәстүрлерін еске алып қайталаймыз.

(балалар ортаға шығады)

1-ші:Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, студияда отырған қонақтар. Бүгінгі бағдарламамыз «Ас- адамның арқауы» деген тақырыпта өтеді. Қош келдіңіздер.

2-ші: Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін жақсы тамақ ішу керек.

Қазақ халқыда «Ас - адамның арқауы» деп бекер айтылмаған.

1-ші: Тамақ арқылы адам ағзаларына белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.

2-ші: Қандай тамақ түрлері пайдалы, қандай зиян, денін сау болу үшін не істеу керек осындай, тағы да басқа сұрақтарға жауап беру үшін біздің студиямызда отырған құрметті қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Қостанай облыстық аурухананың дәрігері Токарева Наталья.

2-ші: «Ақшаңырақ» тойхананың бас аспазы Гамзатова Татьяна

1-ші: Қазақстанның еңбек сіңірген спортшы, боксшы Қанапьянов Диас

2-ші: Еліміздің қадірлі аналары, өнегелі әжелері Әйгерім әже мен Зарина апай.

1-ші: құрметті қонақтар, бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіздер.

2-ші: Наталья, денсаулықты қай кезден сақтаған жөн?

1-ші: Диас, салауатты өмір салты дегеніміз не?

2-ші: Татьяна, қазақ халқының ұлттық тағамдары немен ерекшелінеді?

1-ші: Наталья, адам ағзасына қандай тағамдар пайдалы?

Ал адам ішегінің дұрыс істеу үшін қалай тамақтану керек. Не жеу керек?

2-ші: Диас, өзіңізді осындай жақсы қалпыда ұстау үшін не істеп жүрсіз?

Қалай тамақтанасыз?

1-ші: Таня, қазақ халқы ұлттық тағамдарының ішінде нелер жеңсік асқа жатады?

Ал сіздің жақсы көретін ұлттық тағамыңыз бар ма?

2-ші: (дәрігерге) Адамның денсаулығына зиянды болатын қандай тағамдар бар?

1-ші: Құрметті көрермендер, өздеріңді толғандыратын сауалдарыңыз болса қоя беруге болады.

2-ші: Диас, жаттығулардан кейін қандай сусындармен шөлінізді қандырасыз?

1-ші: Қазақ айтады: Атың барда желіп жүр, жер таны

Асын барда беріп жүр, ел таны. деген мақалды қалай түсінесіз?

2-ші: (апайға) халқымызда «тәтті шай» дегені бар. Оны жастарға қалай түсіндіріп бере аласыз?

1-ші: Сыбаға дегеніміз не?

Қазақтар соғымға не сояды?

2-ші: Жылқының етін жесең, тісіне кіреді,

Жемесең, түсіне кіреді дегені қалай?

1-ші: Құрметті көрермендер, студиямыздың телефоны 56-29-84

Сұрақтарыңыз болса, тыңдап тұрмыз

Көрермендер студияға қоңырау шалып отырады. 1. Мен дәрігерге сұрақ қояйын деп едім. А витамині бар тамақ түрлерін атап беріңізші.

2. Сәлеметсіз бе? Спортшыға қоятын сұрағым бар. Арыю үшін не істеу жөн?

3. Сіздің мейрамханаңыздың дәстүрлі тағамы қандай? Оны қалай әзірлейсіз?

ІІІ. Өткенді қайталау.

Өткен сабақты қайталадық, сұрақтарымызға жауап алдық. енді модуль бойынша алған білімдерімізді жүйеге келтіріп ұсынылған сұрақтарға бірлесіп жауап берейік..

Әр топ капитанды сайлап топтың атын айтасыңдар. Топтың капитаны қатысушылармен бірлесіп бағалау парағына әр оқушыға баға қоясыңдар.

Әділқазылар алқасы - біздің өнегелі әжелері сендердің жауаптарын мұқият тыңдап қорытынды жасайды.

Ал бастаймыз. Тапсырмалар. Слайдтар.

1. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, ортада адам үшін ең қымбат нәрсені оқи аласыңдар. Қай команда тезірек шешеді сол тақтаға шығып жазады.

(тақтада сөзжұмбақ ұсынылады)

2. Сөздің көркі - мақал - дейді қазақ. Мақалдар сайысы.

Мақал-мәтелдер

1. Тәні саудың жаны сау

2. Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішін ауырса, аузыңды тый

3. Таза ауа дертке дауа

4. Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші ьайлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - бес саулық

5. Денсаулық - зор байлық.

6. Ас атасы - нан

7. Нан болса, ән де болады

3. Мәтінмен жұмыс.

Тапсырма. Екі командаға бір мәтіннен беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны жайында сұрақ-жауап жүргізу.

1-мәтін. Халық тұрмысы жақсы болса, дендері де сау болмақ. Тек арамызда шылым шегіп, атамыздан қалған ас емес, арақ-шарап ішетін жастар саны көптеп саналуда. Сондықтан да мемлекеттің байлығы халықтың саулығы болса, сондай жаман әдеттен аулақ болуға ерекше назар аударса дегіміз келеді. Адамы сау, сәбиі сау ел - ең бай ел екен. Халықтың, балалардың демалысы мен сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында спорт мектептері ашылып, жастарымыз денсаулығын жақсартуда.

Сонымен еліміз байып, ақ нанды алақанымызға салып аяласақ, сары қымыз сабада тұрса, құрт-ірімшік өреде болса, ауру дегеннің ауылы алыста болады.

2-ші мәтін. Қоғамның басты байлығы - адам. Адамның басты байлығы - денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын - қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы айрықша. Спорт - салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

4. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Пікірлесу. Берілген тақырыптарда өз ойларыңды айтыңдар.

Аурудың алдын алуға болады ма?
"Жақсы үйдің тамағы тәтті" дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Тест тапсырмалары. (интерактивті тақтада)

ІV. Қорытынды. Әділқазылар алқасы қорытынды жасайды.

Жеңіп шыққан топты айтады. Топ капитандары баға қойып бағалау парақтарын тапсырады.

V. Рефлексия. Не білдім? Не біліп алдым? Не білгім келеді?

VІ. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 орта мектебі» ММ









«Халықаралық тест жобасы тапсырмаларын тиімді пайдаланудың жолдары» атты облыстық семинарда берген сабақтың тақырыбы:



«Ас - адамның арқауы»

10 сынып. қазақ тілі

мұғалім: Қасымова

Гүлнар Қадырғалиқызы


Қостанай 2011

Сабақты талдау


Мектеп: № 3 орта мектеп

Сынып: 10 сынып

Өткізілген күні: 21 ақпан

Сабақтың тақырыбы: Ас - адамның арқауы

Сабақтың типі: қалыптан тыс сабақ

Сабаққа қойылатын мақсаты:

білімділік:

қазақ халқының ұлттық тағамдар түрлерін, салауатты өмір салты дегеніміз не, адам денсаулығына пайдалы, зиянды тағам түрлерін білу.

дамытушылық: тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер

мен фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіну, тақырып жайында әңгімелеу

тәрбиелік: асты құрметтеу керек екендігі туралы әңгіме қозғап балаларды еңбекке, адамгершілікке, денсаулығын жас кезінен сақтауға, басқа адамның еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.

Сабақтың міндеті:

Не білу керек: салауатты өмір салты дегеніміз не, адам денсаулығына

пайдалы, зиянды тағам түрлерін, қазақ халқының ұлттық тағамдар түрлерін білу, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіну.

Не игеру керек:

Тақырып бойынша әңгімелеу, сұхбаттасу, өз пікіріңді дәлелдеуге тырысу, сұрақ-жауап жүргізе білу.

Сабақта қолданылатын техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

  • сабақтың мазмұны сабақтың міндетімен, бағдарламамен сай келеді;

  • сабақтың тапсырмалары оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін датытуға құрылған. Лексика саласынан көптеген тапсырмалар берілді. Мысалы, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, мәтіндер. Сабақта оқушылардың сұрақ қоюға, өз пікірлерін айтуға, сұхбаттасуға мүмкіндіктері болды. Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сөзжұмбақ, интерактивті тақтада тест сұрақтары ұсынылды.

  • сабақтың мазмұны оқушылардың қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыруға құрылған.

  • сабақтың әр кезеңінде жаңа тапсырманы берудің алдында міндет қойылды.

  • сабақтың кезеңі аяқталған соң оған қорытынды жасалды

  • сабақта оқушылар үшін болған жаңашылдық - үй жұмысының тексеру түрі.

  • сабақта оқушылардың алған білімдерін қорытындылап жүйелеу мақсатында оларға интерактивті жарыс ойыны деген кезеңінде «Денсаулық», «Ас - адамның арқауы», «Ұлттық тағамдар», «Грамматика» тақырыптарынан сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды.

  • сабақтың соңында рефлексия арқылы қорытынды жасалды. Оқушылар не білдім, не біліп алдым, не білгім келеді деген сұрақтарға жауап берді.


© 2010-2022