Ұстаз ұлы тұлға эссе (1сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстаз - ұлы тұлға»

( эссе )










«Ұстаз.. жаратылысынан: өзіне айтылғанның бәрін жете аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.. мейілінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл. Осы ұстаздар жайлы халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.. жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ержүрек болу керек» деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға-ұстаз. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Оқушының мұғаліммен қарым-қатынасы мұғалімнің келбетіне, сөйлеу мәдениетіне, әдептілігіне байланысты. Бұл тұста келбет деп отырғанымыз мұғалімнің түр-әлпеті, киім киісі, жүріс-тұрысы. Әдетте түр-әлпетті келісті, киініп жүретін мұғалімдерді оқушылар құрметтейді. Оларға әсіресе мұғалімнің сөйлеу мәдениеті көбірек әсер етеді. Мұғалім қанша білімді болса да, оның сөйлеу және өзін-өзі күту, ұстау мәдениеті төмен болса, ондай мұғалімдерді оқушылар сыйламайды. Егер мұғалім шәкірттердің алдында беделінен айырылып қалса, онда қарым-қатынас, оқу тәрбие ісі еш уақытта өз мақсатына жетпейді. Сондықтан мұғалім таза сөйлеуге, өзін-өзі күтуге, өзгені құрметтеуге айрықша мән береді. Бұл мұғалімнің жан дүниесіндегі мәдениетін, білімділігін көрсетеді. Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасына жетекші орын алады. Әдептілік - мұғалімнің жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсету, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы және әр түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу есептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтүксіз орындайды және өнеге тұтады. Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиешіл жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби билік дағдылары шыдауы оның ұстазды тәрбие жинақтығының ең басты алғы шарты болып табылады. Мұғалімнің кәсіби билік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби-педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған мұғалімнің жеке мәдениет деңгейі, адамгершілігі, тәлім-тәрбиесі, іздемпаздығы, зерттеушілігі жатады. Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады. Сондай-ақ мұғалім жаңалық жаршысы ретінде оқытудың тиімді тәсілдерін, озық тәжірибелерді сараптап шығармашылық ізденіс үстінде болуы керек. Айтылған ойлар қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып - білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар деген тұжырым жасауға негіз болады. Қазіргі мұғалім тек өзінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас ұрпақтың білімділігіне байланысты. Өйткені, сауатты да саналы, белсенді де істер, елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу - ұстаздардың қолыда. Бұл үшін әрбір мұғалім оқу тәрбие жұмысын жан-жақты жандандыру,оқушылардың білімге ынтасын барынша арттырып, олардың сана сезімін дамыту жолында заман талабына сай тынымсыз жұмыс жасауы тиіс. Осы үлкен сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең ұрпақтың өмір талабына жауап бере алатын өз ісінің шебері ретінде баулуы қажет. Бұл үшін, біріншіден, мұғалім әрбір сабақты жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тыс ізденістерге талпынуы тиіс. Ең басты, мұғалім әркез бәсекелестікке қабілетті болуы және оған қашанда дайын болуы қажет. Бұл қасиеттер мұғалімді өз ісіне жауапкершілікке жетелейді. Сондай-ақ мұғалім өз пәнін жетік білуі тиіс.Ұстаз білімді әрі білікті болуға ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, шеберлігін шыдай түседі. Ондай мұғалім сабақ өтумен ғана шектелмей, әріптестігінің де, оқушылардың да абыройына бөленеді. Қазіргі заман осындай мұғалімдерді қажет етіп отыр. Жаңашыл, ізденуден танбайтын ұстаз ғана оқушылардың жан-жақты дамуын арттыра алмақ. «Ұстаздық - ұлы іс». Дағдарыстан - дамуға деп жатқан қазіргідей заманда, педагог мамандарға қойыалатын талапты талғаммен ұштастыра алатын тұлға ғана бала жүрегіне жол тауып, шәкіртін алға жетелемек. Өйткені, егемен елімізде мұғалімнің жан-жақты жұмыс жасауына жағдайдыңбәрі жасалған деуге болады. Мектептердің бәрі дерлік соңғы технологиямен қамтылған. Бұрын мектептерде мұғалім проблемасына мектептердің материалдық - техникалық базаларының ойдағыдай болмауы кедергі келтірсе, қазір оның орнына интерактивті тақта, мультимедиялық сынып келді. Электронды оқулықтар өмірге енді. Сондықтан Зейналла Қабдолов атамыз «Ұстаз болу - өзгенің бақытын аялау, өз бақытыңды аямау» деген сөздерін есте ұстап, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай ете берейік. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана- сезімді сіңіруші адам- мұғалім. Мұғалім- мамандық, ұстаздық- қасиет. Яғни, ұстаз болу-адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Жақсы ұстаз- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың нақылына сүйенсек «Бала оқытуды жақсы білемін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек»- деген тұжырымында шығармашыл адам, яғни педагог, тәжрибелі мұғалім білімді де білікті шәкірт дайындай алады. « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегің қыр- сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін баршамыз мойындап, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете берейік. Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік дағдысын сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - әрбір ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім - әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мен осы стратегияларды пайдалану арқылы көптеген жетістіктерге жетудемін. Ең бастысы - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, бір - бірімен пікір таластырып, ашық сөйлеу, еркін жеткізу дағдылары қалыптаса бастады. Бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой - түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, мұғалімдерге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс - тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды.


















© 2010-2022