Интеллекті ауыр деңгейде бұзылған оқушыларды әлеуметтік ортаға дайындаудың алғашқы қадамдары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Интеллекті ауыр деңгейде бұзылған оқушыларды әлеуметтік ортаға дайындаудың алғашқы қадамдары.

Имангазина Г.Қ. №7-ші арнаулы(түзету)мектебі

Ақтөбе қаласы. Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы бар зор міндет. Ұрпақ тәрбиесін қозғай отырып, дені сау балалармен бірге, мүмкіншілігі шектеулі балалардың да құқылы білім мен тәрбие алуына байланысты ҚР заңнамалары бекітілген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ақыл-ойы орташа дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте болуы мүмкін екендігін көрсететін оқу жоспарын бекіткен болатын. Осы құжатқа сәйкес аталған мектептің екінші бөлімін құрайтын арнайы сыныптар ашылды. Осындай мектептің бірі Ақтөбе қаласындағы №7 арнаулы (түзету) мектебінде ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар балалармен бірнеше жылдар қатарынан жұмыс жасап келеді. Мектеп үнемі жыл сайын ізденушілік бағытта жұмыс жасай отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Жаңа технологияларды, әдістерді тәжірибе жүзінде пайдалана отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша «Түзету жұмысын ұйымдастырудың мағынасы «алға қарай озып, және де баланы өзіңмен бірге ертіп ала жүру» деген екен. Зерде бұзылыстары бар балалар коррекциялық педагогикада үнемі үздіксіз оқыту мен яғни, олардың қоршаған ортамен байланысын білу, түсіну, әлеуметтік ортада өздерін икемдеп, жүзеге асыру сияқты әр түрлі мақсаттар тұр. Сонымен бірге өздерін қамтамасыз ете алу, қоғамдық ортада мәдениетті болу т.с сияқты көптеген мақсаттар көп. Түзетушілік тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері айқындалған және де негізінен мына бағыттарды қамтиды:

  • Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту, ол үшін денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолдану:
  • Баланың ойында «Мен», « Мен және басқа адамдар» деген концепциясын енгізу және қолдану. Пәндік -практикалық тұрғыда түсінікті деңгейде әр түрлі танымдық процесстерін арттыру;
  • Өзіне-өзі қызмет ете алуға баулу, мүмкіншілігінше басқа адамға тәуелді болмау; қоршаған ортада өзін ұстай білу және де қоғамдық ережелерді сақтау;
  • Шығармашылық , қол еңбегі қабілеттерін дамыту, ұйымдастыру.
Осындай педагогикалық қағидаларды басшылыққа ала отырып, мен өз жұмыс тәжірибемде ауыр деңгейдегі бұзылушылығы бар балалармен арнайы дамытушылық орта құрай отырып, тәрбие жұмысын жүргізіп келемін. « Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу үлкен абырой, басты борышымыз. Міне, сондықтан да алдыма бүгін табалдырық аттаған 8 бүлдіршіннің болашағы мен тағдыры менің қолымда тұрғандай болды. Мен қалайда осы балаларды қоршаған ортаға бейімдеп, әлеуметтік ортада өздерін жүзеге асыра білулері үшін білгенімді салдым. Осыған орай балалардың деңгейін қадамдап дамыту барысында сынып ішінде арнайы дамытушылық орталар құрылды. Бұл жұмыс қандай болуы керек? Баланың қызығушылығын қалай ояту керек? Баланы білімге қалай баулу керек? Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды психологиялық және педагогикалық зерттеп-білу жүзеге асырылды. Нәтижесінде оқушылардың барлығында сөйлеу қабілетінің бұзылуы, қабылдаудың бұзылуы, зейіннің тұрақсыздығы, есте сақтау, ойлау , елестету, эмоциялық-ерік сферасының бұзылуы, моторикасының бұзылу және көру- қозғалыс координациясының, жұмысқа қабілетсіздігі сияқты қасиеттердің төмен екендігін анықталды. Қоршаған ортаны қабылдау, сезіну сенсорлық тәрбиеге жатады. Сондықтан осы мәселені басшылыққа алып дамытушылық алаң құрдым. Бастуыш сыныптағы ерекше балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының шеңберінде «Мүмкіншілігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеуде перцевтивтік сфераның дамуына жағдай жасау» тақырыбы бойынша түзету жұмыстарының бағдарламасы мен жоспары құрылды. Денсаулығында мүмкіндігі шектелген балалардың сенсорлық қасиеттерін дамытудың да түзетушілік маңызы өте зор. Сенсорлық қабілеттер қабылдауды дамыту процесінде жүргізіледі және ол іс жүзінде баланың перцевтикалық әрекетерінің жүйелі және сенсорлық эталондарының жүйелі түрде меңгере отырып, қолдануымен анықталады. Осыны негізге ала отырып, сенсорлық тәрбие бойынша мынадай міндеттерді алға қоямыз:
  1. Балаларда ізденіс перцевтикалық әрекетердің жүйесін ұйымдастыру.
  2. Балаларда сенсорлық эталондарының жүйесін ұйымдастыру - затқа сәйкес: қорытындылау; қасиетімен сапасын және қарым қатынасын анықтау ;
  3. Балалардың өздігінен перцевтикалық әрекеттердің, танымдық іс- әрекеттерде қолдануын ұйымдастыру.
Бұл жұмыс мынадай бөліктерден тұрады :
  1. Сабақ кезіндегі дамыту жұмыстары (денсаулық қорғау, дамытушылық орта, дәстүрлі емес сабақ түрлері, жаңа технологияларды қолдану);
  2. Сабақтан тыс кезіндегі дамытушылық жұмыстар (үйірме, сынып сағаттары, сыныптағы мерекелік іс -шаралар, ұжымдық істер);
  3. Ата-аналармен жұмыс ( ата- аналарға кеңес беру, жаттығулар тренингтер, отбасына бару);
  4. Қосымшалар (сабақтар үлгісі, үйірме жоспары, қонаққа барудағы жоспарлау).
  5. Әр баланың жеке психологиялық ерекшелігін ескере отырып, берілген тапсырмалар шағын да, мағыналы және де балаға түсінікті тілде жеткізіледі. Берілген тапсырмалар оқушының меңгеру деңгейіне қарай біртіндеп қиындатыла түседі, одан соң үнемі қайталанып отырады. Ойындар мен жаттығулар балалардың деңгейіне сай қарастырылуы маңызды.
Ұйымдастырылған жұмыстың бағыты сабақта және сабақтан тыс кезде , үйірмеде, мерекелік кездерде, желілік-рөльдік ойындар түрінде, ұжымдық жұмыс түрінде, театралдық ойын түрінде және де тағы да әр түрлі формаларды қолдануға болады. Бұл мақсатарды жүзеге асыру үшін психологпен, логопедпен, тәрбиешімен, ата-аналармен тығыз байланыста болу керек. Осы әдістемедегі көрсетілген жұмыс түрлері сізге де бала тәрбиесінде біршама мәселелерді шешуге немесе дамытуға көмегімен әсерін тигізеді деп үміттенемін. Сабақ кезіндегі дамытушылық жұмыстары. Сенсорлық тәрбие беру - ол баланың сезіп тану қабілеті арқылы сезінуді және қабылдауды ұйымдастыру бойынша бағытталған мақсатты түрдегі педагогикалық әсер етушілік. Сенсорлық қасиеттерін дамыту дегеніміз - баланың бойында сенсорлық процестерді ( сезіну, қабылдау, елестету) сияқты қабілеттерді жүзеге асыру. Қоршаған ортаны және заттарды қабылдау ол танудан басталады. Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар кешенді қасиеттерді меңгереді (көлемі, түсі, пішіні, құрылымы, дауысталуы, иісі және т.б). Балаларды затты қабылдауда ең нақтысы мен негізгісін қабылдауға үйрету қажет. Сенсорлық тәрбие берудің мазмұны баланың мектепке дейінгі алған қасиеттерін дамытудың жалғасы болып саналады. Өкінішке орай, ақыл- ойы кем балалар ол кезеңнен өтпей келеді. Ерекше балалар тіптен қабылдауы тежелген. Менің бірінші сыныбыма келген балалардың 8-дің 1-уі ғана. Көркем негізгі пішіндер мен түстерді ажыратады. Қалған балалалар әлі дайындық, ұйымдастырушылық кезеңнен өтпегені байқалды. Балалар жәй түрдегі, «отыр», «тұр», «орныңа бар», тегін атағанда қарамау, өз-өзіне қызмет ету қасиеттері дамымаған. Затты қабылдау, сараптау, салыстыру, қорытындылау тағы сол сияқты жұмыс түрлері өздігінен меңгерілмейді: оған арнайы осы жүйе бойынша оқытылуы талап етіледі. Заттарды пішінге бөлу, көлемі, түсі, кеңістікке қатынасты, заттың жылдамдығы, мөлшері, азаюы, көбеюі сияқты қасиеттерді ажырату мәселелері туындайды. Мысалы : Сөздік шарт бойынша түстерді ажырату : ( қызыл саңырауқұлақ , қызыл доп. 1. Қызыл алма, қызанақ, сары алма, қияр ұсынылады. Осының ішінен «Тек қана қызыл түстерді бөліп ал». 2. Сол сияқты : Сенсорлық қатарды құрастыру : ( бес шырша берілген, өлшемі әр түрлі) соны « Үлкен шыршадан бастап кішкентай шыршаға дейін қойып шық». 3. Екі қоян берілген «Соның айырмашылығын табуға тырыс» (3 айырмашылық : жейдесі, аяқ- киімі, шалбары) Сонымен бірге заттарды сипап сезу : қатты ма, жұмсақ па? Мұздай ма, жылы ма? Ауыр ма, жеңіл ме? т.б сенсорлық тәрбие бағдарламасына сенсорлық эталондардың жүйесі кіріктірілген, ол - берілген заттың қасиетін, сапасын, қатынасын айту. Бұл түстер эталоны (түстер спектрі), пішіндер (геометриялық, көлемі), кеңістікте орналасуы және бағыты (үстінде, астында, сол жаққа, оң жақта) көлемі туралы (сұйық, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке) дыбысталудың эталоны ( қатты айқай, жәй дыбыс) және т.б. Өз-өзіне қызмет көрсетуге бейімдеу ету мақсатында «мынау кімнің аяқкиімі?», «Өз затыңды тап», «Кім бауды дұрыс байлайды», «Асханада», «Қонақта» сияқты желілік-пәндік ойындар арқылы қоршаған ортаға бейімдейміз. Осындай жұмыстар түрлері ерекше балаларды өмірге бір қадам арқылы алға жетелейді. Л.С. Выготский айтып кеткендей, «Ақылды бағбан біле тұра, өсімдігін тез өсуі үшін, жоғары сабағынан тартады», соған сәйкес баланы дамыту процесін де қандай қасиет болмасын, жуық арада нәтиже беруі мүмкін емес, сондықтан да қай істе де ерекше балалармен жұмыс барысында үлкен шыдамдылық пен сабырлықты қажет етеді. Арнайы мектептегі мұғалімдер бұл жасап жүрген істерінде бала махаббаты мен ата-ана алғысына ие болады. Ата-аналар өзінің ең қымбат асылын біздің қолымызға сеніп тапсырады. Ал, мұғалімге осы игі істен алған ризашылықтан артық баға жоқ деп ойлаймын. Әдебиеттер тізімі : 1.Коррекционно-образовательные программы для детей с тяжелой формой умственной отсталости. Сулейменова Р.А. Агавелян О.К.Агавелян Р.О. данильченко Е.А. 2.Практикум по развитию социально - перцептивной сферы умственно отсталых школьников. Учебное пособие .- Челябинск, 1999. 3.Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников .Под ред Л.А. Венгера . 1978. 4.Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.


© 2010-2022