Төрт-түлік туралы жырлар Әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Мақсаты: Төрт түліктің төлдері құлын, ботақан, қошақан, бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру; шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру; тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу. Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу. Көрнекілігі: төрт түлік суреті. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту. Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Санамалап айтып көрші? Сенің кім болғың келеді? ІІІ. Білімдерін тексеру: «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Оның неше түрі бар? Ол жайлы не білесің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Пайдасы қандай? Ү. Жаңа сабақ. Торы құлын, сиыр, қой, ешкі жайлы өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету, таныстыру.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу, тізбектей оқу, қайталанып тұрған сөздерді табу. Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу. Сөздік жұмыс: (жағы-қалақтай, оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген, қақтаған, қалақтай, бұлақтай, жасқаған) мағынасын талдау. Түйенің, қойдың, ешкінің, сиырдың төлін қалай атайды? Сүтін ше? Пайдасы қандай? ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
  1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір. Қойдың сүті қорғасын Қойды ұрған оңбасын
  1. Нар жолында жүк қалмас.
  2. Бақырауық демесің,
Бағалы көлік түйе Жұмбақ шешу: Иір-иір денесі Сахараның кемесі Ашы шөптер тамағы Шөлге шыдап бағады (түйе) ҮІІ. Бекіту: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Ұнаған өлеңді жаттау, суреттерін

© 2010-2022