Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу
Көрнекілігі:

Суреттер, дидактикалық материалдар,стакан, су,сүт
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, миға шабуыл, тәжірибе
Түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды психологиялық дайындау

ІІ. Үйге тапсырмасын қайталау

5 минуттық бақылау жұмысы арқылы үй тапсырмасын пысықтау

Үлгерімі жоғары оқушымен жұмыс: Шығарма жазу: Су-тіршілік көзі.

ІІІ. Жаңа сабақ: Су. Судың қасиеті

Ой қозғау: Тірі ағзаларға өмір сүру үшін ауа қажет.

Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?

Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Сусыз-тіршілік жоқ.

Адам, өсімдік, жануарлардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.

Балалар, олай болса бүгін біз судың қасиетін тәжірибе жсап көру арқылы білетін боламыз.

ІҮ.Практикалық жұмыс: (Тәжірибе жасау)
Практикалық жұмыс №1

-Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйдық. Екеуін салыстырамыз. Сүт-ақ, ал су-түссіз.таза суды аз мөлшерде алсаң түссіз.
Су-түссіз болатынын білдік.
● Қызыл, жасыл, сыры, ақ қағаздардан жолақ дайында. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстыр. Суды қазыл, сары, жасыл ақ деп айтуға бола ма? Болмайды.
● Судың түсі болмайды. Cу-түссіз!

Практикалық жұмыс №2
● Екі стақанның біреуіне-сүт, екіншісіне су құйамыз. Олардың ішіне қасық саламыз. Қайсысында қасық анық көрінеді? Неге?
● Су - мөлдір. Таза судың түсі болмайды!
Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан ластанады.
Практикалық жұмыс №3

Кесеге, шыныға, ыдысқа , стақанға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды?

Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.

Практикалық жұмыс №4
● Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіс судан да жағымды иіс шығады. Ал судың иіcі бар ма? Иіскеп көр.
● су-иіссіз
Практикалық жұмыс №5
● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құй. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады.
● Яғни, су ағады, жұғады.

Кез келген затты суға малып алсаң, ол су-су болып шығады. Су-жабысқақ.

Су-тіршілік көзі. Судың тағы қандай ерекшеліктері бар? Судың қасиеттері жөнінде не білдім?

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.

ҮІІ. Логикалық тапсырма
♦ Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, мына заттардың қайсысын алар едің?
• Қара көзілдірік
• Бір қорап сіріңке
• Фонарь
• Жұлдызды карта

♦ Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?

ҮІІІ. Бекіту
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.

Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.

Дәптермен жұмыс:

Шығармашылық тапсырма (сызбаны дәптеріңе толтыр)

Судың үш күйі: су, бу, мұз

Мысалы: Жуылған киімді далаға жаяды. Біраздан кейін кебеді. Ойланшы!Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзінің жылуынан су буға айналады.

Суретпен жұмыс:

Жазда суға шомылып рахаттанасың, ал қыста су-суықтан қатып, мұзға айналады, сен шанамен, конькимен сырғанайсың.

Үлгерімі жоғары оқушымен жұмыс: карточка

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: карточка

-Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер бар:
• Суды босқа төкпе!
• Сумен ойнама!
• Бұлақ көрсең көзін аш.
• Судай таза бол.
• Судан таза, сүттен ақ.
Қорытынды:

● Су - сұйық зат.
● Аспаннан жауын түрінде түседі.
● Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.
● Су буға айналады, ұшып кетеді
● Бу - мөлдір,түссіз, иіссіз, ағады, жұғады, жабысқақ.
Бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: Оқулықтың 41 бетін оқу, стакандағы судың суретін салу









































© 2010-2022