Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Сабақтың мақсаты:

1.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру;

2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту;

3. Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, суреттер, үлестірмелі

қималар, сигналды белгілер, Венн көрсетуі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Тест (сигналды белгілер арқылы)

- Қазір ауызша тест аламын. Мен сұрақтарды оқимын. Жауабын алдарыңда жатқан сигналды белгілер арқылы көрсетесіңдер. Егер А жауабын дұрыс деп тапсаңдар қызыл белгіні, Ә жауабын дұрыс деп тапсаңдар жасыл белгіні көтересіңдер. Дайын болсаңдар тесті бастаймын.

1. Зат есім

А) заттың сынын білдіретін сөздер.

Ә) Заттың атын білдіретін сөздер.

2. А - дыбысы

А) Жуан дауысты дыбыс.

Ә) Жіңішке дауысты дыбыс.

3. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі

А) бастауыш

Ә) баяндауыш

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап

А) Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Ә) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем.

А) сұраулы сөйлем.

Ә) лепті сөйлем.

Жаңа сабақ

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Не байқадыңдар? Сұрақ қойыңдар.

- Сонымен сөйлем құрауға негіз болатын қандай сөздер екен?

- Сөйлемдердегі кім? не? не істеді? не қылды? қайтті?

деген сұрақтарға жауап беретін сөздер - сөйлемге негіз болатын сөздер.

Сөйлем құрауға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілері мыналар:

а) Тұрлаулы мүшелер өздігінен сөйлем жасай алады, сөйлемде тірек, негіз қызметін атқарады.

ә) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.

б) Бір ғана тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлемдер де болады. Мысалы: Түн.

Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

«Толықтыр» дидактикалық ойыны. Шарты: көп нүктенің орнына кім? не? не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыру. Тақтаға төмендегідей сөздер жазылады:

1. ... айнадай жарқырайды. 2. Ақбөкендер ен даланы ... . 3. Есік алдында ... жайқалып өсіп тұр. 4. Жаңбыр түнімен...

Өздік жұмыс. 4-жаттығуды өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

Сабақты қорытындылау.

Семантикалық карта

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

Оқыды

Биші

Жазды

секірді

1) Оқушыларға тек тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдерден мысал келтіруін талап ету.

2) Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқығанда, сөйлемдер сөйлемдік дәрежені сақтай алмайтынын түсіндіру.

Бағалау.



© 2010-2022