Тәрбие сағаты Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым -Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толып отыр. 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып - жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.

«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын - сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні - қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Қамарсұлу

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарың

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Асылхан

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!

Слайд көрсету

Бір минут үнсіздік.

Болат

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген,

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Хор: Мемлекеттік Әнұран

Бекзат

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі

Жүректе намыс оты лапылдаған

Күш-жігері жастардың сарқылмаған

Әлі де шығар алаңға Отан үшін

Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

Болат

Жиырма тоғыз жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан босаттық

Ақтадық біз ата-баба үмітін

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Ән: Атамекен

Гүлзат

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным.

Би: Қамарсұлу мен Гүлзаттың орындауында

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.

.



© 2010-2022