Сценарий Алтын күз (1-4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Байлықтың бәрі күзде»

Мақсаты:
1. «Байлықтың бәрі күзде» сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.
2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт Келесі сайысымыз кепкен жапырақтан бір заттың бейнесін жасау (әтеш, көбелек, гүл, балық, қоян).

4.Кім жылдам? (Күз айларына және жеміс жидектерге қатысты жұмбақ сұрақтарға жауап беру)
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының өнері.

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 1-5 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Байлықтың бәрі күзде» атты сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
-Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.

№1. Ғабдыхамит Серікжан, Кубайдолла Ақмарал
№2.Кәкім Райымбек, Сәттіғали Бибігүл

№3. Қыдыр Сұңғат, Абаева Меруерт
№4. Болатқалиев Мерлан, Бисенгожина Айсана

№5. Заңғали Әділет, Есболат Зинеп

-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Байлықтың бәрі күзде атты сайысына қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.


-2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз.


3 бөлімінде « Қас-қағым сәт». Келесі сайысымыз кепкен жапырақтан бір заттың бейнесін жасау (әтеш, көбелек, гүл, балық, қоян).

4. бөлімде. Кім жылдам? (Күз айларына және жеміс жидектерге қатысты жұмбақтарға жауап беру)

-Балалар мен сендерге жүмбақ жасырамын: әр сыныпқа 4жұмбақтан жасырылады.

1- сынып

Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды. (Жапырақ)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешмін? (Қырыққыбат)
2-сынып

Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. Қарбыз

Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. Қауын

Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. Асқабақ

Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау. Жаңғақ

3-сынып

1.Іші-жұмсақ, сырты-қатты.

Еті-қызыл, сүті тәтті.(Қарбыз)

2.Дөп-дөңгелек доптай

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.(Алма)

Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр . Қызылша

Үлпершекке қан құйып ,
Үріп талға байладым. Бүлдірген

4-сынып

Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық. Сәбіз

Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп)

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Сәбіз

Тоғыз қабат қызыл торқасында,
Өседі екен ақ сүйрік ішінде. Сарымсақ

5-сынып

Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қалпақ киемін. Күнбағыс

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . Анар

Өзі қызыл , өзі қызық ,
Ортасында бір сызық . Шабдалы

Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті. Жүзім

5 бөлімінде
Молшылық Күз - береке Күз
Береке Күз-мерекеміз-дей келе Күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.

6 бөлімінде Күз ханшасы мен ханшайымының өнері.

Қорытынды бөлім.

Қош сау болыңыз, Алтын күз!

Күздің соңғы қызығын

Өстіп, достым, қарайсың.

Қурайлардың ызыңын

Марш - күйге балайсың.

Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

Бүгінгі Байлықтың бәрі күзде атты сайысымызды аяқтаймыз..



© 2010-2022