Өзін-өзі тану пәнінен Халық даналығы тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды халық даналығын насихаттайтын әңгімемен таныстырып, мәтінді талдау.

2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін , ой-өрісін дамыту.

3.Оқушыларды шешендікке тәрбиелеу.

Түрі: қайталау

Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

Назарларын сабаққа аудару

ІІ.ББД тексеру

Сұрақ-жауап:

  • Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?

  • Ертегің не туралы?

  • Ертегінің тәрбиелік мәні неде?

Халақ даналығына ертегіден басқа мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, нақыл сөздер, жаңылтпаш, жұмбақтар жатады.

  • Бүгін сабақта халық даналығына байланысты өсиет әңгімемен танысамыз.


  1. Әңгімені мәнерелеп, дауыстап оқыту.

  2. Оқушыларды өздіктерінен оқыту.

  3. Әңгімені талдау.

  • Хан баласы халық даналығын қалай табады?

  • Халық даналығына нелер жатады?

  1. Ақыл көркі -тіл

Тілдің көркі - сөз, - дегенді қалай түсінесіңдер?

Тапсырма:

Даналық сөздерді оқып, суреттерде берілген тақырыптарға сәйкес топтастырыңдар.

1.Оқу-білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

2. Адам деген - ардақты ат.

3.Еңбек етсең ерінбей, точды қарның тіленбей.

4.Адам арын ойлайды.

5.Оқу - инемен құдық қазғандай.

6.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

7. Адамның сұлулығы - шншылдығында.

ІІІ.Қорытынды

Халықтың даналығы -

Ақыл-ой қазынасы!

Түсінген саналыға

Тым терең мағынасы.



© 2010-2022