Қазақ тілі 2-сынып Тақырыбы: Сын есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың сын есім турадлы түсініктерін одан әрі тереңдете түсу, кез келген затты сынына қарай сипаттай білуге үйрету.

2) Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3) Ұқыптылыққа, таза, көркем жазуға баулу, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жаттығу жұмысы, сұрақ-жауап

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру.

Оқушы назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық.

2. Өткенге шолу жасау.

Тест жұмысын орындату.

1. Заттың атын білдіретін сөз табы

А) Сын есім ә) зат есім б) етістік

2. Қ,п,т,с,ш - қандай дауыссыз дыбыстар?

А) ұяң ә) қатаң б) жуан

3. Күрделі етістікті тап:

А) күлді ә) өте әдемі б) ойнап жүр

4. Сын есімді тап:

А) Қарағай ә) алтын б) қызғылт

5. Балықшы сөзінің құрамы

А) Жұрнақ + түбір ә) түбір + жалғау б) түбір+жұрнақ

3. Жаңа сабақ.

Ой қозғау

- Сын есім деген не? Оның сұрақтарын ата.

Жаттығу жұмысы

427-жаттығу

Өлеңді көшіріп, сын есімдерді табу.

Кең, асау.

Кең жайлау, асау құлын.

Құлын, қошақан, ботақан - НЕ?

428-жаттығу.

Суреттегі заттарға қатысты бірнеше сын есм жазу.

Ағаш -биік, әдемі, жасыл.

Кітап -қалың, қызыл, қызықты.

Шие - қызыл, қышқыл, дөңгелек.

429-жаттығу.

Берілген сөздерден сөйлем құрау.

1. Қазақстанда шұрайлы жерлер көп.

2. Біздің сынып кең және жарық.

3. Шынтастың қара ала күшігі бар.

Қорытындылау.

430-жаттығу Ішінде сын есімі бар жұмбақ тауып айту.

Үйге тапсырма

431-жаттығу. Бағалау



© 2010-2022