План - конспект 8 санын қайталау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План - конспект 8 санын қайталауПлан - конспект 8 санын қайталауПлан - конспект 8 санын қайталауПлан - конспект 8 санын қайталауПлан - конспект 8 санын қайталауПлан - конспект 8 санын қайталау

Қапшағай қаласы, Заречный ауылы

№12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Казыбекова Асел Амантаевна

2 сынып

Математика

Сабақтың тақырыбы: 8 санын қосу және азайтуды қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін пысықтау. Теңдеулерді шешуде қосу және азайту амалдарының компоненттері туралы алған білімдерін қайталай отырып, игерген білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

  1. Екі амалмен және бірнеше тәсілмен шығарылатын есептерді
шығару барысында ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту.
  1. Үй құстары туралы игерген білімдерін еске түсіру, есептеулерде
пайдалану, және оларды күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ойын, дидактикалық материалдар.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар,

үй құстарының суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үстелімде тұр кітап, Ал дәптерім мінекей. Бүгін менің тығылмақ Ойнағым да тұр келмей. Уақыт жоқ үрлеуге Жасап қағаз қайықты. Бүгін бізде сабақ бар Маңызды, әрі лайықты.

  • Балалар барлығымыз математика сабағына керекті құрал - жабдықтарымызды аламыз, назарымызды сабаққа аударамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  • Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

  • Ия 79 беттегі №6 тапсырма

Берілген есепті бір оқушы оқиды, қалғандары тексеріп отырады. Егер қате шығарылған жағдай болса, есеп талданады.

ІІІ. Жан-жақты пысықтау кезеңі

Геометриялық фигураларды және 2 мен 8 ге дейінгі сандардың құрамын қайталап өту.

«Ия және жоқ» ойны ойнатылады

Қосу мен азайту- өзара кері амалдар.

1сағ 20мин = 70 мин.

а + 4 = 7 Бұл- әріпті өрнек.

Жақша ішіндегі амал алдымен орындалады.

1дм + 7см = 8см.

1 аптада 7 күн бар.

Сыйымдылықты метрмен өлшейді.

9 + 7 = 16

49 = 4онд. 9бірл.

Қосуды азайтумен тексеруге болады.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тиянақтап өту.

ІV. Мақсат қою кезеңі:

  • Балалар біз бүгін 8 санын қосу және азайту тақырыбын қайталауға арналған тапсырмалар орындаймыз.

  • Балалар бізге хат келіпті, 2а сынып оқушыларына екен. Бәріміз оқимызба?

  • Ендеше балалар тыңдайық. Хат тауықтан екен:

  • Сәлеметсіз бе, Асел апай. Мен жайма шуақ күні аулада балапндарыммен жайылып жүргенде өзі қу әрі айлакер түлкі балапандарымды ұрлап кетті, менің жағдайым өте ауыр, содан маған көмектесетін достар іздеудемін. №12 мектепте 2 а сыныбы үй құстарына көмек, қамқорлық көрсетіп, ұя жасайтын оқушылар деп естідім. Өтінемін балалар маған көмек көрсету үшін түлкі тапсырмалар беріп жібереген екен , мен ол тапсырмаларды орындай алмайтын сияқтымын.сендерден көмек сұраймын.

  • Балалар көмек көрсетеміз бе?

V.Оқулықпен жұмыс: балапандар:

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау - №1 тапсырма ауызша талданады, қосынды мен айырманың дұрыс жауаптары оқушының жауабынан кейін ашылып отырылады. 8 + 8 = 16 16 - 8 = 8 9 + 8 = 17 17 - 8 = 9 8 + 9 = 17 17 - 9 = 8 - №2 тапсырма. Тақтаға 3 оқушы шығарады. Теңдеулердің шешуін таппас бұрын, қосу мен азайтудың компоненттері қайталанады. Қай компонент белгісіз екенін анықтап алады. Дұрыс жауаптар оқушының орындауынан кейін ашылады. Әр оқушы өз жауаптарын тексереді. x + 8 = 17 17 - x = 8 x - 8 = 9 x = 9 x = 9 x = 17 9 + 8 = 17 17 - 9 = 8 17 - 8 = 9 СЕРГІТУ СӘТІ Есептедік, шаршадық, Орнымыздан тұрайық Қимылдатып аяқты, Шапалақты ұрайық №3 есептерді шығару және салыстыру үшін, оның шартын түсініп оқиды. Есептердегі белгілі, белгісіз анықталады. Интерактивті тақтада есеп суретті есепке айналдырылып жазылған.

Мақсаттың 3 План - конспект 8 санын қайталау-ы , 4 План - конспект 8 санын қайталау -гі бар. Оның План - конспект 8 санын қайталау -ы мен План - конспект 8 санын қайталау -гі қанша болса, сонша План - конспект 8 санын қайталау-ғы бар. Мақсаттың неше План - конспект 8 санын қайталау-ғы бар. ?

  1. Ш: Қоян - 3

тауықтар-? «сонша»

Үйрек - 4

Шешуі: 3+4=7

Жауабы: 7 тауық

2)

Б: Қаздар - 4

Үйрек - 4 ? құс

Тауықтар-20

Ш: (4+4)+20=28

Ж: 28 құс

№4 тапсырма

  1. Б: Сиыр - 4

Жылқы -? «сонша»

Бұзау - 3

Ш: 4+3=7

Ж: 7 жылқы

Бір оқушы есепті тақтаға жазады, қалғандары орындарында отырып орындайды.

  • Бәрекелді балалар, сендер тауыққа көмек көрсеттіңдер, тауық сендерге өте риза. Біз әрқашан құстарға қамқор болуымыз керек.

ОЙЛАН, ТАП

  1. Сегіздегі Бекеттің Өзі де бірін жеп алды.

Сегіз еді жаңғағы, Кәне, кім тез айтады,

Біреуін мысық әкетті, Қанша сонда қалғаны?

Біреуін күшік әкетті, ( 5 жаңғақ)



  1. Көлшікте тұр бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашты бір бақа,

Арық емес Көкбақа,

Топ-толық бір Тоқ бақа,

Арбаңдаған аш бақа,

Тарбаңдаған Тасбақа.

Бақылдайды бақ-бақ деп,

Бақа санын тап-тап-деп

(8 бақа )

№6 тапсырма

Қатардан бір-бір оқушы шығып, фигураларды сызады.

Үлгерімі төмен оқушыларға карточкалар үлестіріледі. Кестелік қосу мен азайтуға әр оқушыға жеке-жеке карточка беріледі.

Шығармашылық тапсырма

Берілген 8 шаршыдан 2 таяқшаны алып тастау арқылы 7 шаршы шығарып алу.

( үстіңгі оң жақтағы немесе астыңғы сол жақтағы 2 таяқшаны алып тастаймыз)

VІ. Бекіту кезеңі

Инсерт стратегиясы

Бүгінгі сабақта

ұнағаны

Сандардың құрамы

Жұмбақ есептерді шешу

Екі амалды есептер

Балапандарды құтқарғанымыз

Геометриялық фигуралар

Шығармашылық тапсырмалар

Үйге тапсырма беру және бағалау кезеңі

№ 4, 80 бет. ( Есептердің шарты түсіндіріледі )

Сабаққа ерекше қатысып отырған оқушылар мадақтала отырып, бағаланады.


© 2010-2022