«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ.

Мақсаттары:
а) Оқушылардың ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету. Жануар туралы

алған білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту;

ә) Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру,

тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) Қазіргі кездегі адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған Табиғат-Ананы

қорғап,аялауға,үйрету,тәрбиелеу. Суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлар суреті, энциклопедия, тест.
Әдісі: Ақпараттық технологияны пайдалану, түсіндірме, сұрақ - жауап,

әңгімелеу, ой-толғау, топтастыру,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Пәнаралық байланыс: Әуен.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі. Құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Дүниетану сабағын бастаймыз.

Білімнен біз қашпаймыз.
III.Үй жұмысы (Өткенді қайталау).
- Жануарлар қыста қалай жылынады?

-Мәтін мазмұнын мәнерлеп айтқызу.

- 3 оқушыға айтқызу.

Сұрақ- жауап.

1.Қыс түсісімен жануарлар қайда тығылады? (Ініне)

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

2.Тиін,тоқылдақ ұяларын қайда салады? (Ағаш қуысына)

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

ІѴ.Жаңа сабақ.

Ой шақыру.

Балалар,қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын,сол жұмбақтың шешуі арқылы сабақтың

тақырыбын анықтаймыз.

Жұмбақ

Дәмі де,иіс де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

1.Адам өміріне не қажет? (Оқушылар 5 жағдайды айтады)

Тірек сызба сызылады.

жарық жылу

АДАМ

ауа тағам

су

Ендеше осы аталан 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?

  • Су

- Ендеше бүгінгі сабағымыз да суға қатысты.

«Сусыз тіршілік жоқ» деп аталады

Ѵ. Дәптермен жұмыс.

1.Күн жадынын жазу.

2.Жаңа тақырыпты жазу.

Судың қанша түрі бар.

1.Сұйық 2.Бу 3.Қатты(мұз)

ѴІ.Оқулықпен жұмыс.

- Мәтін мазмұнын айтып түсіндіру.

Кесіртке шөлді жерлерде қалай тіршілік ететінін әңгімелеу.

Табиғаты қолайсыз, суаттардан алыс жатқан жерлерде тіршілік ететін жануарлар бар.

Кесірткелер шөлді жерлерде көптеп тірішілік етеді. Кесірткелер,тышқандар

өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді.

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып. «Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

Қосаяқ- қосаяқтылар тұкымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобы.

Бұлардың қысқа денесінде үлкен басы, үлкен құлағы және үлкен шығыңқы көздері

болады. Қосаяқтар 3 метрге дейін секіреді.

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

Ақбөкен- сүтқоректілер тобына жатады. Ақбөкендер үйір болып тіршілік етеді.

Олар 10-12 жыл өмір сүреді. Ақбөкендер үшін өте қауіпті жау қасқыр.

Ақбөкендер сусыз тіршілік ете алмайды.

Түйе шөлге өте төзімді келеді. Түйелер қоректенгенде майды өркешіне жияды.

Суға кезіккенде олар шөлін әбден қандырып алады.

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

ѴІΙ.Оқушылармен жұмыс.

  • Оқушыларға оқыту.

  • Іштей оқыту.

  • Дауыстап оқыту.

ѴΙΙІ.Су туралы тыйым сөздерге тоқталу.

- су ішкен құдығыңа түкірме

- судың бетін ашық қалдырма

- түнде суға барма

- суды ластама

- суды үнемде

ΙХ.Суға байланысты мақал-мәтелдер.

1.Сулы жер -нулы жер.

2.Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің.

3.Сумен ойнама,батарсың,

Отпен ойнама,жанарсың.

4.Бұлақ көрсең,көзін аш.

5.Сағасыз су болмас,

Ағасыз ел болмас.

Х. «Кім жылдам» ойыны.

Мына есептерді шығарып,жетпейтін әріптерді жазып,суды қалай үнемдеу керектігін біле

аламыз.

С-8, Т-9, Е-13, Г-5, І-6, Ж-3, А-1, Б-11, Д-10, Ы-4, Ұ-14,М-12

5+4 6+7 4+5 2+4 3+2 4+2

3+5










1+2 7-6 9+2 7+3 3+1

10+4 10+2 1+3 7+2 8-7

Жауабы: Су тетігін жабуды ұмытпа !

ХІ.Сергіту сәті.

Ал,балалар бір ауық

Дұрыс бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса,отырып,

Бұрыс болса,тұралық.

  • Суды жейміз. (тұр)

  • Суды ішеміз. (отыр)

  • Сумен жуынамыз . (отыр)

  • Су қатпайды. (тұр)

  • Су сұйық зат. (отыр)

ХІІ.Шығармашылық тапсырма.

Сурет бойынша ертегі құрастыру.

«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.

ХΙІІ.Семантикалық картамен жұмыс.

Р/с

Жануарлар

тіршілігі

Жарық

Жылу

Су

Қараңғы

1

Тиін

2.

Тоқылдақ

3

Жапалақ

4

Соқыртышқан

5

Кесіртке

6

Түйе

7

Ақбөкен

8

Бұлдырық

ХΙѴ. Сынау (интерактивті тақтадан көрсетіп қоямын).

1. Жануарларға қандай жағдайлар қажет?
а) жарық, су; ә) тас, тау; с) су, топырақ.

2. Шөлге шыдамды жануар?
а) балық; ә) ақбөкен; с) түйе.

3. Жарықсыз не өсе алмайды?
а) су; ә)өсімдік; с) ауа.

4. Жапалақ немен қоректенеді?
а) тышқан; ә)өсімдік; с) су.
5. Сусыз не жоқ?
а) әлем; ә)тіршілік; с) зат.

ХѴ. Қорытынды.

Су туралы өлең оқу

Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Су жоқ болса,тіршілік тамам,бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін,-

дей келе, «Сусыз тірішілік жоқ дейміз» су бар жерде бау-бақша,орман-тоғай,бітік шыққан

егін,маңырыған мал бар.

Сондықтан қазақ: «Сулы жер -нулы жер» дейді.

  • Судың қажеттілігі туралы не білеміз?

  • Суды ішеміз,жуынамыз.

  • Сумен өсімдіктерді,бау-бақшаларды суарамыз.

  • Сумен ас әзірлейміз.

  • Сумен кір жуамыз.

  • Суға жануарлар да,адамдар да шомылады.

Су- тазалық пен денсаулық көзі.Суды үнемдеп,таза ұстауымыз керек.Сусыз тіршілік жоқ.

Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады,ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

Үйге: мазмұнын айту (87-88 беттер)

Бағалау.


«Сусыз тіршілік жоқ» Дүниетану. 3 сынып.



© 2010-2022