Ашық сабақ жоспары 1-10 көлеміндегі сандар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 1-10 көлеміндегі сандар тақырыбы бойынша білім бекіту.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту.

10 көлеміндегі сандардың реті мен құрамы туралы білімді тиянақтау.

Оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, бағалау сабағы.

Көрнекіліктер: слайдтар,цифрлар,оқулық, дәптер,карточкалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.(дұрыс отырғызу,ынталандыру)

Балалар,өткен сабақтарда меңгергендеріңді дәлелдеп,көрсетіп,айтып бере алады деп сенемін. Сендерге жақсы көңіл-күй тілеймін!

2.Сан қатары.(ұжыммен жұмыс)

а) 10-ға дейін тура және кері санаңдар.

ә) Реттік сан қандай сұраққа жауап береді?Реттік бойынша тура және кері санаңдар.

б) 4 санынан тікелей кейін келетін сан

6 санының тікелей алдында келетін сан

2 санынан тікелей кейін келетін сан

8,5,4 сандарының көршілері

в) 1-10 сандарының қандай айырмашылықтары бар?(1-9 сандары 1,10 саны 2 цифрмен таңбаланады)

г) Қалып қойған сандарды жазыңдар.

3.Топпен жұмыс.

а) Салыстыр (теңдік, теңсіздік,тең)

ә) Өрнектер 6+3,1+4,5-4,3-2 (қосынды,айырма )

б) «Кім жылдам?» (Слайд)

в) Санамақ (1-топ 5-ке, 2-топ 10-ға дейін)

*Бір дегенім-бөрік, * Бірден кейін тұрамын,

Басқа кисең-көрік. Бірден кейін тұрағым.

Бірге бірді қосқанда,

Мен шығамын,шырағым.

*Үйімде бар 3 қалам, * 4 дегенім-тымақ,

Үшеуін де ұштағам. Басқа кисең жылы-ақ.

3досымды салдым мен, * 5 дегенім-байпақ,

3балықты ұстаған. Өзі жылы,жайлы-ақ.

*6 дегенім-алқа, * 7 дегенім-жейде,

Мойныңа тақ,қалқа. Киеді көйлек,кейде.

*8 дегенім-сеңсең, * 9 дегенім-телпек,

Жылысы тонның,сеңсең. Болма бала,тентек.

*10 дегенім-оймақ,

Жүрме босқа,ойнап.

4.Теңдіктер.(жекелей бағалау)

а)Теңдіктегі амалдардың атаулары

3+5=8 (қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні)

4-3=1 (азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

ә) «Қандай амалды қоясың?» (слайд)

б) Қосудың ауыстырымдылық қасиеті (есептер шығару)

5.Геометриялық фигуралар.

а) Нүкте,сәуле,бұрыш, кесінді(тақтаға сызып көрсету)

ә) Неше кесінді, неше бұрыш? (геометриялық фигуралардан көрсету)

б) Кесіндінің ұзындығын қандай шартты өлшеуішпен өлшейді?(см)

Дәптермен жұмыс: 5 см,6 см ,10 см кесінділер сызу.

10см неше дм болады? 10см-1дм,1 дм-10см

6. Сандар құрамы. ( 1-10 сандарының құрамын тақтаға жазғызу)

7. Салыстыру. (тақтаға жазылған есептерді дәптерге жазып,салыстыру)

4+2*3+1 6-3*3+2 4+4*9-1 2-1*10-1

8.Жұмбақ есептер.

Аралық жолда тұр еді, Мысықтың 5 баласы,

Жүк вагонның екеуі. Не берсең соны жейді екен.

Тіркелген оған үшеуі. Жалайды қаймақ біреуі,

Дайын болды жүруге, Табыңдар сонда қанша екен,

Екеу және тағы үшеу, Барлық мысық баласы?(6)

Барлығы болды нешеу?(10)

Саусақтарды қолдағы,

Ретіменен санашы.

Айтыңдар,сонда барлығы,

Нешеу болады саусағың?

9.Қорытынды.

10. Бағалау. (Ұжымдық,топтық,жекелей жұмыстар бойынша марапаттау)





Қызықты математика

(1-сыныпта өткізілге білім бекіту сабағы)

Өткізген:Темиргалиева Г.М

2014-2015 оқу жылы



© 2010-2022