Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ақын тілегі. (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты:

14. 03. 2015 ж

1 «Е» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ақын тілегі.


Сабақтың мақсаты:

Үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылатынын білгізу.


Сілтемелер:

1 сынып «Ана тілі» оқулығы Атамұра 2012ж


Күтілетін нәтижелер:

1. Мәтіннің мазмұнымен танысады.

2. Мәтіннің негізгі ойды анықтайды. 3. Жақсы адам туралы мақал - мәтелдің мағынасын ашады.


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

жеке жұмыс, топтық жұмыс, кері байланыс, СТО, АКТ-ны қолдану. Миға шабуыл стр. Түртіп алу.


Қолданылатын материалдар:

Интертақта, слайд, оқулық, Суреттер, қосымша тапсырмалар.


Оқыту технологиясы:

АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер.


Сабақтың жоспары:


І кезең - ұйымдастыру (3 мин)

ІІ кезең - Үй жұмысын пысықтау. (3 мин) Ережені қайталау.

а. Ой қозғау. Д/о. «Үй жануарларына ат қоямыз» (3 мин)

б. Сабақтың тақырыбын ашу

ә. Миға шабуыл ( 5 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру

а. Дәптермен жұмыс 106 - ж (6 мин)

б. Мәтінмен жұмыс

г. Постер (15 мин)

ІV кезең - бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең - Рефлексия (2 мин)

V кезең - үйге тапсырма беру (1 мин)



Іс - әрекет

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.


II.Үй тапсырмасын сұрау: (3 мин)

Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.

Әңгімені мазмұндау. 105-жаттығу

  • Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы анықтаманы кім айтып береді? - Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер? - Мысал келтірейік.

Үй тапсырмасын оқиды, талдайды

Ой қозғау

(3мин)

Д/о: «Үй жануарларына ат қоямыз»

Иттің аттары...

Аттың аттары....

  • Қазақ халқы үй жануарларын бір сөзбен қалай атайды? / Төрт түлік/ . Ендеше төрт түліктің Атасын атаңдар.

Кеспелермен жануарларға ат қояды

Топқа біріктіру

Қамбар ата, Ойсыл қара, Шопан ата топтарына бөлу.

Топқа бірігеді

V. Жаңа сабақ

Миға шабуыл

(5 мин)

- Тақтаға назар аударыңдаршы. Жануарларға ат қойған кезде, жануар аты қандай әріппен жазылады?

- Осыдан келіп қандай ереже шығады? -Өзіміз құрастырып көрелік:


Ереже шығарады

Оқулықпен жұмыс

(5 мин)

Дәптермен жұмыс 106 - ж (6 мин)

«Ой қозғау» Өлең жолдары арқылы жыл мезгілін тап. (Абай өлеңдері арқылы «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым»)


Жаттығу жазады

М.Әуезов туралы қысқаша түсінік беру. Ақын тілегі

1. Мәтінді оқып беру. 2. Сөздікпен жұмыс

3.Әңгімені түсініп оқыңдар.

Тыңдайды, оқиды

ҮІІІ. Постер .

Ойлан- топтас талқыла

(15 мин)


1-топқа - Абайдың ауылы.

ІІ -топқа - Абайға айтылған тілек. Барлас ақын ол тілекті бала Абайға не себепті айтты? ІІІ - топқа -Ақын Абайдың өлеңдеріне суретті сәйкестендір, дәлелде.


Суреттер бойынша постер қорғайды

ҮІІ. Бағалау

(2 мин)

Оқушылар алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша әр жұмыс бағаланып отырады.


Өзін - өзі бағалайды.

Рефлекция

(2мин)

Қазақтың Ұлы ақыны Абай атамызға хат

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қызыл, сары, жасыл жапырақтар арқылы білдіріп тақтадағы плакатқа жапсырады.

VIII. Үйге тапсырма

(1 мин)

107-жаттығу. Ережені жатқа айту.


Күнделіктеріне жазады



© 2010-2022