Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Сынып 1 «Ә»

Пән: сауат ашу

Мұғалім: Г.Т.Конурбаева

Сабақтың тақырыбы

Щ щ дыбысы мен әрпі.

.

Сілтеме

Әліппе оқулығы.Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулық.

Алматыкітап баспасы 2015 жыл.

Жалпы мақсаты Щ щ дыбысы және әрпімен танысады. Қатаң дауыссыз дыбыс екеніне көз жеткізеді .

Міндеті 1. Щ щ дыбысы туралы түсініктері қалыптасады. 2. Көркем етіп жазуға үйренеді. Буындап ,тұтас оқу машықтары дамиды.

3. Бірін-бірі тыңдауға үйренеді. Тілдік қорлары, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамиды.

Оқу нәтижесі

Жұптық, жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды.

Тапсырма-лар

Сынып ережесін еске түсіру , Жуан , Жіңішке сұрақтар,оқулықпен жұмыс,шығармашылық жұмыс.

Құрал-жабдықтар

Стикерлер, Дымбілместің суреті,себет, жемістер,смайликтер,кеспе әріптер,әріп кассасы,буындар, суреттер, жабысқақ қағаздар.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

а)Психологиялық дайындық

Қуан , шаттан,

Қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн достар

-Көңілдерің көтерілді ме балалар?

Енді осындай көңі-күймен сабағымызды бастайық!

Оқушылар сабаққа жинақталады

Қолға-қол,

Иыққа-иық,

Арқаға-арқа,

Аяққа-аяқ сәлемдеседі.

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

2мин

Сынып ережесін құру.

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

Ортақ сынып ережесін шығарады

1.Тыныштық сақтау.

2.Уақытты тиімді пайдалану.3.Бірін-бірі сынамау.4.Сыйластықта болу.5.Белсенділік таныту.6.Сыныптсыңның ойын бөлмей пікірін аяғына дейін тыңдау.

5 -6 мин

Алдынғы білімді қорытындылау.

1. Е е дыбысы туралы алған білімдерін тексеру.

2.Е е дыбысы бар сөздермен сөйлем құрастырту.

3. Шахтер сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Оқушылар Е е дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігі туралы айтады. Сөйлем құрастырады. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

1 2-13 мин







1 мин.

8-9 мин.

1мин

2 мин


1 мин

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту.

-Балалар бугін сабаққа Дымбілмес келді, ол үнемі сендермен жаңа білім алады. Сондықтан Дымбілместің себетін жаңа біліммен толықтырайық.


Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

Тазартады киімді.
Тазартады үйіңді.
Не дейді бұл бұйымды?
( Щётка)

- Балалар щетка сөзінде таныс емес дыбыс бар ма?

Щ щ дыбысының айтылу артикуляциясы.

-Щ дыбысын айтқанда ауыз қуысыңда қандай өзгеріс болды?

а)Щ дыбысын айтқызу. Айтылу ерекшелігі арқылы қандай дыбыс екенін тапқызу.

Оқулықпен жұмыс

Айтылуы жағынан қай дыбысқа ұқсайтынын тапқызу.

ә)І топ. Көкөністен жасалатын дәруменді көже...

( борщ).

ІІ топ. Құрамында тұз көп болса қандай дейміз?... (ащы).

ІІІ топ. Бірі тісті жуады,бірі шаңды қуады...(щетка).

б) -Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?

-Бұл сөздер қазақтың төл сөзеріне жата ма?

г)Мәтінді оқып, таныстырамын.

« Таныс емес әріпті тап» ойынының мақсатын түсіндіремін.

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

Сергіту сәті.

Щетка, щетка, щеткалар

Неше түрлі щетка бар,

Бірі тісті жуады , бірі шаңды қуады.

Бірі киім тазалап,бірі шашты тарайды.

«Жоғалған әріп» ойынының мақсатын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс.

Щ щ әрпінің элементтерін анықтату, жазылу жолын анықтату,ауада, тақтада жазып көрсету. Көркем жазу ережесін естеріне түсіру.Дұрыс отыруларын қадағалау.

Бағалау

Стикер арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Сабақты Дымбілместің себетіндегі алмалар арқылы қорытындылатамын.


Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

Рефлексия

Оқушылармен кері байланыс орнату

Әрбір алған жаңа ұғымдар, сөздер,жаңа білімдерін алмаларға жазып Дымбілместің себетіне салып отырады.

1-алма. Щ дауыссыз дыбыс.

2-алма.Айтылу ерекшелігіне қарай Ш дыбысына ұқсайды.

3-алма.Щ сөздің басында, ортасында, соңында келеді.

4-алма.Көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездеседі.

5-алма.Щ әрпі жазылу жағынан Ш әрпіне ұқсайды.

6-алма. Щ әрпі 4 элементтен тұрады.(3 ілмек,1 ілгек)

7-алма. Щ-негізгі және жоғарғы қосымша жолға жазылады.

щ- негізгі жолға жазылады.

Оқушылар қандай дыбыс екенін табады. Щ щ

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

1.Ерініміз сәл дөңгелене алға қарай жылжиды.

2.Тіліміздің ұшы күрек тістерімізге қарай сәл көтеріледі.

3.Дыбыс еркін шықпайды.

Оқушылар дыбысты айтады . Айтылу ерекшелігі арқылы қандай дыбыс екенін табады.

Қай дыбысқа ұқсайтынын табады.

ә) І топ.Борщ

ІІ топ.Ащы

ІІІ топ. Щетка сөздеріне тақтада дыбыстық талдау жасайды.

б) Оқушылар Щ щ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келетінін және Щ щ дыбысының басқа тілден енген сөздерде ғана кездесетін табады.(СТОҮ)

г)Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіннен Щ әрпін тауып сызады, мәтінде неше рет кездескенін айтады.( 5)

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

« Жоғалған әріп» ойыны арқылы сөздерді табады.(щетка,тұщы,ащы)

Щ әрпінің элементтерін анықтайды, өткен әріп элементтеріне ұқсастығын табады. Щ әрпін жазудағы басталу нүктесін анықтайды Ауада жазып жаттығады. Жазу жолын анықтайды. Дәптердегі үлгі жазуды бастырып жазады.

Өз-өздерін бағалау

Әр қатардан 2-3 оқушыдан шығып сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді.Сауат ашу пәнінен ашық сабақ. Щ щ дыбысы мен әрпі (1- сынып)

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 1 «Ә» сынып мұғалімі Конурбаева Гульмира Таттыгалиевнаның сауат ашу пәнінен «Щ щ дыбысы мен әрпі» тақырыбына өткізген ашық сабағына


РЕФЛЕКСИЯ:


Сабақтың тақырыбы «Щ щ дыбысы мен әрпі». Сабақтың мақсаты: Щ щ дыбысы және әрпімен танысады. Қатаң дауыссыз дыбыс екеніне, Щ щ дыбысы көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетініне көз жеткізеді . 1-сынып болғандықтан сабағымды оқушылардың жас ерекшелігіне сай етіп құрдым. Әліппе кезеңі болғандықтан сабақта көбінесе әр оқушымен жеке жұмыс түрі жүрді. Себебі бұл кезеңде әр оқушының оқу жазу дағдысы жеке қалыптасады. Сабағымда әдіс-тәсілдерді оқушылардың осы ерекшеліктерін ескере отырып қолдандым. Әдеттегідей сабақты психологиялық дайындықтан бастадым. Көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа дайын болған оқушылар сынып ережесін еске түсірді.Алдыңғы білімді қайталау кезеңінде оқушылар « Кезбе шырша» ойыны арқылы Ёё дыбысы туралы алған білімдерін еске түсірді.Қызығушылықтарын ояту мақсатында «Дымбілмеспен бірге үйренейік» ойынын қолдандым. Әр үйренген жаңа білімдерін Дымбілместің себетіндегі жемістерге жазып салып отырды.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету мақсатында жуан , жіңішке сұрақтар қоя отырып , Щ дыбысының айтылу артикульяциясын, дауыссыз екенін,сөздің ортасында,басында,соңында келетіндігін, көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетінін өздеріне тапқызып айтқыздым. Оқулықтағы жаңа сөздермен таныстыру үшін топтық жұмыс ұйымдастырдым. Әр топқа жұмбақ жасырылды, топ жұмбақтың шешуін тауып, сол сөздерді кеспе әріптермен жазып, дыбыстық талдау жасады.Мәтінді оқып, мазмұнымен таныс болғаннан кейін әр оқушы қолдарына қарындаш алып мәтіндегі Щ әрпін сызып, нешеу екенін саусақтарымен көрсетті. Әр тапсырманы орындаған сайын әр оқушы өзінің білімін стикерлермен бағалап отырды. Дәптермен жұмыс кезеңінде « Щ щ әрпі неге ұқсайды» ойыны ойналды. Оқушылар қызығып Щ әрпінің көп заттармен ұқсастықтарын тапты. Жуан ,жіңішке сұрақтарға жауап ала отырып Щ әрпінің алдағы өткен қай әріптерге ұқсайтынын , қай жолға жазылатынын, неше элементтен тұратынын анықтаттым. Жазбас бұрын жазуға қатысты ережені қайталаттым. Осы жұмыс барысында оқушылардың жазу дағдыларының қалыптасқанын байқадым. Оқушылар партада дұрыс отыруды, қаламды дұрыс ұстауды, әріпті оңға қарай көлбей жазуды , ара қашықтық сақтауды,әріптердің биіктігін, әріптерді дұрыс байланыстыруды үйренген. Сабақ Дымбілместің себетіндегі жемістер арқылы қорытындыланды. Кері байланыста оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы белгіледі. Оқушылар Щ щ дыбысы және әрпімен танысты, Щ дыбысын дұрыс айтып, жаза алатын болды. Сабақ мақсатына жетіп, өте сәтті өтті.



© 2010-2022