Түлкі мен Тиін (мысал) Әбдірахман Асылбеков

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы Бекітемін:

Сарыағаш қаласы Мектеп директоры:

«№5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі» З.Ниеталиева

мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Сыныбы: 2 «Г»

Пәні :ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен Тиін»

Пән мұғалімі : Г.Бостанова

Мақсаты: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру , өлеңнің мағынасын түсіндіріп , рөлге бөліп оқыту , Түлкі мен Тиінге мінездеме беру.

Дамытушылығы: Оқушыларды сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету,топпен жұмыс , өзіндік жұмыс істеуге , ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды адамгершілікке , мейірімділікке , еңбексүйгіштікке баули отырып , жаман әдеттерден жирену, жақсы әдеттерді үйрену , мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Ой қозғау , салыстыру , ой -толғаныс пен семантикалық карта

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта , Түлкі мен Тиін иллюстрациясы.

Түрі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Психологикалық дайындық

ә)Оқушы қызығушылығын арттыру

ІІ.Үй тапсырмасы

3-4 оқушыдан үйге берілген «Еліктің лағы» мәтінінің мазмұнын сұрап шығу.

-Аспан қандай ?

-Қандай ауа дене тоңазытады?

-Жалғыз аяқ жолмен қолына не ұстаған , иығына не асынған , беліне не байлаған бір адам келеді?

-Ол кім деген аңшы?

-Аңшы таяғына сүйеніп , қайда өрмелей бастады?

-Беліндегі торсығын шешіп қайда жасырды?

-Таяғын тасқа сүйей салып , қолына не алды?

-Қарсы алдынан бір нәрсе қараңдағандай болғанда ол не істеді?

-Әлден соң таста отырған нені көрді?

-Түймебайдың ызаланғаны соншалық , не істегісі келді?

-Бірақ ашуын неге жеңдіре білді?

-Қайтадан алға жылжи бастаған ол кенет биік шоқы түбінен нені көріп қалды?

-Қуанғанынан екі көзі қайтті?

-Дереу не істеді?

-Елік қаннен - қаперсіз не істеп тұр?

-Аңшы не істеді?

-Не қарауылға ілінді?

-Сол сәтте шоқы тастың арғы жағынан селтең етіп не көрінді?

-Түймебайдың қолындағы мылтық қайтті?

Топпен жұмыс

1-топ: Мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсты тауып оқу, еліктің суретін салу , елікке мінездеме беру.

2-топ: Аңшыға мінездеме беру, мәтіннен аңшының ашуланған тұсын тауып оқу, елікті сипаттау.

3-топ:Мәтін түрлерін ата, тақырыпқа байланысты тыйым сөз айт , суретке қарап өлең құрастыру.

ІІІ.Жаңа сабақ

Жұмбақтар шешу

А)Өзі айлакер , өзі қу,

Жүрген жері айқай шу.

Ә) Бұтақтарға секіріп ,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп ,

Жоғары өрлеп кетеді.

Ой қозғау

-Түлкі мен тиін туралы не білеміз?

Түлкі-жыртқыш аң.Ол інін өзі қазады.Әр күшіктеген сайын 4-6 немесе 12-ге дейін туады. Түлкінің есту , сезу қабілеті жақсы дамыған , бірақ көруі әлсіз. Қыста тышқан аулайды.Ең сүйікті асы - сұр тышқан , көжек , қаз , құр , балықты да жей береді.

Тиін орманда , тоғайда болады. Ол секіруге икемді.Бұтақтан -бұтаққа , ағаштан - ағашқа секіріп жүреді.Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Ол жаңғақпен қоректенеді.Тиінді қорғау керек . Терісінен жаға тігеді.

Қасқыр - мінезі өте жаман , орманда , тауда жүреді. Азулы аң, терісінен тоң тігеді , етпен қоректенеді , өте кекшіл , адамды да жеп қояды , аңшылар атады.

Түлкі

Қасқыр

Тиін

Білетіндерін күн шұғыласына жаздыру.

Мысалдың авторы Ә.Асылбеков- 1- мамыр 1938 жылы Жамбыл облысы ,Талас ауданы , Үшарал ауылында дүниеге келген.Ақын әнге сөз жазады , кейде мысал да жазады.

Мектепте мұғалім , қазақ радиосында әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. 24 жыр кітабын шығарған. « Алтын дән» , «Сиқырлы сыбызғы», «Балбұлақ» ертегілерін жазған . Аңыздар , өлеңдер , сатиралық өлеңдер жазған.

Мысал өлеңді мәнерлеп оқып , сөздікпен жұмыс жүргізу.

Иін - ағаштың , бұтақтың иілген жері.

Қиыр - өте алыс.

Маң - өте жақын жер.

Жайрады-өліпр жатты.

Сергіту сәті

Жабайы аңдар дыбыстаса , қолын шапалақтайды ,құстар сайраса , секіреді.

Топтық тапсырмалар

1-топ: «Тоқсан тоғыз айла» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру.

2-топ: «Тайрандап» сөзінің мағыналас қатарын табу.

3-топ:Мысалға сүйеніп түлкі мен тиіннің сыртқы бейнесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табу.

Дәптермен жұмыс: Сөздерді дәптерге жазу.

Мысалды мәнерлеп , рөлге бөліп оқу.

«Сәйкестендір»

Аңдардың қорегін көрсет: Аңдардың төлдерін көрсет:

Түлкі

Өсімдік

Қоян

Қоян

Бұғы

Сәбіз

Тиін

Балық

Қасқыр

Жаңғақ

Қоян

жаутаң

Аю

қозықа

Қасқыр

қонжық

Түлкі

көжек

Арқар

бөлтірік

Қайсысы не істейді?

Түлкі

ұлиды

Аю

үреді

Қасқыр

шиқылдайды

Ит

шәуілдейді

Тышқан

ақырады

Ситуациялық сұрақ

-Құлап жатқан құстың балапанын көрдің . Ұясы бұзылыпты.Қандай амал қолданар едің?

Сахналық көрініс

Ой-толғаныс

1.Егер түлкі қу ғана емес , әрі ақылды болғанда ,ол …

2.Бізге түлкі ұнамайды,біз оны жек көреміз , себебі ол -…

3.Бізге тиін ұнайды,ол-…

4.Менің түлкіге жаным ашымайды себебі ол-…

Жаңа сабақты бекіту

3 топ түлкі ,тиін, қасқыр туралы жазады

Не? … … …

Қандай? … … …

Не істеді? … … …

Сөйлем … … …

Семантикалық карта

Шығармалар тақырыбы

Еліктің лағы

Бұлбұл мен тоқылдақ

Түлкі мен Тиін

Авторы

М.Қалдыбаев

Оқиға орны

Орманда

Негізгі кейіпкер

Түймебай

Негізгі ой

Мейірімділік

Оқиға қалай аяқталды?

Аңшы елікті атпады.

Үш топ үш тақырып бойынша картаны толтырады.

Қорытынды

-Балалар бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?

-Бұл мәтін өлеңнің қай түріне жатады?

-Мысал деген не?

Бағалау ,оқушыларды бағалау ,топтарды бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Мысалды мәнерлеп оқу , түлкі мен тиін арасында диалог құрастыру,суреттерін салып келу

© 2010-2022