Презентация Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай?

Мақсаты: 1. Ата-аналарға әдістемелік көмек ұйымдастыра отырып ,балаларының оқу сапасымен таныстыру.

2.Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту, бала тәрбиесіне, оқу сапасына жауапкершілігін арттыру.

Көрнекілігі:нақыл сөздер,тапсырмалар .

Сабақ барысы

Кіріспе

Бала- біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес , заңды құбылыс.Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. «Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің» деген. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болуы керек. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім, ал, ұстаздан оқу-білім алады.

Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ алар асуымыз биік.

Балаңыз 1 сынып оқушысы болып үлгерді Ал, сіз балаңыздың сабағын қалай қадағалап жүрсіз ? Күнделікті үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар кездесуде?

Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Балаңыздың бірінші сынып бағдарламасын меңгеруі қалай ?»

тақырыбында тренинг өткіземіз. Өз ойымызды ортаға салып ,пікірлесеміз.

Топқа бөлу

1 топ -ата-аналар

2 топ - 1 сынып мұғалімдері

3 топ - мұғалімдер

Ой қозғау. Ата-аналарға сұрақ.

Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?

Мектептегі педагог-психолог және логопедтің 1-сыныпқа қабылдау кезіндегі тексеру қорытындысымен танысу.

Ата-аналарға арналған тестік тапсырмалар

Ата-аналарға сұрақ .

Осы кісілердің тексеру қорытындысымен келісесіз бе?

1 Жағдаяттық тапсырмалар

1 топ- ата-аналарға Балаңыздың мектепке келуіне бар жағдайды жасадыңыз.Ал, бірақбалаңызда сабаққа деген ынта, зейін жоқ .Сіз неістер едіңіз?

2- топ -1- сынып мұғалімдеріне Бала мектепке келді .Оқу құралының бәрі түгел. Сіз қанша сабақты түсіндірсеңізде ештеңе ұқпайды Ал, сіз қандай жұмыс жасар едіңіз?

3-топ -мұғалімдерге 1 сынып мұғалімдерінің қазіргі таңдағы жүргізіп жатқан жұмыстарына көңіліңіз тола ма?

2 жағдаяттық тапсырмалар

  1. топ Балаңыз әріптерді таниды . Бірақ жүргізіп, қосып оқи алмайды. Үйден қандай жұмыстар жүргізесіз?

2-топ Сіз ата-анаға оқушыңыздың сөздерді жүргізіп , қосып оқуына қандай әдістемелік көмек бере аласыз?

3-топ 1 сынып мұғалімдері қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады деп ойлайсыз?

Қорытынды



Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек.» -деп алаш ардақтысы М. Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесі , білім алуы барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.

Тақырыпты қорытындылай келе ассосация құру.

1-топ Балаңыздың қандай болып өскенін қалайсыз?

2-топ Ата-аналарға берер кеңестеріңіз.

3- топ 1 сынып мұғалімі қандай жұмыстар жасаса сынып белсенділігі артады?

Міне, құрастырған гүлдерімізді қосу арқылы гүл шоғын жасадық.Сол сияқты балаларымыздың саналы ,тәрбиелі азамат болып өсуіне ата-ана,мектеп, мұғалімнің арасында байланыс болуы керек деп қорытындылаймын.



© 2010-2022