Менің елім, байтақ жерім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 3 Сабақтың тақырыбы: Менің туған елім ,жерім

Сабақтың мақсаты:«Менің елім» тақырыбына байланысты сөздерді игеру,

өз ойын толық жеткізе білуге, сұрақ қоя білуге

дағдыландыру.

Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Отаның, елін сүюге баулу, патриоттық сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру,ойландыру,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Амандасу.

    2. Кезекшіні анықтап, сұрақтар қою.

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін нешесі?

  • Аптаның қай күні?

    1. Жаңылтпашты оқу.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.


    1. Фонетикалық тапсырма:

- Балалар, біздің ағылшын досымыз Мэридан бүгін хат келді.

Сәлем, 3 «б» сынып оқушылары. Мен Қазақстанда болдым. Бар Қазақстанда көп өзен, тау, көл.

Тұрады көп ұлт. Мен келеді Қазақстан туралы білгім көп.

Сәлеммен Мери.

  • Балалар, Мэридің хатын оқып, қатесін түзетейік.

    1. Хаттан зат есімдерді теріп, көптік жалғау жалғау

Сынып, өзен, тау, көл, ұлт


  1. Жаңа сабақ.

3.1 Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.

3.2 Жаңа сөздерді игерту.

Ұлт өкілдері - представители национальностей

Салт- дәстүрлер- обычаи и традиции

Танымал- известен

Мұнай- нефть

Көмір- уголь

Тіршілік етеді- обитают

3.3 Мәтінмен танысу.

Қазақстан

Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасында көп ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз дәстүрі, ұлттық тағамдары бар.

Қазақстан - көп елдерге танымал. Бұл- үлкен, бай мемлекет. Елімізде мұнай, көмір өндіреді.

Қазақстанның табиғаты бай. Мұнда түрлі өсімдіктер өседі және жануарлар, құстар тіршілік етеді.

3.4 Әр бөлігін аудару. ( слайд көрсету)

3.5 Сұрақтарға жауап беру.

1) Қазақстан қандай мемлекет?

2) Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

3) Әр халықта өзіне тән не болады?

4) Қазақстанда не өндіріледі?

5) Қазақстанның табиғаты қандай?

6) Мұнда не өседі, нелер тіршілік етеді?

3.6 Отан туралы өлеңмен танысу. 4- жаттығу

Отан

Менің елім, байтақ жерім

Отан с ауырың Отан

Е б ө

н , л

і ңыс ,ңек

Ата ң о а

А д с

Н а ң Отан танаң

Отан- сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан-өлкең, Отан- жыр.

Көтерген көпке ел даңқын.

3.7 2 жаттығу. Сөздерді көпше түрде жаз.

Өлке, тоғай, өзен, көл, ауыл, қала, халық, тау, республика, адам, жер, тағам, ұлт, өсімдік, жануар, құс.

3.8 Мына сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Өзен, ұлт


  1. Бекіту

    1. Сергіту сәті


    1. Дәптерге жазбаша тапсырма орындау. 6-жаттығу

  1. Мен Қазақстанда .... . 2. Бұл- ..... мемлекет. 3. Біздің мемлекетімізде ... ұлт өкілдері тұрады. 4. Қазақстанда ірі қалалар .. . 5. Мен өз елімді ... .

    1. «Отан туралы кім мақал, өлең біледі?» атты тапсырманы орындау


    1. Аудару жұмысын жасау

Действие - әрекет,

Государство- ......

Облако- бұлт,

Национальность- ....

Расческа- тарақ,

Урок - ....

Природа - табиғат,

Часы- ....

Тайна- құпия,

Зеркало- ....

Вода -су,

Флаг- ..

Мальчик- бала,

Город-...

    1. Сөзжұмбақты шешу.


    1. Сабақты қорытындылау. Ақша жинағышқа тиын салып, бүгін сабақта не білгендерін айту.


  1. Үйге тапсырма беру.

    1. 5 жаттығу. Отан туралы 5 сөйлем құрастырып жазу.

    2. Сөздерді жаттау.


  1. Оқушыларды бағалау



© 2010-2022