Оқу құралдары хикаясы сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы


Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету. Сөздік жұмысы: қаламсауыт. Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: Оқу құралдарының суреттері. Оқу іс - әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді. Педагог оқу іс - әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды. Білімнен мол сый - асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Ұшымен қазық торкөзді жазық, Үстінен өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап - дәптерлер, қалам - қарындаштар сатып алады. Дәптермен жұмыс: А.Хамзаұлының "Оқу құралдары хикаясы" ертегісімен таныстыру, әңгімелету. -Жанатбек биыл қайда барады? -Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді? -Жанатбек дәптерді қалай былғады? -Қалам, дәптерлер неге ренжісті? -Атасы немересін қайда апарды? -Мұғалім Жанатбекке не берді? -Жанатбек кітаптарды қайда салды? -Кітап достарына қандай ақыл айтты? -Кітаптың айтқаны дұрыс па? -Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?
"Бірлік болмай, тірлік болмас" - жоғары дауыс, орта дауыс, төмен дауыста айтылады. Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету). Дидактикалық ойын: "Қай зат артық?". Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардан атын атау керек. Тыныштық сәті: Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. "Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!" Парта үстінде оқу құралдары жатыр. Көздерін ашады. Балалар өз ойларын айтады.

Жұмбақтың шешуін тап. Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам) Жазу жазып жалықпаған, жаза - жаза арықтаған. (Бор) Қорытынды: -Мектепте оқыған сендерген ұнайды ма? -Оқу құралдарын қалай ұстау керек? -Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды? -Оқу құралдарын ата.



© 2010-2022