Қош бол қасиетті менің әліппем атты ертеңгілігі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.
Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
І-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
ІІ-жүргізуші: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

І-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
ІІ-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппе оқулығын бітірдік.

І-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі «Қош бол қасиетті менің Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

ІІ-жүргізуші:
Той-той демекші,
Тойға бүгін себепші
Тойда өзі болмаса ,
Ортаға өзі шықпаса .
Қайда сәні бұл тойдың?
І-жүргізуші:
Уа,халайық!
Саханаға шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды ,
Шәкірттермен ортаға.

Хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ертеңгілікке келіп отырған қонақтар, ардақты ұстаздар, қадірменді ата - аналар. Бүгін сіздерге Абай атындағы қазақ орта мектебінің 1 "Б"сынып оқушыларының әзірлеген « Қош бол қасиетті менің Әліппем!» - атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Өтті оқу сан сабақ ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемізбен қоштаспақ.

2 - жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекеге
Қош келіпсіз бәріңіз де
Әліппемен қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз


1 - жүргізуші: Қазақстан елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы ұланбыз.

2 - жүргізуші: Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті, Әліппе!

Мұғалім: - Қымбатты балалар, алғашқы қолға ұстаған Әліппені ортамызға шақырайық. Онсыз біздің тойымыз қызықсыз болар.
Бәрі: - Әліппе (3рет)


Әліппе:
Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңіз мен болам
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.


Жеміске құты толама, Бір бірлеп теріп алмаса? Әп- сәтте шыға қоя ма, Еккен дәнін ойласаң? Білімде сондай қарағым, Біртіндеп сіңер ойыңа, Ұғып ал білім боларын Шам шырағың жолыңда Көлге ойнаған бұлақтың Қайнар көзін көріп пең? Том том қалың кітаптың

Басы болар "Әліппең


- Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.
Ән: Әліппе


-Тук,тук,тук
-Кім бұл ?
-Бұл менмін Почташы Пешкин .1 б сыныбына посылка алып келдім
-Ой,қалай жақсы болды ,бізге ешкім ,ешқашан посылка әкелген емес!
-Жоқ ,мен бермеймін!
-Неге ?
-Себебі сендердің куәліктерің жоқ! Сондықтан бермеймін !
-олай демеңіз міне, сыртында жазулы тұр ғой "Абай орта мектебі 1 б сыныбына" деп.
-Бола берсін бәрбірде бермеймін!
-Жоқ,жоқ,жоқ біздең құжатымыз бар.Ол сынып журналы қараңызшы міне
-Ия,дұрыс екен .Бірақта бәрбір бермеймін .
-Неге?
-Себебі ,сендер жазу білмейсіңдер ,қол қою білмейсіңдер!
-Біз білеміз оқуды да, жазуды да, қол қоюды да.Қәне, балалар кім қол қоя алады?
-Мен -деп бір оқушы қол қойып береді.
-Пошташы-Жақсы сау болыңдар ,мен кеттім мені Простакваша тосып отыр соған барайын деп -
кетіп қалады.
-Балалар ,посылкамызды ашайық па?
-Ия,
ішін ашса шашыраған әріптер екен
Хат бар екен оқимыз ба?
Ия


« - Құрметті балалар мерекелерің құтты болсын! Мен де сіздерге баруға дайындалып, қамданып жатырмын. Әліппе кешінің аяғына дейін барып қалармыз.Әліппені аяқтапсыңдар,алфавитті жаттап алған шығарсыңдар.Мына әріптерді алфавит ретімен қойып шығыңдар.
Көп күттірмей мен де барып қалармын. Сәлем мен "Ақ және Панда аюларың" - депті.

Мұғалім: - Ақ және Панда аюлар риза болу үшін Әліппеден алған білімімізді, өнерімізді ортаға салайық, солай емес пе.
Кәне алфавит білеміз бе?
Хор "Алфавит" әнін орындайық

Мұғалім: Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін:
Әліппе: Жарайды, айтып берсін


1 - оқушы: Нуралы
Әлдиден кейін Әліппе бетін аштым мен,
Бейкүнәмін мен ,бүлдіршінмін мен,жаспын мен.
Әлдиден кейін Анама ұқсап ''Әліппе"
Дүние бетін жөнелдім дейсің танып мен


1,1-оқушы Маржан
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені бітірдім
Бала болдым ақылды.


2- оқушы: Ералы
Әліппем менің Әліппем
А деген бастап әріптен
Сөз құрап, жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен

3 - оқушы:Камшат
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


4 - оқушы:Адилхан
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мүғалім


Ән:Ақылшым мұғалім Камшаттың орындауында


5 - оқушы: Ақнұр
Әліппем менің Әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!

6 - оқушы:Көркем
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

7 - оқушы:Нұрай
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

8 - оқушы:Әнель
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың

9 - оқушы:Ақмарал
Үйретті бізді Әліппе
42 дербес әріпке
Сөз сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке


11 - оқушы:Олжас
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!

12 - оқушы: Ерасыл
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата- ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты ,міне балаңыз


13- оқушы: Жандос
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім

Хор: Әліппе Мұғалімнің сөзі: Алфавиттер шығыңдар Орындарыңа тұрыңдар Бастайық кәне айтысты Жібермейік намысты Ортаға әріп жазылған тәжі киген оқушылар шығады:

А, Ә, Б, Е, Ш, І, О, Ж, С, Т.

1- оқушы: Әдемі
Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының

Сыры неде түсінші?

А деген ол

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол

Әкелер ғой саламақты

Б деген ол

Балалар ғой әдемі

3- оқушы: Алшақ кетпей сондықтан да

Тұрады олар

Алфавиттің басында

4- оқушы: Көркем
Есті бала ержетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған

5- оқушы:Ералы
Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдына

Шығарып мақтаймыз.

6-оқушы
Інілерді ағалар

Ісімен бағалар

Ілер жүлде жарыста

Іркілмеген балалар

7-оқушы:Маржан
Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем астанам

Отан туған ауылым

8- оқушы: Камшат
Жатырқама кісіні

Жатсынбайды түсінген

Жәбірлеме кісіні

Жақсылығың ісіңнен

9-оқушы: Ақнұр
Спорт пен айналыс

Сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс

Сауық пен кинодан

10-оқушы: Нұрай
Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең көкке жетеді

Тәртәпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.

Ән :Әліппе сыры (Ақнұр)

Мұғалім: - Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы алайық!
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер, қадірлеңдер!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!
Ана тілі: - Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?
-Қазақ тілі
- Осы ана тілі немесе Отан туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
Бар
Ән :Менің Отаным


Көрініс :Сауатсыз қояндар.

Ана тілі сөзі: Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.

Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып берейін.. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.

Хормен: Оқимыз, ана- тілі, оқимыз!

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!


Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппемен ұстазға

Бас иеміз құрметпен


Ән:Балапан

Ән :Ертегілер

Би :Адай

Би: Қыздар

Ән :Домбыр

Би: Ча.ча,ча

Мұғалім:
Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.
Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!


Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!


І- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. « Қош бол қасиетті менің Әліппем».(хормен)
Хор :Рахмет саған Әліппе
Құттықтау сөз

Ақ және Папда аюлары кіріп сыйлығын таратып ,билеп береді.

© 2010-2022