Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаБастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаТақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 44-45-жаттығу ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

не істеді? неғылды? қайтті?сұрақтарына жауап береді

Бастауыштың қимыл, іс-әрекетің білдіреді

Баяндауыш



Тірек сызбасы арқылы білімдерін тексеру. Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 47-жаттығуды көшіру.Екі бағандағы баяндауышты тап. оларға сұрақтар қойыңдар. Бірінші бағандағы бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылыпты. Олардың арасына қандай тыныс белгі қойылған. Сол сөйлемдері оқығанда дауыс ырғағымыз қандай болады? Бұдан қандай ереже шығаруға болады? 48-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу. Баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, астын сызып көрсету. Өздерін осы ұлы адамдар туралы тағы не білесіңдер? 49-жаттығудағы мақалдардың бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қою. Көшіріп жазу. 50-жаттығуда бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшалары бар сөйлемдерді теріп көшіріп жазу. Ол- құрылысшы.Ол ауылдың аты - Жаңажол. 51-жаттығу сирек кездесетін атауларды есіңе сақта. ҮІ. Бекіту: 53-жаттығуда берілген ребусты шеше отырып, мақалды табу, баяндауышты айту: Ел іші -алтын бесік. ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады? Баяндауыш пен бастауыштың арасына қай жағдайда сызықша қойылады?


© 2010-2022