Мерекелік ертеңгілік: Бастауышпен қоштасу. (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекелік ертеңгілік «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!»

Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып айтқандай тарыдай болып кіріп, ақыл ойларың толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, әріптестер, оқушылар. Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошаметтеп қарсы алайық,
Бітіруші түлектерді ортамызға.
Вальс (оқушылар қатармен кіреді, вальс билейді).
Мұғалім: Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Б»сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне ес білген шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу» дәстүрлі «Наурыз» тойлары, «Алтын күз» мәнерлеп оқу сайыстары, балалардың есінде. Міне, бүгін біздің оқушыларымыз бастауышпен қоштасып тағы бір жасқа есейгелі отыр және ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсеткелі отыр.
Енді сөз кезегін жүргізушілерімізге берейік.

1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты.

2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

1-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

2-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар алғысымыз көп біздің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл мектептен қаншама адам білім алған. Менің ағамда, апамда, менде осы мектептен білім алудамын. Олай болса мектебімізге арналған әнімізді шырқайық.

Ән: «Сәлем,саған мектебім!»

2-жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

2-оқушы:Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Барлығын төрт жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4-оқушы: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырайың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

6-оқушы: Мектеп үйім, ұстазым менің, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Барлығы :Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
1-жүргізуші: Ұзтаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды таныпқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені белгілі.
2-жүргізуші: Әр шәкіртін баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, - деп бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ғылым иесі ғылымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуіріні күшті жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі, бәрі ұстазда тәлім алады.
2-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекшісінде ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнайық.
1-оқушы: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

2-оқушы: Жарық күннен, жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыстатқан қара жол,
Көз жұмсамда көретұғын белестер.

3-оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай,
Мейірлене қарап қойып біздерге.
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

4-оқушы: Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым, ұлылықты, даналықты,
Ұстаздың ұлағатынан басталғанын.

5-оқушы: Мұғалім, ұстазысың балалардың,
Болашақ ғылымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірде жеткізе алмас бағалардың.

6-оқушы: Кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы еді бір елі айналаңнан.
Мейірің бе ұстаздың жүрегің бе,
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

7-оқушы: Алғашқы ұстаз ерекше дара туған,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалған,
Сағына әркез суретті парақтадым,
Адамның аяулы үні сияқтанып.

8-оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден.

Ән: «Ұстазым»

1-жүргізуші: Иә, біз осыдан төрт жыл бұрын 6 жастағы бала едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттап едік.

2-жүргізуші: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізі бастауыш мектеппен қоштасып орта буынға қосылғалы отырмыз.

1-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстазымыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарады. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа.
1-оқушы: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз,
Әр бетін әліппенің күліп ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

2-оқушы:Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келел алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік кеп.

3-оқушы: Өмірдегі жолымды өзіңнен бастадым,
Есімде менің әріптерді атап-атап айтқаным.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

2-жүргізуші: Осы 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтеріп, санамызға білім нәрін құйған, әр пән ұстаздары да бар. Осы ұстаздар еңбектерін неге айтпасқа.


1-оқушы: Әкеміздей мейірімді құшақ ашып,

Жүресіз Есболат ағай шуақ шашып .

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып.

2-оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкірттеріңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Гауһар апай

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

3 - оқушы: Білімнің байыбына барып терең,

Жұмабай ағай бастап еді тәрбиеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиешімалып келген.

4 - оқушы:

Сөз сөйлесе жарқын - ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой - сананы

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі.

Қолымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Динара ұстазымызға

Алғыс айтады түгелі.

5 - оқушы:

Сыныпқа кіріп келгенде,
Қимылдамас еш пенде.
Индира апай сабағын
Өткіземіз деп- демде

6-оқушы:

Өзге тілді үйретіп, қызықтырып,
Тілімізді орысша жүр ұқтырып.
Рамазан ағай біз сізге,
Рахмет айтып, бас иеміз иіліп..

1 - оқушы: Үйреткен сөз өнерін, қыр-сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын.
Раушан апайға арналар шексіз алғыс,
Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.
2 - оқушы: Байсалды мінезімен бірқалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Қуаныш ағай неткен мықты төзімдісіз,

Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

3 - оқушы:

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың

Күліп жүрер үнемі Марат ағай

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

4 - оқушы: Дене шынықтыру сабағы мектептің

Денемізге саулықты сепкен кім?

Қуаныш ағай бас иеміз сізге де,

Жүгіруді талмай бізге үйреткен.

5-оқушы:Дәмді етіп дайындап,
Ас мәзірін ұсынған.
Аспазшы біздін Айман апай,
Сізге алғыс жолданар.
6-оқушы: Ауырсақ дәрі беретін,
Шақырсақ жүгіріп келетін.
Медбике Жұпар апайға,
Шексіз алғыс жолданар.

1-жүргізуші: Бастауыш сыныпта, жоғары сыныпта өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия, т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендіңдер. Енді осыларға сөз берейік.

1-оқушы: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен,
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілімен қоштасамыз,
Әдебиетпен достасамыз.

2-оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика ол деген.

3-оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын.
Жалғаулар мен жұрнақтар,
Ережесін жаттадым.

4-оқушы: Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бәріде.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.

5-оқушы: Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз шарықтай,
Сәулесін шашқан жарықтай.

1-жүргізуші: Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы.

2 - жүргізуші: Біздің ата - аналарымыз ұстазымызбен бірге оқып, шыдамдылық танытып көп еңбек етті. Бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет!

1-жүргізуші: Ыстық - ау кім -кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек.
1-оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.

2-жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен деп, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» - деген. Алайда анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін.

1-жүргізуші:Дұрыс айтасың. Біз болашақта саналыда, ақылды бала болып өссек ананың басты арманы орындалды деген осы емес пе?

2-оқушы: Дүниеге әкелген ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын аман болшы анашым!

3-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алам, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Жүргізуші: сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.

«Есеп».

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін

Кім сындырды деген сұраққа…

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.


1 - оқушы:Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп ойнап біріміз бен біріміз.

2 - оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр барма,
Бастауышта айтылмаған сыр барма.
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар мәңгі талай жырларға.

3 - оқушы:Бастауышым балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.

4-оқушы:Бастауышым балбұлағым,
Лаулап жанған шам-шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

5 - оқушы:Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

1 оқушы:

Біз нені үйрендік?

1. Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.

2. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.

3. Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.

2 оқушы:Біз нені сүйеміз?

Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

3 оқушы: Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.

4 оқушы: Біз кім боламыз?

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.

1-жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдедіме.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сендерге арнап айтылар тілегіне - дей отырып сөз кезегін ұстаздарға береміз.

Ұстаз тілегі.
2-жүргізуші:Қол жаяйық халайық,
Бата тілеп алайық.
Бастауышпен қоштасып,
Орта буынға барайық. (Бата алу)

Айдана: Біз білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге, тілімізді құрметтеуге, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектеп даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!
Қоштасу вальсі 4 сынып оқушылары.




© 2010-2022