Сабақ жоспары Ауаның құрамы және қасиеттері Дүниетану 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауа қасиеті. Ауа маңызы.

Мақсаты:

Білімділік: Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту. Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сарамандық әдіс,тест сұрақ - жауап әдістері.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру .

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырма,тест,плакат.

Сабақтың құрал жабдығы: тәжірибе жасау құралдары: су,банкалар,

шар,доп,шырпы,стакан,шырақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың сабаққа қатысуына назар аударып,ретке келтіру.

ІІІ. Сабақ мақсатын хабарлау.

Кіріспе бөлім:

Тест ойыны.

1.Дүниетану пәнін оқыту.

-сандар туралы

-сөздер туралы

-табиғат туралы

2.Адам шөлдегенде не қажет?

- тамақ

-су

-жарық

3. Солтүстік пен шығыстың арасындағы тұсты тап.

-Солтүстік шығыс

-Батыс

-Оңтүстік батыс

ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа материал Ауа. Ауа қасиеті.

Сарамандық жұмыс жасалады.

І.Ауызды жауып,танауынды қысып,ішіненсана. Тұншығасың. Сонда адамға дем алу үшін не керек?

-Ауа.

ІІ. Ыстықпен терледің. Салқындау үшін елпідің. Сен ауаны сезесің. Екі қолыңды екі жаққа соз,суда жүзгендей жүз,таза ауа мұхитында жүзіп жүрсін,ол бізді қоршап тұр. Сонда ол адам , өсімдік,жануарлар үшін қажет.

- Ауаны көреміз бе?

-Жоқ.

-Неге?

-Себебі ол түссіз.

ІІІ.Шар үрлейміз. Оның ішінде не толды?

-Ауа. Яғни ол орын алады.

-Ол шарға қайдан келді?

- Ішімізден,яғни адамда ауа болады.

-Дем алу арқылы.

Үш қатарға үш түрлі шар беріледі. Қызыл,көк,сары. Шарларды үріп,ішіне ауа толтыру керек. Бұл жерде ауа қандай түсте?

-қызыл,сары,көк түсте сияқты. Ол шар түсіне байланысты. Ауа түссіз. Себебі шардан шыққан ауа түссіз.

ІҮ.Допты сығайық. Ауа сығылып қайта серпіледі.

Ү.Тәжірибе.оқушының өзіне жасату арқылы ауаның қасиетін тапқызу.Жоғары қиындықта оқыту принципі бойынша. Оқушыға су құйылған стақан,қант беріледі.

Сергіті сәті. Дене шынықтыру пәнімен байланыстыру,дем алу,жаттығуын жасау. Ауызбен дем шығарып,мұрынмен дем аламыз.

ҮІ. Үш шырақты жағайық. Оларды стақанмен,банкамен төбесі ашық банкамен жабамыз.

  • Қайсысы алдымен сөнеді?

  • Неге?

  1. Стақанмен жабылған сөнеді.

  2. Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.

  3. Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса,ауа жанғыш. Мысалы: терезенін екі рамасының ортасында бос орын неге қалдырған?

  • Ауа қалады. Ол жылуды сақтау үшін.

Ескрту: осылай табылған ауа қасиеттерін дәптерге оқушылар жазып,тақтаға плакатты тақтаға ілемін.

Ауа қасиеттері:

  • Жеңіл

  • Сығылады

  • Серпіледі

  • Жанады

  • Жылуды нашар өткізеді

  • Орын алады

  • түссіз.

Ал ауа маңызы туралы не айтуға болады?оқушылармен бірге саналады.

  • Дем алу үшін

  • Жылуды сақтау үшін

  • Суда жүзу үшін

  • От жағу үшін.



Қазақстан - 2030 стратегиясында қоршаған ортаны ластаудан қорғау туралы айтылған. Сендер ол үшін гүл,ағаш,бөлме өсімдіктерін өсіріңдер. Бекіту. Бұл жерде теориялық білімнің жетекші рөл атқаруы принципі бойынша бір минутта тез жауап береді.

  1. Адам немен демалады?/ ауа/
  2. Қызыл шарда қандай ауа бар?/түссіз/
  3. Стақан мен жабылған шырақ не істейді?/сөнеді/
  4. Терезе рамаларының ортасында не қалады? /ауа /
  5. Машина дөңгелегі тесілсе не болады? / ауа шығып кетеді /
  6. Таза ауа қайдан пайда болады?/ өсімдіктен/
  7. Табиғатты құрайтын үш негіз?/ Жер. Су. Ауа./
Үй тапсырмасы.Ауа. Ауа қасиеті. Ауа маңызы тақырыбын түсініп оқу. Бағалау.


© 2010-2022