Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: математика

Күні: 27.01.2016 жыл Мұғалім: Усенова Д.Э.

Сыныбы: 2 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Көпбұрыштың периметрі

Жалпы мақсат:

Көпбұрыштың периметрін табуға үйрету.

Сілтеме:

Математика оқу оқулығы Т.П.Кучер , Ә.С.Акрамова

Оқу нәтижелері:

Оқушылар көпбұрыштың периметрі тұйықталған сынық сызық буындарының қосындысы екенін біледі;

Көпбұрыштардың периметрін таба алады;

Сызғышты пайдалана отырып көпбұрыштарды өлшей алады, сала алады;

Қолданатын материалдар:

Оқулық, флипчарт, , тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Көпбұрыш және оның элементтері (төбесі, қабырғасы, бұрышы) жайлы алған түсініктеріне сүйене отырып, көпбұрыштың периметрін табу

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс, топта талқылау.

ОҮБ: өзін -өзі бағалау парағы

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңбері

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер дереу сонда жан - жағым.

Бірге айтады

.


«Жедел ойлау стратегисы»



Математикалық диктант



Практикалық жұмыс

Периметр ұғымын енгізу

-Балалар қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
(тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, көпбұрыш)
Көпбұрыш дегеніміз не?
Көпбұрыш дегеніміз тұйықталған сынық сызықты айтамыз.

Тіктөртбұрыш дегеніміз не?

Шаршы деп қандай фигураны айтамыз?

Тіктөртбұрыштың қандай қасиеті бар?

Шаршының қасиеті қандай қасиеті бар?

Математикалық диктант
5 ондықтан тұратын санды жаз.
12 - ні 3 - ке арттыр.
20 - ны 2 - ге кеміт.
17 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? 14 және 2 сандарының айырмасы нешеге тең?
30 дециметрді метрге айналдыр.
1 минутта неше секунд бар?
8 бен 5 - тің қосындысы нешеге тең?
12 мен 7 - нің айырмасын жаз.

Сұрақтарға жауап береді



Жауап парағымен өздерін тексереді

Өзін - өзі бағалау парағына бағалайды



Жауап парағы

Өзін - өзі бағалау парағы

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар.
Алдарыңдағы пішіндердің ішінен бұрышы көп пішінді тауып алыңдар.
Қолдарыңа сызғыштарыңды алыңдар. Нөлден бастап барлық қабырғасын өлшеңдер, оны жазыңдар

Енді қабырғаларының ұзындығының қосындысын жазайық.

Дәптерлеріне жазады

Ұзындықтарының қосындысын жазады

Геометриялық фигуралар

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

155 бет 1-тапсырма

Шынашақ қыздың жүріп өткен жолы қандай фигураға ұқсайды?

2-тапсырма Көпбұрыштарды ата.

Тұйықталған сынық сызықтың ұзындығын қалай табады?

3- тапсырма Қандай фигура берілген?

Қабырғаларының ұзындықтарын ата

-Балалар, фигураның барлық қабырғасының ұзындығын табу үшін не істедік?

Оны көпбұрыштардың периметрлерін табу дейміз.

-ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Шынашаққыздың жүріп өткен жолының ұзындығын табады

Көпбұрыштарды атайды

Ұзындықтарының қосындысын табады Тақтаға бір оқушы жазады.

Төртбұрыш

Тақтаға ұзындықтарының қосындысын 1 оқушы жазады. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.

Ереже тұжырымдап шығарады

Көпбұрыштың периметрін табуды үйрену

Оқулық

156 бет ереже

Периметрді латынның Р - әрпімен белгілейді

Р- периметр

Кестеден мысалдарды көрсету

Оқулықтағы ережені дауыстап оқып өз тұжырымдарымен салыстырады

Қысқаша жазуын дәптерлеріне жазады

Кесте

Жұппен жұмыс

4- тапсырма

Әр топқа бір фигураның периметрін табу ұсынылады

Жұптасып геометриялық фигуралардың периметрін есептейді

Бір бірін тексеріп бағалайды.

Топтық жұмыс

Әр топқа кестелер беріледі

5- тапсырма

Белгісіз қосылғышты қала табамыз?

Азайғышты қалай табамыз?

Азайтқышты табу үшін не істеу керек?

Кестені толтырады. Жауап парағымен өздерін тексереді.

Өзін - өзі бағалайды

Басқа топтың жұмысын бағалау

Кестелер

Жауап парағы

Бағалау критерийлері

Топ жұмыстарын бағалау

6- тапсырма

Есепті оқытып, талдау жүргізіледі.

Есеп не туралы?

Не белгілі?

Не белгісіз?

Есепте нені сұрайды?

Оны бірден таба аламыз ба?

Неге таба алмаймыз?

Қай амалды қолданамыз?

Есеп неше амалмен шығарылады?

Сұрақтарға жауап беріп, есептің қысқаша шарты жазады.

Бала арасы -12

Шегіртке -7

Келмей қалды -3

Болды -?қ

Шешеуі: (12+7) - 3 =16 (қ)

Жауабы: 16 қонақ болды

Сыйлады - 22 және 7

Жұмсады-14

Қалды -?

Шешуі: 22+7 -14 =15 (қ)

Жауабы: 15 қағаз қалды

Сергіту сәті

«Балапан» сергітуі

АКТ

Тақтамен жұмыс

8- тапсырма

30+8-5=33 76-4+10=82 60-50-4=6

28-10-9=9 81+6-32=57 90-40-0=50

Оқушылар кезекпен тақтада орындайды. Қалғандары дәптерлеріне жазады

Үйге тапсырма

156 бет №7,10

Бағалау

Қорытынды бағалау жүргізеді

Жиынтық бағаларын шығарады

Бағалау парағы

Кері байланыс

Баспалдақ әдісі

Баспалдаққа өзінің бүгінгі сабақта қай жерде тұрғанын көрсетіп тақтаға іледі

Баспалдақ суреті



© 2010-2022