Математика сабағы. Тақырыбы: Қайталау. Қосу. Азайту. Теңдік

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікМатематика сабағы. Тақырыбы:Қайталау. Қосу.Азайту.ТеңдікҚостанай қаласы № 8 орта мектебі





2008-2009 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Қайталау». (қосу, азайту, теңдік)

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сандар қатарын, санның құрамын,

қосу және азайту амалдарының мағынасы туралы

білім, білік дағдыларын қайталу.

2. Ойлау және сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тест сұрақтары, мақал - мәтел, геометриялық

фигуралар, сөздер, слайдтар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жиын. (балалар дөңгеленіп тұрады, бір - бірінің қолдарынан ұстайды)

  • Балалар, мен бүгін өте көңілдімін.

  • Сендер ше?

  • Біз де көңілдіміз.

  • Әрбір атқан таң шуағы адамға жақсылық, қунаыш алып келеді. Ендеше бір - біріміздің қолымыздан ұстап, жүрегімізден шыққан жылы тілектер айтайық. Мысалы,ақылды бол, кішіпейіл бол, өтірік айтпа, үлкенді сыйла, шыншыл бол, ата-анаңды сыйла, әсем бол, сұлу бол, өжет бол, шыдамды бол, апайды тыңда, еңбекшіл бол ......!

  • ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру:

  • Бүгін балалар, сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақ дегеніміз - топтасып жұмыс істеу. Бұл сабақ бізді ұйымшыл болуға, бір - біріміздің ойымызды бөлісіп, ашық айтуға көмектеседі. Ол үшін біздер топтарға бөлініп, топтың атын, топтың басшысын сайлап алуымыз керек.

І топ - «Қосу» топ жетекшісі - Хамзаев Эмир

ІІ топ - «Азайту» топ жетекшісі - Ермекбаев Бекзат

ІІІ топ - «Теңдік» топ жетекшісі - Сапабеков Жандос

  • Балалар, қазір алдарыңда мынандай сөзжұмбақ тұр. Сол арқылы біз бір сөзді тауып алуымыз керек.

  1. Білім ордасы не болып табылады ? (мектеп)

  2. 5 + 1 неше болады ? (алты)

  3. 3 + 1* 5 - 1 бұл не ? ( теңдік)

  4. Төрт түліктің бірі ? (ешкі)

  5. Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. (мысық)

  1. Заттарды бөліп алғанда, қандай амал таңбасын қоямыз ? (азайту)

  2. Бір жылда неше жыл мезгілі бар ? (төрт)

  3. Жеті қазынаның бірі? (ит)

  4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады ? (кім?)

  5. Өзіне болған қорған,

Орман ішінде бірақ,

Етеді қорбаң - қорбаң. (аю)


Мектеп

М

Алты

А

Теңдік

Т

Ешкі

Е

Мысық

М

Азайту

А

Төрт

Т

Ит

И

Кім

К

Аю

А


  • Балалар, сонымен қандай сөз шықты?

  • МАТЕМАТИКА.

  • Өте дұрыс, ендеше мына ертегіні тыңдаңдар.

  • Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әлемді таң қалдырған Орда болыпты. Оны ақылды, білімді МАТЕМАТИКА басқарыпты. Математика өз ордасына жалқаулар мен түк білместерді кіргізбейді екен. Енді біз осы ордаға кіру үшін, көптеген тапсырмаларды орындауымыз керек. Қане,бастайық. Қай топ өзінің тапсырмаларын тез және дұрыс орындаса, сол топқа қызыл дөңлектер беріліп отырады. Сабақ соңында қай топта дөңгелектер көп болса, сол топ жеңеді.

І - тапсырма: «Класстер құру» (слайдта)

Математика



  • Бұл тапсырмада балалар, осы МАТЕМАТИКА дегенде ойларыңа не келеді? Алдарыңда әр топта конверттер жатыр. Сол конверттің ішінде әртүрлі сөздер бар, сендер тек қана осы математика сәйкес сөздерді теріп жапсыру.

(теңсіздік, қосу, азайту, балалар, қарлығаш, сандар, кері есеп, парта, дәптер, үшбұрыш, төртбұрыш)

  • Балалар, тапсырманы тексеріп көрелік.(слайд көрсетіледі)

ІІ - тапсырма: «Математикалық диктант» (слайдта есептер)

  • Біз тек қана өрнектің мәнін дәптерге жазуымыз керек.

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

3 + 2 4 - 2 5 - 3

5 - 1 2 + 2 4 + 3

7 + 3 6 - 3 10 - 2

4 + 4 3 + 3 5 + 5

Сергіту сәті:

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қапты масқара.

ІІІ - тапсырма: «Мақал - мәтел» деп аталады. Сандарды рет - ретімен қою арқылы бізде мақал - мәтел шығу керек.

І топ:

3

1

2

у

о

қ

5

3

1

4

2

м

л

б

і

і


2

4

1

5

3

6

ұ

а

б

ғ

л

ы

ІІ топ:

5

1

4

2

6

3

ы

о

с

қ

з

у

5

1

3

2

4

м

б

л

і

і


1

3

2

ж

қ

о

ІІІ топ:

4

7

1

5

2

8

6

3

і

і

б

м

і

з

с

л

1

4

2

5

3

к

і

ү

ң

н

2

3

1

о

қ

ж



Тапсырманың шешуі: (Слайдта)

І топ: «Оқу білім бұлағы»

ІІ топ: «Оқусыз білім жоқ»

ІІІ топ: «Білімсіз күнің жоқ»

ІY - тапсырма: «Теңдіктер мен теңсіздіктер» (слайд)

(дәптермен жұмыс)

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

2 * 3 2 * 2 3 * 3

1 * 1 1 * 2 1 * 0

3 * 1 3 * 2 2 * 3

4 * 0 0 * 7 4 * 7

5 * 5 6 * 6 8 * 8

Y - тапсырма: «Математикалық есеп» (магнитофоннан айтылады)

І топ:

  1. Бір - бірімен жарысқан, 2. Шығармақ боп кеше есеп,

Төрт аю, екі арыстан. Жиналғанды бес есек.

Екі қоян, бір түлкі, Үшеуі ұйықтап отырды,

Бәрі нешеу кім білді? Ынталысы неше есек?

(9) (2)

ІІ топ:

  1. Көлден ұшты жеті қаз, 2. Үшеуі аз деп балапан,

Қайтып қонды екі қаз. Қосты тағы үш балапан.

Қонбады оның нешеуі, Табыңдаршы ойланып,

Қане, кім тез шешеді? Қанша болды балапан?

(5) (6)

ІІІ топ:

  1. Бір зіл, 2. Аулада бес үйрек,

Бір піл, Қорада үш үйрек.

Бір құр, Бір үйрек тығылды.

Бір шіл, Бір үйрек жығылды,

Бір гүл, Қалғаны неше үйрек?

Бір ұл, (6)

Қанша болд, біл?

(6)

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып - ұшып алған соң,

Орнымызға қонайық.

YІ - тапсырма: «Құрылысшылар қаласы»

  • Балалар, қазір мына үш топқа бірдей тапсырмалар беріледі. Ол тапсырмада геометриялық фигуралар беріледі. Сендердің міндеттеріңғ осы фигуралардан ұшақ құрастыру. (қайшы, желім, ақ қағаз)

(слайдта фигуралар)

Тапсырмалар:

  1. «Ұшақ» - деген сөзге сұрақ қой.

  2. «Ұшақ» деген сөзді талдайық.

  3. «Ұшақ» деген сөзбен сөйлем құрау.

YІІ - тапсырма: «Тест орындау»

  1. Сөз есеп неден құралады?

А) Жауабы, теңдеуі, сұрағы.

Ә) Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.

2. Қосу амалының компоненттерін тап?

А) Қосылғыш, қосынды, азайғыш.

Ә) Қосылғыш, қосылғыш, қосынды.

3. 1 дм. неше см.бар?

А) 50 см.

Ә) 10 см.

4. Есепті шығар, мәнін тап:

Далада 5 үйрек және 3 қаз жүр. Далада неше құс жүр?

А) 8 құс.

Ә) 2 құс.

5. Азайту амалының компонеттерін тап?

А) Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.

Ә) Азайтқыш, қосылғыш, айырманың мәні.

- Енді бұл орындаған тесттеріңді өздерің және көршіңдікін тексер.

ІІІ. Сабақты қорытындылау:

  • Балалар, міне МАТЕМАТИКА ордасының тапсырмалары аяқталды. Математика бізге өте қуанышты боп отыр. Өйткені біз барлық тапсырмаларын жақсы орындап шықтық. Ендеше, МАТЕМАТИКА өз білім ордасына кіргізетін болды.

  • Енді балалар, біз қай топ қызыл дөңгелекті көп жинағанын санайық. Қай топта көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

  • Өте жақсы балалар, осымен сабақ аяқталды.





© 2010-2022