Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір ел

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі К.М.Бейсембаева




«Бекітемін» ______________

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясының

директоры: Джиренбаева Г.Н.



Тақырыбы: «Қазақстан 2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр»

«Келісілді»_______________

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясының

тәрбие жөніндегі директорының

орынбасары Кенжегулова А.А.


Талдықорған қаласы 2013ж.

Тақырыбы: «Қазақстан 2050»

Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» Мақсаты: 1. Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауымен таңыстыру. 2. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. 3. Отанын сүюге, байлығын қорғауга, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Стратегиясы Жолдауымен таныстыру. Көрнекілігі: слайдтар.Елбасының суреті, мақал-мәтелдер, буклеттер, нақыл сөздер. Барысы: Ұйымдастыру кезені: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Отан оттан да ыстық»- дейді халқымыз. Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел не деген төзімді де қайратты ел, недеген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көтеріледі. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды, Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы, нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар. Қазақстан туған өлкем. Жер көп пе сендей көркем? Көрсін деп күллі әлемге, Жалауыңды желге желпем. Балдан дәмін орманның татып елім, Егемен деп аталды атың елім. Аталардың жан беріп жете алмаган, Орындалсын арманы батыл елім! «Атамекен» әні хормен орындалады.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің ұлттық экономикамыздың азаматтық қоғамыздың қоғамдық келісіміздің өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. Еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностың және діни топтардың келісімі мен татулығы, 1997 жылғы жолданған «Қазақстан-2030» стратегиясының 15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Елбасы жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы балаға бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне «Бала тәрбиелеу болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды. Білім-барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Олар инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балалардың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы болуы. Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт- бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын әріпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян-қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді. Қорытынды: 1. Гүлденген Қазақстан дегенді қалай түсінеміз? Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елбақытты бАшық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елАшық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елолашағы зор дамыған

Гулденген - Қазақстан

Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір ел
Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір ел
тәуелсіз бай халық 2.0йын өткізу. «Мен президент болсам, халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу. «Бүгінгі күнде Ел бақыты» денегді қалай түсінуге болады? «Ел бақыты дегеніміз ұлтың сүйер халқын демер, отаннын құрметтеп, ата - анасын ардықтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдайтың ұл - қыздар болу керек»

  • Ел бақытының белгілеріне нелер жатады?
  1. Білімді ұрпақ
  2. Тәрбиелі ұл - қыздар
  3. Салт - сананы ұстанған ұрпақ
  4. Ата - ананы құрметтейтін саналы ұрпақ
  5. Отанын шын сүйетін патриоттар
Біздің бас қаламыз Астана! Астананың көркеюіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі зор. Астана, Астана Көкем бұл жас қала Өркенде бас қала Қазақтай халқы бар Кеңпейіл салты бар Астана, Астана, Астана! Қазақстан Республикасын басқарып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шықты қарап ой - данадан Бері қарады жұлдыз беті Өзі қалап сайлап алған Елімнің бар Президенті Ол да аямай жанын салды Жету үшін мұндай сыйға Президентің Нұрсұлтанды Көгіндегі тудай сыйла Дені сау, интелектуалды ұрпақ Қалыптастыру САшық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елаяси тұрақты мемлекет Экономиканы көтеру Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елАшық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елқұру


Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар?
Ашық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір елАшық сабақ Қазақстан 2050 Стратегиясы бір халық - бір ел


Тәуелсіздікті ұрпақтан Білімді ұлт қалыптастыру ұрпаққа жеткізу
Хормен: Қазақстан Тумен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты.
Мемлекеттік Гимн орындалады.


© 2010-2022