Дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру жолдары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

қушылардың шығармашылығын арттыру

Категориясы: Ұстаздарға Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№26 мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Батаева Үміткен Еркінқызы

Баяндама
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру.
Кіріспе.
Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті - 2010жыл-ға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын
шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
берер білімнің ғылымилығын арттыру;
алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
оқушысының ой белсенділігін дамыту;
әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі "Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті" деп көрсетілуі, "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында елбасының "біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек" деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында "Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту" өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру»- тақырыбындағы өз баяндамамды ұсынамын.

Негізгі бөлім.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -
бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік,
түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,
дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай - ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой - пікірлері қалыптасады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
10
өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
жолдасының жауабыңа пікір айту;
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
шығармашылық ой - өрісі артады;
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерін негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;
білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;

ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т. б.
10
Шығармашылық сабақтардың өткізу оқушының танымдық іс - әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелермен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.
Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
"Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет".

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе "дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
• оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым - қатынасы ретінде қабылдау.
•Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
• Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
• Оқушылардың өзін - өзі шығармашылық басқаруы;
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
• Ата - аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
• өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
• оқушы дарындылығының моделін білу;
• қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
• дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей
оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
• дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
• дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
• дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
• оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
• дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
• дарынды оқушының ғылыми - ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
• дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай - ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби "бейнесі" мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: "Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады". Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікір таластардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде және іс - әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс - әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді.
Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата - ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.

Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады.
Бастауыш сыныпта «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн - бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген
әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім
ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса,
балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Қайсар атасымен
қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп
жатыр екен.
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір - екі бала былай деп аяқтапты.
Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан - жақтан көмекке
адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз
өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.

Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде
қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға риза -
шылығын білдіріп, қошақан сыйлады.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.
Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Дидардың
құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/
10
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру.
Тақырып бойынша.
Жоспар бойынша
Тірек сөздер арқылы
8. Өлең құрастыру.
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.
13. Рөлге бөліп оқыту.
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,
психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Қорытынды.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың таным -
дық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың "Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы" дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық
қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар - білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4. Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл.
№ 2. 2008 жыл
№5. 2008 жыл
5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
6. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.
Мақалаға белгі:баяндама, бастауыш сынып ұстаздарына, оқушылардың шығармашылығын арттыру


Оқушылардың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асырудың жолдары

Добавить комментарий

Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған мектеп- интернатың
биология пәнінің мұғалімі: Ахметова Г.Е.

Оқушылардың дербес танымдық және зерттеушілік әрекетін жүзеге асырудың жолдары

Ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілерде іздену методологиялық құрылғысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау, ғылыми жұмысты қорғау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы тұлғалық, интеллектуалдық, психологиялық күш жігердің жұмсалуымен сипатталады. Ізденушіден көп мөлшерде назар аударым, ой-сана шоғыры, ғылыми зерттеу методологиясы мен технологиясын білу, ғылыми білімді пайдалана білу ғана емес, белгілі мөлшерде оларды тудыру да талап етіледі. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзіреттілік мазмұнын құрайды.

Мақсаты: дарынды оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу .

Сондықтан алдыма төмендегідей міндеттер қойдым:

  • Дарынды оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, ізденіп білім алуына ықпал ету;

  • Оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру;

  • Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.

  • Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.

Оқытушы тұлғасы оқыту процесінде басты элемент ретінде қарастырылады, осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгереді. Оқытушы пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші.

Жас зерттеушінің құзіреттілігінің құрылуы кез-келген теоретикалық, методологиялық және технологиялық өзара бағыттарымен іске асады. Ғылыми жұмыстың сәтті дайындалуы көптеген әсерлерге байланысты, солардың ішіне зерттеушінің жеке топологиялық ерекшеліктері жатады.

Осылайша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айланысушы іздеу жұмысындағы қойылған тапсырмаларды сәтті шешу үшін аталған жеке топологиялық қасиеттері дамыған болуы керек. Бұлардың технологиялық құзіреттілігінің құрамына зерттеу негізінде ойлау операцияларын мақсатты қолдана білу, әр түрлі зерттеу тапсырмаларын шешу кезінде ақпараттану құралдарын қолдана білу, сараптаманы іске асыру, ғылыми ізденісті орындау , алған білімді мақсатты түрде жаңа шарттарға көшіре алу, дене еңбегі мен ой еңбегін дұрыс пайдалану кіреді. Ғылыми зерттеу жұмысында зерттеушінің іскерлік пен іздену саласындағы шеберлігі маңызды рөл атқарады.

Зерттеушінің құзіреттілігін дамытуда «өзін-өзі оқыту» маңызды рөл атқарады. Өзін -өзі оқытудың мазмұны мен бағытын зерттеуші өз қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты таңдайды. Осы айтылған теориялық пікірлерді басшылыққа ала отырып, дарынды оқушының құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында «Қарағанды қаласы ластануларының өсімдіктерге әсерін зерттеу»тақырыбы бойынша жасалған ғылыми жобамен жұмыс істеу кезеңдері төмендегідей жүргізілді: Жобамен жұмыс істеу кезеңдері.

Жұмыс кезеңдері

Мазмұны

Оқушылардың қызметі, іс-әрекеті

Мұғалімнің қызметі, іс- әрекеті

1. Қызметті , іс-әрекетті ұйымдастыру.

Жобаға ену

Мотивация, мәселені қою, жобаның тақырыбын таңдау, мақсатын анықтау, міндеттерін айқындау.

Мұғаліммен ақпарат туралы әңгімелесіп, талқылайды. Мәселені анықтайды. Болжам жасайды.Мақсатты нақтылайды.

Оқушыны ынталандыру.

Жобаның мағынасымен таныстыру.Мақсат қоюға, міндеттерін анықтауға көмектеседі.

Жоспарлау

Ақпаратты жинау және талдау жолын анықтау.Қорытынды нәтижені ұсыну жолдарын таңдау (есеп беру түрі).

Іс-әрекет жоспарын құрастыру, мезгілін анықтау, нәтижені көрсету формасын таңдау.

Зерттеу тақырыбына байланысты әр топта міндеттерді бөлу.

Идея ұсынады,болжам жасайды.

Оқушыларды пән мұғалімдерінің кеңес беру тобымен таныстырады.

2. Іс-әрекетті жүзеге асыру.

Ақпаратты іздеу

Ақпаратты жинау, аралық міндеттерді шешу.

Керек ақпаратты ғылыми әдебиеттерден, интернет желісінен іздеу, іріктеу және оқу. Зерттеу жүргізу.

Ағымдағы ізденістік, аналитикалық және практикалық жұмыста көмектеседі. Оқушыларға жаңа тапсырмалар береді. Бақылайды,кеңес береді

Нәтижені қорытындылау

Жасалған болжамға байланысты алған нәтижені талдау, жинақтау, қорытындыны тұжырымдау.

Ақпаратты талдайды, тұжырымдайды. Нәтижені сұрыптап жазады, жобаны қорғауға және презентация жасауға материалдарды дайындайды.

Бақылайды. Презентация даярлауда консультациялық және әдістемелік көмек жасайды.

3. Жұмыстың нәтижесін көрсету және бағалау.

Презен

тация

Жоба бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру.

Жобаны қорғайды, талқылауға қатысады.

Тыңдайды, қатысушы ретінде бірізді сұрақтар беруіне болады.

Үрдіске және

жұмыс нәтижесіне баға беру

Жалпы жұмыстың нәтижесін талдау және қорытындылау. Қойған мақсатқа жетудің талдауы. Рефлексия.

Өзін-өзі бағалайды. Жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін талдайды.

Ұжымдық талдау мен бағалауға қатысу. Рефлексия.

Сонымен қатар интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық зерттеушілік қабілетін дамытып отырамыз. Нәтижесінде

  • жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана біледі;

  • интеллектуалдық ойындар барысында жалпы адамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;

  • өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;

  • ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.

  • интеллектуалдық даму деңгейі жоғары , дарынды тұлғалар айқындалады.

Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі…» Мен өз сабағымда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.

Интеллектуалдық ойын барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Сабақта өткізген «Көкпар», «Алтын сандық», «Бәйге», «Биологиялық жұмбақ» , «Білгір биолог» т.б түрлі интеллектуалдық ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен - жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек.

Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.

Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше саралауға болады:

- диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып,

ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;

- тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымдыкөзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау;

- танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру - оларды ғылыми-ізденіс аймағына енгізудің басты жолы.

Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек.

аяндама. Ғылыми жұмыс.

Ғылыми жұмыстың қандай көмегі бар.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқушының өзіндік ізденуі, ғылыми жұмыс пен айналасуы қажетке айналып отыр. Сондықтан оқушылардың белсенділігін дамытып, дұрыс бағыт таңдап, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туындайды.

Оқушыны тұлға ретінде қарап оның таным өрісін кеңеюіне, айналасындағы еңбегін бағалауға белгілі бір нәтижеге жетуге талпынуы ерік күшін талап етеді. Қазақстандағы білімді жаңарту стратегиясына сай концепцияларға қазіргі уақытта білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде біліммен тұлғалық іскерлікке сатылай көшу кезеңі жүріп жатыр.X XІ ғасыр-білімділер ғасыры дей отыра біздің мектепте де білім беруде дамытуға белсене қатысуда. Соның бірі оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне баулу. Зерттеу дегеніміз- жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметтерінің бір түрі болып есептеледі- деп түсінуге болады. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өздік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Бұл пікірімізді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі « ішсем,жесем, ұйықтасам » деген, екіншісі: «көрсем,білсем »,- деген ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді » деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»- деген тұжырымды растайды.

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс обьектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру керек. Осында зерттеу тақырыбы шығады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша жүргізілетін талдаулар мындай өлшемдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді /слайд 1/:

1. Ғылыми және пәндік білімдердің болуы

2. Танымдық тапсыраларды орындауда оны жоспарлау білігінің болуы.

3. Тапсырмаларды орындауда оны алдын ала болжау, нәтижесін елестеу және маңыздылығына сын баға беру.

4. Зерттелетін жұмысқа мақсаты мен міндетіне сәйкес жоспар құру.

Ал мұғалімнің ролі танымдық іс әрекетіне бағыт бағыт бағдар беруде мыналарды ескеру керек.

1. Тапсырмалардың мазмұнын түрін ойлап табу және оларды іріктеуде оқушылардың мүмкіндігін ескеп .

2. Көркемдік шешім табу /образ жасау /модель құру т/б.

Шығармашылық жұмыс істеуін ұйымдастыру тапсырмалардың жоспарлануын және оны жетілдіруге көмек көрсету.

Жоспарлаудың құрамына мыналар кіреді /слайд 2/:

-іс әрекет мақсаттарын құру және анықтау.

-жұмыс логикасы мен ретін анықтау.

-игерген білімі мен жаңа материалдарды байланыстыра білу.

-тапсырмаларды орындауда оның мезгілін алдын-

ала анықтау.

-түрлі варианттар табу.

-жұмыс кестесін құру.

қажетті жағдайларда эксперимент, экскурсия бақылау т/б жұмыс түрлерін жүргізе білу. Мұғалі нақты оқыту ақпаратын беруші, оны оқушылардың меңгеруін ұйымдастырушы және сол меңгеру нәтижесін бағыттаушы позициясын ұстаушы адам ретінде ғана болмайды қайта оқушыға көмектесіп, өзінің білімін беру қызметінің субъектісі болу керек. Ол үшін мұғалім кеңесші, оның өтуіне жаны ауратын сарапшы болуы керек. Осындай жұмысқа оқушының көптеген қасиеттері талап етіледі: білімпаздық,зеректік, талап қойғыштық, іздемпаздық, еңбекқорлық, шабыт, шешімпаздық, мақсаткерлік, белсенділік, қоғамға бағдарланушылық, өмірге белсенді ұстаным.

Осындай жұмысты бастамас бұрын негізгі мақсаты «Жеке тұлғаның қызығушылығын, белсенділігін дамытып, шығармашылық және зерттеу жұмыстарға жұмылдыру».

Бастауыш сынып оқушылары білімді табиғаттың өзінен алуы қажет екендігін көптеген көрнекті педагогтар мен әдіскер, профессор В.Е. Райнов былай деп жазды: «Кітап арқылы емес, саяхаттар, практикалық сабақтар, тірі табиғат мүйісіндегі жұмыстар, тағы басқа жолдармен бірден қатынас жасау арқылы табиғат пен танысу және онымен жақындасу арқылы оқушылар одан бұрын байқамаған көп ғажайып сырларды ашады. Бұл бағыттағы жұмыстар табиғаттың әдемілігін құпиясын байқауға үйретеді. Осы жолмен табиғатқа сүйіспеншілік пен қызығушылық пайда болады».

Ғылыми жұмыспен айналасуға сыныптан Мырзабеков Ғаниетті жұмыс жоспарымен таныстырып, жұмысының дамуына үлес қосуға жоспар құруды жөн көрдім

/слайд 3/.

Жоғарыда атап өткендей ХХІ ғасыр білім ғасыры деп, бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге,сапалы шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болу керек.Сол себептен оқушымен жұмысты жалғастырамын.

1. Оқушы тақырып таңдады.

2. Жоспар құрды.

3. Кіріспе бөлімінің жұмысын бастады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бастауыш сыныптарда Экология тәрбиесі:

Есеналина Нұрбану Төкенқызы

жылдық білім М. Қ. Ермағанбетова 2005-38 бет

3.12 жылдық білім Ә. К Нысанқызы 2008- 65 бет

4.Мұғалім журналы Зозуля 26 бет

5. Бастауыш мектеп 2008-4, 25 бет

6. Бастауыш мектеп 2008-7, 28 бет

2.1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ


Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.

Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау - ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт - бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.

Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;

3.Коммуникативті бейімдеу;

4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:

1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;

4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.

Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі.

Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;

2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;

3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;

4. Мектептің ғылыми қоғамындағыүйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады. .

Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.

Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды. Оқушының дарындылығын анықтауда:

1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.

2. Бақылау

3. Анкета

4. Психодиагностика

5. Социометрия

6. Әңгімелесу

7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс. Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап,психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойлауы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыра арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт - бағдар беріп отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама ғалымдардың балалық шағымен байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел ретінде айтуға болады. Мысалы:Лейбниицтің, Ньютонның, Лобачевскийдің математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол мектепте барлығы үш ай ғана оқыды.

Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен әлемді таң қалдырды.

Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін естен шығармағанымыз да дұрыс. Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:

-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)

- физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,

- демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

- психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,

- профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)

- кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.

Көрсетілген жұмыстар сынып жетекшісімен ата-ана байланысы негізінде мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асады.

Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:

1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;

2. Шешім қабылдайды;

3. Сенімділік туындайды;

4. Өзгелермен салыстырады;

5. Өзін-өзі бақылайды;

6. Жауапкершілік туындайды;

7. Мінез-құлқы өзгеріледі;

8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;

9. Материалдарын жинақтайды.

Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:

1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;

2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;

3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды,өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;

4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;

5.Оқушыға ЖОО -на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;

1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:

1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;

2. Байқауларға қатысу;

3. Іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Мектептермен тәжірибе алмасу.

5. Бақылау күнделігін жазып отыру;

6. Психологиялық материалдар жинақтау;

7. Кітапша құрастыру.

8."Реферат";

9."Портфолио"

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу - баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарындыбаламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;

Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:


  1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.


  2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.


3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.

4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.

Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.

Дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай, оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Оыс тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын ролі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды.

1. Өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілеттілігі: мектепішілік өзін-өзі басқару лидерлері оқушылардың ғылыми қоғамының міндетті мүшесі.

2. Білімнің түрлі жағынан оқушылардың шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын зерттеу.

3. Түрлі деңгейдегі мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және байқауларға қатысу.

4. Жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.

5. Халықаралық көрме, жәрменкелерге қатысу

6. Сынып сағаттарында, сабақтарда ғылым, техника, технология жаңалықтары туралы оқушыларды хабардар ету, ғылыми білімдерге қызығушлығын арттыру.

7. Әр тоқсанда бір рет ОҒҚ жаңалықтары туралы газет шығару.

Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады. .

«Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты» - деп, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатының психологы А.О. Елубаева мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды төмендегідей іріктеген.

«Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар


  • Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;


  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;


  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;


Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

-Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтауға, дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- Дарынды оқушыны зерттеу барысында психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын сауатты жүзеге асыра алуы;

- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай алуы;

-дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

-дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда нәтижеге жете алатындай деңгейде жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушының ата-анасына әртүрлі психологиялық-педагогикалық кеңестер бере алуы;

- дарынды оқушының (жеке және топпен) оқытуға тереңдетілген бағдарлама құрастырып тұрақты жұмыс жасай алуы»

Білім беру мекемелерінде дарынды балалармен жұмыс барысында ОҒҚ-ның алатын ролі ерекше. Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамы жұмысын қалай тиімді етіп ұйымдастыруға болады деген сұрақ туындайды. Бұл әрине, мектепте ғылыми-әдістемелік кеңесінде, ОҒҚ-ның жұмысын оқу ісінің меңгерушісі немесе директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басқаруымен жүргізілетін жұмыс. Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді. Ғылыми-ізденіс жұмыспен шұғылданатын оқушыларды ғылыми жұмыстардың бағыттарымен таныстыра отырып, олардың қай пәнге бейім, қандай бағытқа деген қызығушылығы бар екенін анықтап алынады. Содан кейін барып ізденіс жұмысының тақырыбын анықтау деген мәселе туындайды. Бүгінгі таңда өзекті, әрі оқушының қызығушылығын тудыратын тақырып таңдауың керек. Ол тақырып жаңалыққа негізделген, баланың қызығушылығын дамытатын болуы шарт.




  1. ^ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ



Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу.

Зерттеу - адамгершiлiк қарекеттері формаларының бірі. Оның негiзi өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.

Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері


  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау,
    проблемаларды табу);


  • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);


  • зерттеу тақырыбын тандау (зерттеу шеңберін белгілеу);


  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін
    таңдау);


  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;


  • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);


  • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді
    қолдана отырып, материалдарды жинақтау);


  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу
    нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);


  • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,
    сұрақтарға жауап беру).


Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:


  1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.


  2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.


  3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .


  4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.


Тақырыпты таңдау ережесі:

Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:


  1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;


  2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;


  3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;


  4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;


  5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.


Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі


  1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.


  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.


  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.


  4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.


  5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.


  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.


  7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.


Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:


  • алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;


  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;


  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.


  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;


  • зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.






  1. ^ ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ



Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:


  1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.


Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.


Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:

1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.

3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ].


Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады:


  • Жалпы танысу


  • Бөлімдер мен тарауларды окып шығу


  • Таңдап алып оқу


  • Оқыған материалдардан жоспар құру


  • Окығандардан көшіріп жазу


  • Осыған материалдарды баскалармен салыстыру


  • Окығандар мен жазып алгандарға сыни баға беру


Кезеңдердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс:


  • Әдебиеттерге жалпы шолу


  • Мәтіннен манызды жерін бөліп алу


  • Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу


  • Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.


  • Нақты және толық (цитата)


  • Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді


  • Шынайылық мен нақтылығына назар аударылады


© 2010-2022