Тәрбие сағатыТәуелсіз елдің -ұланымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.

Мақсаты: Желтоқсан көтерелесінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі салтанатты мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіз елдің ұланымыз » атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Зейнеп: Әнұраным-жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі- бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.(балалар орындауында)

Балалар Қазақстан Республикасы біздің сүйікті де ортақ отанымыз, бас ұранымыз, көгілдір туымыз, біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Тақпақтар: Еркеш: Жерің самал, ескен майда,

Тасқындаған егін - жайда,

Далам менің, анам менің

Туған елім - Қазақстан.

Нұрсұлтан: Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда тай ғып өткіземіз

.Тәуелсіздік ұлы күнді.

Ақлима: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы, Ардақты ата мекенім, Отаным - Қазақстаным. Рустем: Тәуелсіздік-ұлы күнім. Тұрсын жайнап төбемде Сен жасай бер мәңгі бақи Қуанышқа бөлен де. Балым: Бостандығым тұңғыш рет Ақ қанатын қаққан күн Әже әлдилеп немересін Басы айналған бақтан күн Сәт: Аласармас аспанымда Күнмен гүлдеп ел өседі Қазақстан аспанында Бостандықтың желі еседі. Берік: Жыр арнадым еліме тебірене Үміт артам елімнің ертеңіне Тәуелсіздік алып Отаным жылдан жылға көркеюде. Батырбек: Туған жерге нұр шашаып жарық берген Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16-желтоқсан шуақ болып

Тәуелсіздік еліме алып келген.

Балалар біз рәміздер туралы не білеміз, айта қойыңдаршы кәне?

1.Қ.Р.Президенті кім?

2.Қ.Р.рәміздеріне не жатады?

3.Бас қаламыз қай қала?

(Рәміздер көрсетіледі) Өте жақсы, ал рәміздер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Айару: Тәуелсіздік жолында,

Талай - талай тер тамған.

Билігін өз қолымда,

Еркіндігім - Елтаңбам.

Балым: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық сабағы.

Сәт: Ақ ниетті алтын кун,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқамның,

Мәртебесі Ту, ары.

Балалар мерекемізді әрі қарай жалғасытырып, әсем ән орындайық.

Хор «Біз өмірдің гүліміз»

Мың бұралған бишілеріміздің қара жорға биін тамашалайық.

Ал енді балаларымыз демалып алсын біз ата -аналармен ойын ойнайық.

Тақырыбы: Тапқыштар
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

Тәуелсіздік -11құралған

Сан ғасырлар боп қазаққа оралған

Талай дана даралардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге арман.

Он бір әріп не мағына береді

Ал талдайық жетеннше қызыл тіл.

Ортаға қолдарына ақ қағаз әріптер жазылған 11 бала шығады.

Мирас:Т - білдіреді теңдікті,

Рустем:Ә - әдептілік елдікті,

Сәт:У- уайымсыз уақытта,

Берік:Е - егемен елдікті,

Олжас:Л - дейді лағып , лепірді,

Батырбек:С - сенімділік секілді ел,

Зейнеп:І - ілтипатпен, ізет қой

Нұрсұлтан:З - зиялылық, тілек қой,

Ақлима:Д - шақырады достыққа

Әділет:І - ілкімді боп сақтық

Балым:К - дейді күн боп сақтыққа,көз алартпа көршілерге,қол сұқпа.

Тақпақтар:

Мирас:Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры.

Олжас:: Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Әділет: Гүл жайнаған Астана,

Қазақстан отаны,

Бірін - бірі сыйлаған,

Туысқандар отаны.

Ханшайым:Тәуелсіздік бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат бүгін.

Жүргізуші: Балалар Тәуелсіздік мерекесін қызықты өткізу үшін ертегілер елінен келе жатқан қонағымыз бар.Міне өзі де жеткен сияқты. Қарсы алайық.Залға әуенмен қимыл - қозғалыс жасап екі аяғына тас байлаған Желаяқ кіреді.

Желаяқ: Сәлеметсіздерме балалар! Мен Жеті алып ертегісінен келген Желаяқпын, аяғым жүргісі келіп тынным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма қазандай тас байлап келдім.

Жүргізуші: Жүгіре жүгіре шаршаған шығарсың, мерекемізді тамашалаңыз!

Желаяқ: Жоқ мен шарашаған жоқпын. Мен балалармен ойын ойнайын . Ойнның аты «Бәйге». Балаларды екі топқа бөліп жарыстыру.Өзім сондай жылдам жүйрік болған соң, сендердің мен сияқты болғанын қалаймын. Балаларға ойынның шарты түсіндіріледі.

Жүргізуші: Желаяқ сенің аяғың щаршаған болар.Қазандай екі тасты шешіп қой.

Желаяқ: Отырып аяғындағы тасты шешеді. Ой ой бекер шештім тасты.Аяқтарым бір жерде тұрмайды екен ғой.Залдан жүгіріп шығып кетеді.

Жүргізуші: Желаяқ жүгіріп,жүгіріп ертегілер еліне жетер.Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.Балалар әрбір шардағы сөздерге мақал-мәтел құрастырайық.

Әрбір шарға жазылған сөздер: бірлік, ел, жер, отан, тіл, туған жер.

1 бала: Бірлік бар жерде, тірлік бар.Зейнеп

2 бала:Ел ердің анасы, отан елдің анасы.Ақлима

3 бала:Туған жердей жер бомас, туған елдей ел болмас.Сәт

4 бала: Отан оттан да ыстық.Батырбек

5 бала: Тіл қылыштан да өткір.Берік

6 бала: Туған жер алтын бесік.Балым

Балалар жарты шеңбер жасап, көгершінді ортаға алып, «Ақ көгершін» әнін орындайды. Ән орындалған соң қолдарындағы шарларын жоғарыға ұшырады.

Жүргізуші:Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.







жерде, тірлік бар

Ел ердің анасы, отан елдің анасы



Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Отан оттан да ыстық



Тіл қылыштан да өткір

Туған жер алтын бесік



Елімнің еркіндігі- Тәуелсіздік



© 2010-2022