Урок по казахскому языкуСөз таптары 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языкуСөз таптары 3 классУрок по казахскому языкуСөз таптары 3 класс4 сынып Қазақ тілі Сабақ № 75 Мерзімі:28.01.15
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік. 80-85 жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларды көмектес септігінің жалғауларын' оларға қойылатын сұрақтарды меңгерту.Сөйлем ішінен осы септігіндегі сөздерді таба білу дағдыларын меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын. Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қима қағазар,видео. Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Ү. Қорытындылау, бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: «Қимылдар» ойынын ойнату Балаларға қойылған сұрақтарға балалар сөзбен емес қимыл арқылы көрсетуі керек. 1 Салеметсіздерма? (балалар бастарын иіп қимылдайды) 2 Көңіл күйлерің қалай? (балалар бас бармақтарын жоғары көтеріп,көлденең қойып немесе төмен тусіру арқылы білдіреді) 3 Ауа райы қандай бүгін ( күн ашық болса қолдарын жоғары көтереді,күн бұлтты болса қолдарын белдеріне қояды,жауын шашынды болса алақандарымен төбелеріне үйшік жасайды) 4 Бүгінгі сабаққа дайынсыңдарма?( алақандарымен шапалақтайды) Үй тапсырмасымен жұмыс:. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.Әр топ өзеріне берілген септіктерді берілген сұрақтары бойынша жауап береді. 1 топ зат есім: атау және ілік септігі 2 топ етістік: барыс және табыс септіктерін 3 топ сын есім: жатыс және шығыс септіктерін

4 топ сан есім: ілік және табыс септіктерін
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

  1. Атау септік
  2. Ілік септік
  3. Барыс септік
  4. Табыс септік
  5. Жатыс септік
  6. Шығыс септік

1. Ерекшелігі 2. Ережесі 3. Сұрақтары 4. Жалғауы 5.Сөйлемдегі қай мүшесі қызметін атқарады
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. «Сөйлейтін сандар» ойынын ойнату

СӨЙЛЕЙТІН САНДАР.


63



35

24


81

36


56

28

45

ө

т

м

к

к

е

е

с



4 × 9 = 9 × 9 =

7 × 9 = 7 × 5 =

4 × 6 = 8 × 7 =

7 × 4 = 9 × 5 =
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті. Терме диктант ( әт топ оздеріне керекті септіктегі сөздерді көшіріп жазады) 1 топ зат есім: ілік септігі 2 топ етістік: барыс септік 3 топ сын есім: жатыс септік 4 топ сан есім: шығыс септік

Алмастың, бақшаға,ұяда,Алматыда, суға,Кітаптың, аспаннан,шағаланың,мектепте,сызғыштың, радиодан,бесікке,аттан,әжеге,оқушыда,автобустан (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.) Ережені оқушыға оқытып түсіндіріп кету.

Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? Кімдермен? Немен? Нелермен? Деген

сұрақтарға жауап береді. Көмектес септіктің жалғаулары: -мен' -бен' -пен.

Сөйлемде тұрлаусыз сөйлем мүшесі болып тұрады

80-жаттығу. (дәптермен жұмыс)

  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

  3. Қай септікте тұрғанын айт.

81-жаттығу.( жеке тапсырма)

Мақалды жатқа жаз.

Мағынасын түсіндір.

Немен? Сұрағына жауап беретін сөзді тауып, жалғауларды тиісті белгімен белгіле.

82-жаттығу. Адасқан сөздерді орнына қойып, сөйлем құра.

Олардың қай септікте тұрғанын айт.(жұптық жұмыс)

Сергіту жаттығулары.( видеоролик көрсету)

83-жаттығу. (Тақтамен жұмыс)

  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  2. Сөйлем мүшесіне талда.

  3. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.

Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады. Апай Гүлсіммен ұзақ әңгімелесті.

Әсия терезені таза шүберекпен сүртті. Марат театрға атасымен келді.

84-жаттығу.

  1. Мәтінді оқы.( кітаппен жұмыс)

  2. Көмектес септіктегі сөзді тап.

  3. Мәтінге ат қой.

Пысықтауға берілген жаттығу жұмыстары.


  1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.( әр топқа кесте таратылып беріледі)

  2. Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып' олардың жалғауларының астын сыз.

Тоғжан Сәулемен тез достасып кетті. Ағашты арамен кестім. Үйдің қабырғасын

балшықпен сыладым. Олар пойызбен кетті.

Мақалдарды оқып' мағынасын түсіндір.( әр оқушы қол көтеріп мақалдың мағынасын түсіндіреді,көмектес септігіндегі сөздерді табады,сұрақ қояды)

1. Желмен жарыспа' көлеңкеңді қума.

2. Тіліңмен жүгірме' біліміңмен жүгір.

3. Таспен ұрғанды аспен ұр.

Сөйлем мүшесіне талда. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.(әр оқушы бүгінгі тақырыптан нені түсінгенін айтып жазады)

Көмектес септік.



Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Үйге тапсырма: Ереже жаттау . 85-жаттығу. Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып' сөйлем құра. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.


© 2010-2022