Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Шана

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Шана. Гүлбаршын Әзімбаева

Мақсаттары:

  1. Мәтіннің мазмұнын ашу, өмірмен байланыстыру;

  2. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту;

  3. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Сабақтың типі:аралас сабақ

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудары.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Қардың түрлерін ата.

Қардың ұзақ жатуынан әжей неліктен қорқады?

Өлеңдегі «қардың басы» дегенді қалай түсінесің?

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.Жұмбақ шешу

Қыстай жегіп қос атты,

Көктем щыға босаттым.

Қыста тұзақ сызалады,

Жазда ілулі тұрады.

Қыстың қай мезгілінде қар жауады?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыстағы басты мерекені ата.

Жаңа жыл шыршасының кейіпкерлері кімдер?

Қыста далада өмір сүретін жансыз адам?

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

Сөздік.

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Шанасы жоқтығына неліктен Жәнібек бұртиды?

Жәнібектің сөзіне неліктен әкесі сасқалақтап қалды?

Сергіту сәті.

VІІ. Білімді бекіту кезеңі. Дәптермен жұмыс.

Сөз тіркестерін дұрыс орналастыр.

Оянып алды, терезе алдына келді, сыртқа үңілді, бұртиды, сатып әкелді, балаларға ілесті.

Жұмбақ шешу.

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

Отқа жанбайды,

Суға батпайды.

VІІ. Үйге тапсырма.Мәтінді оқу, мазмұндау. 75 бет.

Қорытынды: бағалау



© 2010-2022