Конспекты по родному языку на тему Р. Босилек Жақсылардың жақсысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

3 «а» сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы

Р. Босилек. Жақсылардың жақсысы

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. Интернет желісі

Жалпы мақсаты

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, жақсылардың жақсысын еңбекпен, біліммен табатынын түсінеді, әңгімеден өз ойларын қорытып айтуға жаттығады.

Күтілетін нәтиже

Әңгімемен таныса отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді; мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Негізгі идеялар

Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылатынын түсіну

Тапсырмалар

«Ой қозғау» әдісі «Джигсо» әдісі Жұмбақ шешу. Сөздік жұмыс

Сызба толтыру.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Күлімсіреп,сәттілік тілеп,

Біз сабақты бастайық. Оқушыларды өздерінің ұнатқан түстері бойынша топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Ұшқыш болғым келеді» өлеңін сұрау, қорытындылау. (5 минут)

Ұшақ түрлерін біліп келу

ІІІ. «Ой қозғау»

Жұмбақ шешу

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар. (ұршық)

Сөзі - дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң- шешен,

Ақылы асқан көсем. (кітап)

Тоқыған ауы -

Шыбынның жауы (өрмекші)

Қызыл бояумен жазылған сөздерді дауыстап оқы. Оларды қалай түсінесің?

ІV.Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

«Джигсо» әдісі бойынша мәтінді оқу, мазмұндау

Сөздік жұмыс

Шыр байланар - үлкейер

1. Сергіту сәті.

Сызба бойынша еңбек пен білімді сипатта. Осы күн көздерін қандай түске бояр едің? Неліктен?

Конспекты по родному языку на тему Р. Босилек Жақсылардың жақсысыЕңбекКонспекты по родному языку на тему Р. Босилек Жақсылардың жақсысы Білім Конспекты по родному языку на тему Р. Босилек Жақсылардың жақсысы

VІ. Жеке жұмыс.

Сызба толтыру

VІІ. Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....

Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені.......

Оқушыларды бағалау. "Өзіндік бағалау" әдісі арқылы бағаланады.


Кейінгі оқу

Мәтінді мазмұндау

Үйдің сызба- жобасын қағазға түсіру



© 2010-2022