Конспект урока + Презентация по познанию мира на тему Өсімдіктердің көптүрлілігі (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№12 орта менктептің бастауыш сынып мұғалімі

Дусембаева Убираның қысқа мерзімді сабақ жоспары

19.02.16

Дүниетану

3 «Б» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің көптүрлілігі.

Жалпы мақсаты: Оқушылардың білімін арттыра отырып, өсімдіктердің көптүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, білімдерін тереңдету. Өсімдіктерге қамқорлықпен қарауға, оларды күтуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1. Өз пікірін айта білуге, өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады

2. Өсімдіктердің алуан түрін біледі.

Сілтеме:

1. Дүниетану пәнінен оқыту әдістемесі 3-сынып.

2. 3-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы.

К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетов, Қ.Аймағамбетова.

3. «СТО білім үдерісінде» әдістемелік құралы.

Негізгі идеялар:

Шығармашылық қиялын, ой - өрісін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, слайд, интерактивті тақта, аудиожазба, А3 қағаз, стикер, маркер, түрлі өсімдіктердің суреттері, дидактикалық ойындар, кесте.

Оқыту әдістері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері(жеке, жұптық, топтық жұмыс) 2.АКТ модулі(слайд, аудиожазба)

3.Сын тұрғысынан ойлау модулі («Кластер», «Семантикалық карта», эссе)

Тапсырмалар:

«Сурет құрастыру»дидактикалық ойыны, кестені толықтыру.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту (10 мин)

Ұйымдастыру бөлімі

(1 мин)



Тапсырма(9мин)


Психологиялық дайындық.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

Оқушылардың көңіл-күйлерін «Басбармақ» әдісімен анықтау. Қағаз қиындыларын алып 3 топқа бөлінеді де, қиындылардан сурет құрастырады. Суретте не бейнеленгенін және ол туралы не білетінін айтады.

Сабақтың тақырыбын анықтайды, суреттерді салыстыру арқылы ойларын тұжырымдайды. «Өсімдіктердің көптүрлілігі».

Өсімдіктердің атауларының орысша, ағылшынша нұсқасын сұрайды.

Оқушылар өлең жолдарын бірге айтып, көңіл-күйлерін «Басбармақ» әдісімен көрсетеді. Әркім өз тобына барып суретті толықтырады.

Суретте ағаш, бұта, шөп бейнеленген. Әр топтан жеке жауап береді, өсімдіктер туралы не білетіндерін айтады.

Қайың-береза, betula

Емен- дуб,quercus

Жусан - полынь аrtemisia.

ІІ. Мағынаны тану

(20 мин)

Тапсырма

(5 мин+9 мин+4 мин)

Сергіту сәті (2 мин)

«Кластер» сызба бойынша жұмыс. Өсімдіктердің ерекше белгілері, қажеттіліктері, өсу ортасына бейімделуі туралы білімдерін жинақтайды, тапсырмаларды орындайды.

Конспект урока + Презентация по познанию мира на тему Өсімдіктердің көптүрлілігі(3 класс)Топтары Қажеттілігі

Ерекшелігі Өсу ортасы

Оқулықта берілген мәтінді бөліктерге бөліп, оқиды, қосымша деректермен сызбаны толықтырады.

«Ауылым» (бейнежазба)

«Семантикалық карта»

бұта

шөп

ағаш

үйеңкі

таңқурай

ақбота

Дәптермен жұмыс

Аталған өсімдіктердің атауларын жазып алу.

Берілген тапсырманы топ болып орындайды, талқылайды, постер жазады.

Топтары: ағаш, бұта, шөп.

Қажеттілігі: жарық, жылу, ауа, су, қорек.

Өсу ортасы: сулы, таулы, орманды, шөлді.

Ерекшелігі: сабағы, діңі, тамыры, жапырағы, гүлі.

Өлеңде аталған өсімдіктерді атайды: қайың, шырша, арша, терек.

ІІІ. Ой-толғаныс

(15 мин)

(6 мин +6 мин)

Рефлексия(2 мин)

Бағалау

Эссе жазу(3 мин) Суретпен жұмыс
«Тест»

Критерий бойынша бағалау.

Стикерлер арқылы сабақтан алған әсерлерін «Тілек ағашына» жазып желімдеу.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы айту.
─ Сабақтан өзіңе қандай құнды материал алдың?

- Бүгін алған білімдеріңізді өмірде қалай қолданасыңдар?

─ Топ ішінде қалайша жұмыс жасадың?
─ Сабақ ұнады ма?

Критерий бойынша бағалау.

Жеке жұмыс жүреді, бір-біріне оқып береді, үздік жұмысты топтарға ұсынады.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын оқушылар өздерінің қолының суретіне жазып желімдейді.

Оқушылар өздерін бағалайды (тест нәтижесі бойынша)

Үй тапсырмасын беру (1 мин)

Мәтінді оқып, түсінігін айту.

Өсімдіктер туралы қосымша деректер жинақтау, өсімдіктердің атауларын 3 тілде жазу.

Үй тапсырмасын белгілеп алады.



© 2010-2022