«Менің Астанам» тіл дамыту, мектепалды даярлық тобы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жас Астана қаласының

ерекшеліктерімен таныстыру.

Қазақстанның астанасы

Астана туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Астана қаласындағы мәдени

орындарды естеріне сақтау

қабілеттерін қалыптастырып,

Астана жайлы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілік: Туған өлкеге, елге, Отанға, еңбек

адамдарына деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтын көрнекілігі: Суреттер (әрбір балаға бір-бірден)

Қазақстан картасы, көрсеткіш.

Сабақтың барысы: Балалар біз қандай республикада

тұрамыз?

  • Иә дұрыс айтасыңдар.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

Балалар: Қазақстан астанасы қай қала?

Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер

ме? Кім айтады?

  • Ал біздің президентіміз кім?

  • Ал балалар бәріміз орнымыздан тұрып, әнұранды айтайық.

  • Жақсы балалар.

  • Астананы көзбен көргеніміз, теледидардан тамашалағанымыз бар ма?

  • Қане, қандай қала айтайықшы. Біздің Қызылорда қаласына ұқсай ма? Ұқсастығы жайлы әңгімелеу.

  • Дұрыс балалар, бүгінгі зәулім көрінісі мен қатар, тарихи жағынан да ұқсайды. Себебі Қызылорда қаласы 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған. Енді осы астанасы жайлы әңгімелесу үшін оны картадан тауып алайық. Қане кім таба алады?

  • Біз көріп отырған суретімізде Қазақстан Республикамыздың бас қаласы-Астана

  • Балалар, біз жаңа айтып кеттік біздің астанамыз Астана қаласы деп. Бізге астана туралы сурет бойынша кім әңгіме айтып береді.

  • Мен Астана қаласында болдым. Онда менің ағам, тәтем тұрады.

  • Сен астанаға кіммен бардың?

  • Мен астанаға апаммен бардым.

  • Онда сен не көрдің?

  • Мен Астанаға апаммен қыдырып, қала орталығын әдемі көшелерін, би аталардың ескерткіштерін көрдім.

  • Жасарған, жаңарған Астана туралы ақындар өлең жазды, Астана туралы кім тақпақ айтып береді?

  • Жақсы балалар жарайсыңдар.

  • Ал енді, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Оң қолымда 5саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

Оң аяқта 5 бәшпай,

Сол аяқта 5 бәшпай,

Қосып едім екеуін

Болып шықты 10 бәшпай.

Енді балалар «Кім жүйрік» ойынын ойнаймыз.

А лматы

С емей

Т араз

А қтөбе

Н арынқол

А тырау

Балалар Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Ал енді, осы өзіміздің қаламыз туралы сурет салайық. Сендердің көпшілігің жазда ата-әжелеріңнің ауылына барасыңдар? Жайлауды көргендерің жайында өз қалауларың бойынша сурет салыңдар (тау, күн, қозы, лақ, үй, гүл, ағаштың суреттерін салады).

Астана, ауыл, жайлау, төлдер жайындағы ұғымдарын, суреттерін мадақтаймын.

  • Қазақстанның Астанасы қай қала?

  • Қай күн Астананың туған күні деп аталады?

  • Астана қаласында қандай ғимараттар орналасқан?

  • Астана қаласының көшелері үйлері қандай?

  • Астана қаласындағы қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?

  • Балалар, Астананың құрылған күні қай күн?

© 2010-2022