«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жиынның тақырыбы: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!»

Жиынның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі жиынымыз Жеңістің 70 жылдығына, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы-дей келе келесі сөз кезегін 3 «А» сынып оқушыларына беремін.

1)Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.(О.Дастан)

2)Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.(С.Ескендір)

3)Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.(Қ.Мәлика)

4)Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!(А.Дана)

5)Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!(А.Елнұр)

6)Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.(С.Әлішер)

7) Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.(Т.Сабина)

(Көрініс С.Айзат)

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім - жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!


  1. 22 маусым 1941 жыл-соғыстың басталуы. (Н.Ануар)

  2. 1941 жыл маусым айы -Брест қамалын қорғау.

  3. 1941- 1944 жылдар аралығы-Ленинградты қорғау.

  4. 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл-Москва үшін шайқас.

  5. 17 шілде 1942 жылдан - 2 ақпан 1943 жылға дейін-

Сталинград үшін шайқас.

  1. 5 шілдеден - 23 тамызға дейін 1943 жыл-Курск шайқасы.

  2. Тамыз- желтоқсан айлары 1943 жыл-Днепр үшін шайқас. (Д.Ділназ)

  3. 16 сәуір- 8 мамыр аралығы 1945 жылы-Берлин операциясы.

  4. 9 мамыр 1945 жыл-Жеңіс күні. (А.Мадияр)

9)Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.(Ж.Көркем)

10)Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.(Ж.Азамат)

8)Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.(Б.Аружан)

Ән хормен

«Атамекен»

1)Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазагымның алақаны деп білем

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

2)Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

Қайырмасы:

3)Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайырмасы:

Мұғалім: міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды. Осымен жиынымыз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға рақмет!

© 2010-2022