Х дыбысы мен әрпі. 1в сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Дамбы селосы

Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Супыгалиева Камшат Маратовна

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.

1в сынып

Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Хх дыбысы мен әрпін таныстыру.Х дыбысынан келетін сөздерді жазу мен оқуға үйрету. Сөздерді буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату. Дамытушылық: Х дыбысына қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой- өрісін, сөздік қорын тілін дамыту. Тәрбиелік: Х дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Жаңа білім беру. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету,әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер, кеспе әріптер, буындар, кеспе әріптер,буындар, кеспе әріптер, баспа, жазба түрі, интерактивті. Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз

  • Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жәй сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі тұр.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
  • Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады?
Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту. «Жарыс» мәтінін оқу, әңгімелету. Ю дыбысы дауысты дыбыс. Ю- дыбысы -й+у дыбыстарының қосындысынан тұрады,жазғанда ю әрпімен жазылады.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
  • Ю дыбысынан келетін сөздерді атаңдар?
  • Ю дыбысы қандай дыбыс?
  • Аю сөзіне дыбыстық талдау жаса?
  • Ою сөзіне сөйлем ойла?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі «Қарада» жоқ «ханда» бар «Қағазда» жоқ «хатта» бар Кәне ойлап көрейік, Бұл әріпті кім табар? Х х дыбысы Балалар бүгінгі жаңа сабағымызда Х х дыбысы және танысамыз. Х дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс, х дыбысы сөздің басында, ортасында, кей сөздерде сөздің аяғында кездеседі. Баспа түрі-Хх, жазба түрі-Х х Араб, парсы, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Адам аттарында сөздің басында кездеседі. Шах- сөзінде сөздің соңында кездеседі. Кәне бәріміз х дыбысын айтып көрейікші. Х-х-х (2-3 рет) айтқызу. IV. Оқулықпен жұмыс. Хат- алыстағы жақында тұратын екі адам бір- бірімен жазбаша түрде хабар алғызады. Хор-20-30 адамның бірге қосылып, ән айтуын хор деп атаймыз. Хорды әншілер айтады. Хан- ел билейтін адам. Ертегіде ханның уәзірлері болады. Қазақта Абылай, Жәңгір деген хандар болған. Хабар- теледидиардан көреміз.

Халат - киім Хадис - құран сөзі Шахмат- ойды дамытатын спорттық ойын Саяхат- серуенге шығу. Хаттама - іс-қағаз, әр салада жазылатын іс-қағаз. Халел - кісі есімі Хадиша- қыз есімі Тахауи - кісі есімі Ребус шешу

Кітап х ана Кітапхана мәтінімен жұмыс Кітапхана Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан апай - кітапханашы. Ол маған кітап берді. 2-3 оқушыға мәтінді оқытамын. Мәтінді неше сөйлем бар. Мәтінмен жұмыс жүргіземін. Балалар біздің мектепте де үлкен кітапхана бар. Онда біздің мектептің оқушылары барып кітап оқиды. Кітапханада Райгүл мен Дариға апай жұмыс жасайды. Балалар ертең сендерде әліппені бітіргеннен кейін кітапханаға барып балаларға арналған кітаптарды алып оқисыңдар. V. Сергіту сәті. Жаздық, жаздық бәріміз Талды әбден қолымыз Тағы қалам аламыз. Әдемі етіп жазамыз. VI.Дәптермен жұмыс.

Ауада х әрпін жазу. Балалар дәптерімізді бүлдірмей партада түзу, отырып, дәптерді партаға көлбеу етіп жазамыз. VII. Ойын «Жалғасын тап» Ем- хана Дәрі- хана Шебер-хана Ас-хана Дәм- хана Ұста-хана Кітап-хана VIII. Ойлан тап. Жұмбақ шешу Аяғы жоқ жүреді. Аузы жоқ сойлейді. (Х) Хат тасушы өлеңі ОЛ жатқа біледі қаланы, Бар көше, бар үйге барады. Біздің де үйді ол табады. Күнде кеп есікті қағады. Ағама, Тәтеме, Атама, Әжеме, Көкеме, Апама Көп-көп хат келеді алыстан- Достардан, тумадан, таныстан. ІХ. Тақтамен жұмыс. Суреттегі балаға қарап сөйлем ойлау. Хамит хат жазды.

Буындық талдау жасау.Хамит-сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х. Сабақты қорытындылау. Балалар бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық. Х- дыбысы мен әрпі Х дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз қатаң дыбыс. -Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? - Несімен ұнады - Түрлі ойындар болды, қызықты өтті. -Келесі сабақтан не күтесіздер? - Көп білгіміз келеді,қызықты өткенін қалаймыз. ХІ. Мадақтау ХІІ.Үйге тапсырма Кітапхана мәтінін оқып келу.























© 2010-2022