Тақырыбы: Тілім менің - өмірімнің айғағы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Тілім менің - өмірімнің айғағы. Мақсаттары: Оқушылардың Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне , туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу. Көрнекілігі: Тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. 1-айналым. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің». 2-айналым. Шығармашылық айналым. 3-айналым. Поэзия минуты. 4-айналым. Қорытынды түйін. 1-топ. Біздің ұран: Сүйемін туған тілді, анам тілін. Біздің ән: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Мұғалім: Ана тілі қазағымның қаймағы,

Тілің сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайыс болып,

Жұлдызды сәт тілеймін.

2-топ.

Біздің ұран: Тіл бар жерде өмір бар.

Біздің ән: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

1-айналым. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің».

Сұрақтар қойылып, пікір алысу 1-2 топ бойынша өткізіледі:

  1. Ана тілі деген не ?

  2. Ана тілін құрметтеу дегенді қалай түсінесің?

  3. Елбасымыз Н. Назарбаевтың қазақ қазақпен қазақша сөйлессін дегенін қалай түсінесің?
  4. Орыс тілін білу қажет пе?
  5. Ағылшын тілін оқығың келе ме?
  6. Тіл туралы заңдардан не білесің?
2-айналым. Шығармашылық айналым. 1. Тіл туралы 1 шумақ, 2 топтан 2 оқушы өлең оқиды. 2. Бұл кезде тіл туралы мазмұнды ойлар айтады. 1-топ. 1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы. 2. Өз тіліңді білу өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу - өмірден алған ең үлкен сыйың. 3. Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың. 4. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру

- әрбір қазақ отбасының жүрегі. 2-топ. 1. Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. 2. Сөйлей білу - үлкен өнер. Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. 3. Ана тілінде сөйлеу, мәдениеттіліктің әдептілік өлшемі болып табылады. 4. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке киімім көк, тамағым тоқ болсын деп емес, ұлттық қасиетін мәдениетін, тілін, дінін сақтап қалу үшін ұмтылады. 1-оқушы: Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты,

Талпынып Алтынай,... шықшы кәне,

Қонақтар қошеметпен қол соғады.

3-айналым. Поэзия минуты. Топ жетекшілері үйден дайындап келген тіл туралы өлеңдерін жатқа айтады. Мүшелері бір шумақтан тіл туралы өлең оқиды. 1-топ. 1. Ана тілім - ар тілім

Жанардағы жарқылым, Жүрегіңде сақталған,

Ән жыры бол халқымның.

2. Айналайын халқымнан,

Айналайын даңқыңнан.

Ана тілдің бағасы,

Қымбат екен алтыннан.

2-топ. 1. Құндағында бесіктің,

Ана тілін үйрендім.

Сол арқылы бой жазып,

Азамат боп өсіппін.

2. Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

4-айналым. Қорытынды түйін.

1-топ. 1. Өнер алды қызыл тіл.

2. Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

3. Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

4. Тіл буынсыз, ой түнсіз.

5. Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

2-топ. 1. Тіл қылыштан өткір.

2. Бал тамған тілден у тамар.

3. Басқа пәле тілден.

4. Тіл тиексіз.

5. Шешеннің тілі - шебердің бізі.

Мұғалім: Тәуелсіз Қазақстан ұланы өз елі, өз жері, Отаны туралы не айтар екен?

«Атамекен» әні хормен айтылады.

Мұғалім:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол.

© 2010-2022