АШЫҚ САБАҚ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АШЫҚ САБАҚСабақтың тақырыбы: Бала Абай

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өздігінен ізденуге баулу,ұлы ақын Абай Құнанбаевты жазушы Мұхтар Әуезовті таныту.

Сабақтың міндеті:

  1. Абай өмірі, опың балалық шағы туралы түсінігін кеңейту.

  2. Олардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

3.Өз ойларын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға тәрбиелеу.

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технологиясы,Сыни тұрғыдан ойлау, Проблемалық оқыту

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Жұппен оқу және талқылау,әңгімелеу,сұрақ-жауап, болжау әдісі

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті және форматты қағаздар, маркер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу ,Ана тілі

Күтілетін нәтиже: Берілген тапсырмадағы мағлұматтарды игереді

Өз ойларын еркін айта алады ,дәлелдей алады

Абайды таниды.

Уақыты

Жұмыс түрі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

9-05

9-07

Ұйымдасты ру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберін жасау.Сәлемдесу.

Шаттық шеңберін жасайды,оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі .

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.

9-07

9-10

Топқа бөлу

Стикерлер таратылады,өздеріне ұнаған түстерін таңдайды. Стикерлерде сөздер жазылған.(Талап, Еңбек, Рахым,Қанағат)

Бұл кімнің өлеңі?

Оқушылар түстерді таңдайды,

Топтарға бөлінеді.Өлеңнің шумағын айтады,кімнің өлеңі екенін табады.

9-10

9-13

Үй тапсырмасын сұрау.

Топтарға тапсырмалар беріледі

  1. Топ 1.Өлеңді мәнерлеп айт. 2.Алғашқы қоңырау өлеңін кім жазды?

  2. топ.1Өлең шумақтарын айт.2 .Ілесіп сол қоңырау үніменен қалай түсінесің?

  3. 3-топӨлең шумақтарын айт. 2.Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесің?

  4. Топ.1.Өлең шумақтарын айт.2.Ғафу Қайырбеков туралы не білесің?

9-13

9-15

Жаңа сабаққа кіріспе.

Топтарға ребус беру. Жауабын табу.Шыққан сөзді талдау.

Абай Құнанбайұлы жайлы мәлімет беру.

Балалар ребусты шешеді,Абай туралы білетінін ортаға салады.

Абай туралы мәлімет алады.

Тақырып кім жайлы екенін біледі.

9-15

9-17

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

«Абай жолы» кітабын білесіңдер ме? Ол кітаптың авторы кім?

Сұраққа жауап іздейді, ойланады,ақылдасады,болжайды.

9-17

9-20

слаидтар

Экраннан М.Әуезов,А.Құнанбайұлының суреттері көрсетіледі,мәліметтер беріледі.

Оқушылар біледі,мағлұмат алады.

9-20

9-28

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді бөлімге бөліп береді.

Оқушылар жеке оқиды, жұппен орындайды, топпен талқылайды

9-28

9-30

Проблемалық сұрақ

Абайды неге ұлы ақын деп атаймыз?

Оқушылар ойланады, еске түсіреді, жазады.

9-30

9-33

Сергіту сәті

Үйретеді, шартын түсіндіреді, бақылайды.

Белсенділік танытады, қызығады, жасауға әректтенеді.

9-33

9-38

Дәптермен жұмыс

Түртіп алу стратегиясы бойынша мәтіннен түсінбеген сөздерін жазу.

Оқушы ойын ашық айтады,өз пікірін білдіреді.

9-38

9-40

Жинақтау сұрағы

Сабақты қорытындалау

Абай кім? Постер құрау.Топтарға сұрақтар беру.

Оқушылар өз түсінгендері бойынша айтып дәлелдеме келтіреді.

1-топ.1.Мәтінде кімдер туралы айтылған?2Абайдың әжесінің, шешесінің аты кім?

2-топ.1.Бала Абай нені ерекше жақсы көреді екен?

3-топ.Экрандағы суретке зер сал.Кімдер бейнеленген?2. Олар отырған үйді сипаттап көр.

  1. Әжесі мен Абайдың арасындвғы болған оқиғаны әңгімеле.

4-топ.Бала Абай» әңгімесінің авторы кім?

2.Бала абайға мінездеме бер.

9-40

9-45

Топтық бағалау

Оқушыларға өздерінің қай дәрежеде екендігін білдіретін алма ойыншығын ұсынады

Оқушылар өзін-өзі бағалайды, сабақты түсінгендерін білдіреді.

9-45

9-47

Кері байланыс парағы

Нені білемін?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Балалар өздерінің не білгендігі жайында,нені білгісі келетіні жайында парақтарға жазып іліп кетеді

9-47

9-50

Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқу. Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құру.

Тапсырманы белгілеп жазып алады.



© 2010-2022