Жолда жүру ережесіне негізделген ашық тәрбие сағаты. 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағатының тақырыбы:



Бағдаршам- менің ең сенімді досым.



Сынып сағатына қатысушылар: ата-аналар және

сынып оқушылары,мектеп инспекторы,

полиция қызметкері

Сынып сағатын ұйымдастырып өткізуші:

Ергалиева М.А.

Сынып сағаты өткізілген мекеме: №24 «А»

бастауыш қазақ мектебі





Қостанай қаласы 2011







Бағдаршам - менің сенімді досым! Мақсаты: балаларға жолда жүру ережелерін үйрете отырып бағдаршам, бағдаршамның түстерін, көшеден бағдаршамның қандай жарығы жанғанда өту керектігін, көшедегі әрбір белгілер туралы кеңірек мағлұмат беру.

Барысы: Полиция қызметкері: Балалар, біздің қаламызда кішкентай, өте ақымақ Қоян өмір сүреді екен. Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті. Ол кезде қоян не істеді. Қоян: маған жол ережесін білу қажет емес. Сендерге бір құпия айтайын. Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез келген жерден зу етіп жүгіре шығамын. (Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті. Бұл жағдайды көрген жол сақшысы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалды. Полиция қызметкері: Салеметсіздер ме? Бұл «жедел жәрдем» бе? Қоянды жолда жеңіл машина қағып кетті. Тез келсеңіздер екен жағдайы өте нашар. («Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі). Полиция қызметкері: Ұзын құлақ сұр қоян ай! Қайғы жамылдың ау! Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр, Қоян? Қазір сені тексерейін. Қоян: Аяғым ауырып жатыр. (Айқайлап жылап жіберді) Полиция қызметкері: Жылама, шыда, Қоянжан! Бағдаршамға қарап жол ережесін сақтағанында мұндай пәлеге ұрынбас едің. Дәрігер , қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма? Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп,ауруханаға жатқызамын. («Жедел жәрдеммен» дәрігер қоянды алып кетеді). Полиция қызметкері: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті. Біз жолдан өткенде бағдаршамға қараймыз ба? Бағдаршам дегеніміз не? (Ортаға бағдаршамның үш түсі болып балалар шығады).

«Бағдаршам»

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!»

«Сақта!»

«Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

Ә. Тобылбаев.

Бағдаршам - көше қозғалысын реттейтін шам. Оны Дж.Найт ойлап тапты. Алғашқы бағдаршам 1868 жылы лондонда орнатылды және ол қолмен басқарылды.

«Бағдаршам» Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Біліп алдым мен де: Жасыл жанса демде, Алға кетем лезде. Сары жанса сабыр, Сақтай тұрам әзір. Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай. (Жасыл, сары, қызыл сөздерін айтпай тастап кету. Балалар қолдарындағы бағдаршамның түстерімен айтылмай кеткен сөздерді көрсетіп отырады). Полиция қызметкері: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып қоянның көңіл күйін білейін. (Осы кезде бағдаршамның шамдары ымыраға келмей дауласты). Қызыл шам: Мен мықтымын! Егер қаласам, машина адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. Сары шам: Жоқ, мен күштімін! (Бағдаршам бұзылып қалады.) Жасыл шам: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін! Полиция қызметкері: Бұл не деген айқай шу? (ысқырады) Балалар: Бағдаршамның шамдары дауласып жатыр. Полиция қызметкері: Біз бағдаршамсыз қалай өмір сүреміз? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. (Балалар хормен өлең айтып бағдаршамның шамдарын жақтыртып, жол сақшының көңілін көтереді). Хормен: Дауласуды қояйық, Жарықтарды жағайық! Бағдаршам ау, бағдаршам, Достасып тату болайық! Полиция қызметкері: Рахмет сендерге, достарым! Менің сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар! (Осы кезде хат тасушы Қояннан хат әкеліп береді.) Қоянның хатын сендерге оқып берейін. Құрметті менің достарым! Балалар, мағам көмек қажет! Ауруханадан шыққан соң үйіме қалай қатарымды білмей миым қатып отыр. Себебі мен жолда жүру ережесін білмеймін. Тағы да ауруханаға түскім келмейді. Өтініш: көмектесіңдерші! Сәлеммен Қоян. (Жол сақшысы, балалар болып қоянды аурухананың алдында тосады.) 1 оқушы: Аманбысың, Қоянжан! Қорықпаған сен жолдан. Үйретеміз барлығын, Боламыз біз «Ботақан». 2 оқушы: Мына тұрған бағдаршам, Қызыл, сары, жасыл шам. Кезекпенен жанады, Ұғып алғын, Қонжан! 3 оқушы: Қызыл түсі жанғанда, Баспа қадам сен алға! Сары түсі жанғанда, Дайындалып тұр мұнда! Жасыл түсі жанғанда, Жорта бергін сен жолда! Полиция қызметкері: Қоянжан, енді сен бағдаршамды, оның түстерін, жаяу жүргіншілер жолын ғана білдің. Сен білмейтін көшедегі белгілер жайында біздің «Ботақан» тобының ақылды балалары жақсы біледі. 4 оқушы: Қоян, мен саған жұмбақ жасырамын. Күндіз түні жанамын, Дабыл беріп бәріне. Үш түрлі түсім бар, Белгілі жас пен кәріге. (Бағдаршам) (Көшедегі белгілерді Қоянға таныстыру). Полиция қызметкері: Қоян, енді біздің балалармен ойын ойнайсың ба? «Жылдам тап!» ойыны (Балалар жол ережесіндегі белгілерді жылдам тауып көрсетеді.) Қоян: Балалар, сендерге үлкен рахмет! (Қоянды ортаға алып балалар хормен ән айтады.) Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз. Көмекке де жараймыз, Міне, біздер қандаймыз! Қоян: Сау болыңдар, балалар! Полиция қызметкері: Балалар, Қоянды қол бұлғап шығарып салайық! Сау бол, Қоянжан! Қорытынды: (Сұрақ жауап арқылы пысықтау).










© 2010-2022