Конспект урока Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу.

Мақсаты: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді толық меңгерту,ойлау қабілеттерін арттыру,адамгершілікке, сауаттылықа, салт-дәстүрді қадірлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: қазан,қима қағаздар, есептеулер,жазылған сөздер.

Сабақтың барысы:

Амандасу: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар,қазір бізде қандай мезгіл?

- Көктем

- Көктем айларын атаңдаршы?

- Наурыз,сәуір,мамыр

- Ал,енді осы наурыз айында қандай мерекелер бар?

8 Наурыз,аналар мерекесі және 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып түн қысқарады. Самарқанның көк тасы ериді. Мұсылман халқында 22 наурыз жаңа жылдың басы болып есептеледі.

Мұсылман халқы кімдер? (татар, қазақ, башқұрт, өзбек, қырғыз, тәжік және т.б.)Осы Наурыз мерекесінде мұсылман халқы ерекше тағам дайындайды.

- Сендер оны білесің дер ме?

- Кім айтады?

- Қандай тағам?

- Наурыз көже

Осы Наурыз көжені дайындауға 7 тағамның түрін қосамыз. (күріш,бидай,тары,кеспе,ет,май,сүт).

-Алда Наурыз мейрамы келе жатыр,ендеше,мерекеге арнап наурыз көже пісірейік. Ол үшін бізге қазан керек, ол бізде болу үшін бізге мынандай тапсырмалар орындау керек.

8 х 8 7 х 9 6 х 9

8 х 9 5 х 4 9 х 7 (есептеулер қазан артында болады)

  • Міне қазан да дайын. Енді су мен тұз салып, қайнағалы тұрған суға ет салу керек.

1 - тапсырма.(Ет) Жаңа сабақ.

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу.

234 х 2 468 : 2

Түсіндіріп болғасын етті қазанға салу

2 - тапсырма.(Бидай). № 2,1,2 бағ.

Екі оқушы тақтада

Екі оқушы орнында

132 х 3 396 : 3

100 + 30 + 2 300 + 90 + 6

300 + 90 + 6 = 396 100 + 30 + 2 = 132

423 х 2 846 : 2

400 + 20 + 3 800 + 40 + 6

800 + 40 + 6 = 846 400 + 20 + 3 = 423

3 - тапсырма. (Тары). №3 теңдеудішеш.

Бір оқушы тақтада, қалғандары орнында.

Х + 25 = 8 х 5 52 - х = 64 : 2 х - 27 = 100: 2

Х + 25 = 40 52 - х = 32 х - 27 =50

Х = 40 - 25 х = 52 - 32 х = 27 + 50

Х = 15 х = 20 х = 77

15 + 25 = 8 х 5 52 - 20 = 64 : 2 77 - 27 = 100 : 2

40 = 40 32 = 32 50 = 50

Сергіту сәті:

Қаз қанатын жайды

Аққу мойнын созды

Үйрек келіп қонды.

4 - тапсырма.(Кеспе).№4

1-ші науқас - 15 минут

2-ші науқас -? 3 есе кем, 35 мин.

3-ші науқас дәрігерде - ? уақыт болды.

1)15:3=5(мин)

2)35 - (15+5)=15(мин)

5 - тапсырма.(Күріш). Өздік жұмысы. №5

38+3-7=34 38-3+7=42 12+6:2=9

38-3-7=28 38+3+7=48 12:6-2=0

6 - тапсырма.(сүт-май)

Бекіту.(Қима қағаздағы тапсырмаларды орындау)

121х3 363:3

100+20+1 300+60+3

300+60+3=363 100+20+1=121

323х2 646:2

300+20+3 600+40+6

600+40+6=646 300+20+3=323

Наурызкөжедайынболды.

Қорыту:Балалар, бүгін біз сендермен математика сабағында нені үйрендік?

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтіп және бөліп үйрендік.

Бағалау:Оқушылардың аттарын атап, бағасы айтылады.

Үйге тапсырма. №4(ә), 151 бет





№ 25 негізгі жалпы білім беретін мектебі



















АШЫҚ САБАҚ

3 «А сынып»

Тақырыбы: «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу»

















Өткізген:Бекмагамбетова С.Н.

























Қостанай қаласы

2013жыл



© 2010-2022