Дүниетану пәнінен сабақ әзірлемесі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүткенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Рамазанова Марал Капашевна

Қысқа мерзімді жоспар.

Дүниетану 1-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың жазғы еңбегі

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік: қоршаған дүниенің әртүрлілігі және әдемілігімен таныстыру.

Дамытушылық: зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: топ ережесіне бағына отырып, қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: ОмОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСОжО, ОБжК

«топтастыру»

Оқу нəтижелері: Қоршаған дүниенің әртүрлілігін, әдемілігін байқайды. Зерттеудің қарапайым тәсілдерін меңгереді.

Бағалау: Өзін, бірін бірі, топтық, "бес саусақ"

Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма

Негізгі дереккөздер: Альбом, қарындаш, табиғи материалдар

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мин

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Тақырыпқа шығу. Бейне роль. «Жаңбырды алғаш көрген бүлдіршін»

Бала жаңбыр жауып жатқанын қалай сезді?

Табиғатта болып жатқан өзгерістерді қалай білеміз?

Біз сіздермен «Топсеруен» ге шыққанбыз. ???

Сәбидің жаңбыр жауғанын алғаш рет бақылап тұрғанын айтады.

табиғаттағы өзгерістерді бақылау керек деп тұжырымдайды.

Операционалдық-орындаушылық кезең

10 мин

- Балалар, біз топсеруенде тоғай ішінде болдық. Нелерді көрдік деп ойлайсыңдар?

- Ендеше бұл сабақта мақсатымыз не болмақ?

1. Сабақтың негізгі міндеті:

2. Сыныпты 3 топқа бөлемін. Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің суретін (карточка) 12 оқушыға бөліп беремін. Ағаш суреті І-топ, бұта ІІ-топ, шөптесін өсімдіктер ІІІ-топ.

3. Өздеріне жұмыс обьектісін таңдайды. Суреттер арқылы жұмыстар

«Білу» тапсырмалары.

І-топ ағаштар: Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар? Діңін қарап, оның түсін анықтаңдар. Ағаштардың діңінің көлемдерін салыстырыңдар. Жапырақтардың түсі қандай? Олардың пішіндері қандай?

ІІ-топ бұталар: Бұталарды қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?

ІІІ-топ шөптесін өсімдіктер: Өсімдіктердің ішінен шөптесін өсімдіктерді тауып, оларды ағаштармен, бұталармен салыстыр. Олардың қандай айырмашылығы бар?

Тоғай ішінде не көргендерін, нені бақылау керек екенін болжайды, мақсат қояды.

Балалар жалпы айналадағы өсімдіктерге бақылау жасайды.

10 мин

«Түсіну» тапсырмасы. Тыныштық сәті. Балалар адамдардың жазғы еңбектерін бақылайды. Содан соң не байқағандарын әңгімелейді.

Адамдардың жазғы еңбектерін бақылау.

5 мин

«Қолдану» тапсырмасы.

І-топ: Жансыз табиғат пен жанды табиғаттың арасында қандай байланыс бар?

ІІ-топ: Адамдар қандай жұмыстар атқарады?

ІІІ-топ: Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі?

Әңгімелесу. Топ ішінде пікір алмасып, қорғайды.

Постер құрып, оны тақта алдында қорғау.

10 мин

«Талдау» тапсырмасы.

І-топ: ауылда, ІІ-топ: қалада, ІІІ-топ мектептегі жазғы жұмыс түрлерін жазу,суретін салу.

«Мозайка» стратегиясы. Басқа топтан не әкелдің? Сұраққа топпен ақылдасып жауап іздейді? Басқа топты «Бес саусақ» әдісімен бағалатамын.

Сурет салу жұмысы. Балалар естерінде қалғандарын, бақылағандарын сурет түрінде салып көрсетеді.

Топтарда бір оқушы қалады. Қалғандар басқа топқа барып, мәлімет әкеледі.

3 мин

«Синтез» тапсырмасы.

- Қоршаған орта қайтсек таза болады? Әр топ өз жобасын ұсынады. Басқа топты «Смайликтер» арқылы бағалау.

«Бағалау» тапсырмасы. Бүгінгі жасалған жұмыс түрлерін жинау.Ойын дәлелдету.

Әр топ өзара ақылдасып бір пікір айтады. Басқа топ мұқият тыңдап, бағалайды.

Рефлексия кезеңі

2 мин

9. Бүгінгі сабақ қорытындысын шығару.

- бақылағандарың бойынша сені қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады?

- сен табиғаттың жақсы досы бола аласың ба? Ол үшін не істейсің?

10.Үй тапсырмасы: Жазда қандай ағаштар мен бұталар гүлдеп, жеміс салады? Осы сұраққа жауап жазып келу.

Табиғаттың барлық мезгілі, барлық тіршілік иесі маңызды екенін бағалайды.



© 2010-2022