Классный час Шебер қолдар //умелые руки//

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шебер қолдар» сайысы

Сыныбы:3 а

Тақырыбы: «Шебер қолдар

Мақсаты:
1.Оқушыларға қолөнермен жалқау адамның жолдас бола алмай -тындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығу шылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу.Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.
2.Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту.
3.Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батылдыққа,еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, нұсқау беру, талдау
Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз,түрлі-түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи материалдар, сүлгі т.б.
Көрнекілігі: Балалар шығармашылығынан көрме,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Топ намысын қорғауға
Топтпар шықты ортаға -,деп сайсымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

Енді осы қызықты сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейін.
2 «а» және 3 «ә» сынып оқушылары:

I-топ-Шебер II-топ-Алғыр III-топ-Ұқыптылық IY-топ-Зеректілік

Сайыс кезеңдері:
1- айналым: Таныстыру;
2-айналым: «Ойлан,тап!»
3-айналым: «Жалғасын тап!»
4- айналым: Шығармашылық жұмыс

ІІ.Негізгі бөлім

«Шебер қолдар» тақырыбында ұйымдастырушылық - танымдық әңгіме
1. Кіріспе сөз;
Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс - ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Дана халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда, теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты.Еңбек үстінде адам шыңдалады, икемделеді,шеберленеді.

- Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз.Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен, 2 мен 3- сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Шебер қолдар» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілейік.

1-айналым: Таныстыру;
«Сәлем- сөздің анасы»,әр топ атымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады.

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер-білім жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

2-айналым: «Кім жылдам?»
(Сұрақ-жауап)
Қолөнері халқымның өрістенсін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Егіз ұғым өнер мен білім деген,
Сайыскерлер білімін сынап көрсін.
Келесі «Кім жылдам?»сайысымызда кезекпен экрандағы ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді.

1. Аппликация дегеніміз не?
2.Аппликацияның қандай түрлерін білесің?
3.Тігістің қандай түрлерін білесің?
4.Матаның қандай түрлерін білесің?
5.Заттық аппликация дегеніміз не?
6.Сюжетті аппликация дегеніміз не? ...........

4-айналым: «Жалғасын тап!» (мақал-мәтелдерді жалғастыру)

Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге,-дей келе мақал-мәтелдерді жалғастыру кезеңіне келіп жеттік.
1.Өнерлі өрге жүзер
2Жігітке жетпіс өнер де аз
3Өнерді үйрен де жирен
4.Ата көрген оқ жонар
5Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті
6.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей
10.Көз қорқақ қол батыр
11.Еңбек түбі береке
12.Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді
13.Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын
14.Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
15.Адамды адам еткен -еңбек
16.Білім көп жерде-өнер көп

5- айналым: Шығармашылық жұмыс;

Психожаттығу. «Мен бәрін жасай аламын»

Бүгінгі күн тамаша,
Мен өзімді жақсы сезінудемін.
Менің көңіл күйім керемет жақсы.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.

Шеберлікте шек жоқ,
Жалқаулыққа жол жоқ.
Өнерлінің қолынан,
Тамып тұрған бал көп.

1.Ермексазбен жұмыс-

2.Қағазбен жұмыс-
3.Ою-өрнек жұмыс-

4. Құрастыру жұмысы-

Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.

Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек.
Әрқайсысы өзінің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.
Электронды оқулықтан көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңдар.
Олай болса, іске сәт, балалар!

6 айналым: Қорытындылау;
Кімдер шешен,кім іскер білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші,-дей отырып сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Марапаттау
Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз



© 2010-2022