Математика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуМатематика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуМатематика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуМатематика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуМатематика Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу.

Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу

туралы алған білімдерін тианақтау.

Сабақтың міндеттері: 1) Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша

бөлуге дағдыландыру.

2) табиғатты аялауға,құстарға қамқорлық жасауға

тәрбиелеу.

3)Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуде алған

білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Ақпараттық комуникативті

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жинақтау.

Оқытудың әдісі: түсіндірмелі, практикалық әдіс.

Қолд. әдебиеттер,көрнекіліктер: оқулық, бейнелі суреттер, кеспелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(көктем)

-Ал,көктемде қандай өзгерістер болады?(Құстар келеді.)

-Өте тамаша бүгінгі біздің қонақтарымыз келіп те қалыпты, қане тыңдап көрелік.(құстардың дыбысын тыңдату) Біздің қонақтарымыз нелер екен?(құстар) біз сабағымызда ,әр есепті дұрыс шығару арқылы бір құспен танысып, оның суретін ескерткішке ала аласыңдар.Ол құстар туралы айтылған мәліметтерді мұқият тыңдаңдар сабақ соңында сұрақтарға жауап береміз.Ендеше сабағымызды бастайық.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

№7

Кәмпит-84-7 бала

Әр бала-?

Ш:84:7=12 Ж: Әр бала 12 кәмпиттен алды.

№8

72:х=4 x-26=85:5

x=72:4 x-26=17

x=18 x=17+26

72:18=4 x=43

43-26=85:5

Колибри

Бұл өзі-әлемдегі ең кішкентай және ең әдемі құс.Олардың көптеген түрлерінің үлкендігі кәдімгі түкті араның үлкендігіне әзер жетеді,салмағы бір жарым-екі грамм ғана шығады.Оның қарлығаштың үлкендігіндей ең ірі түрлері алып колибри деп аталады.(Үй тапсырмасын орындағандарға колибри құсының суреті ұсынылады.)

3.Сабақтың мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабақта екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуге арналған есептер шығарамыз.

4.Жаңа сабақ.

1.Ой қозғау.

Жұмбақ шешу. 1. Көлден ұшты 40 қаз

Қайтып қонды 15 қаз

Қонбады оның нешеуі? (25)

2. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Омашқа

Қалды сонда неше алма. (24)

3. Салтанат болса сегізде

Бақытжан болса жетіде,

Екеуін қоссаң шырағым

Саматтың жасы шығады. (15)

Осы үш санға ортақ қасиетті кім айтады? (екі орынды сан) Осы екі орынды сандарды қандай бір орынды сандарға бөлуге болады? (5,4,3)

5.Оқулықпен жұмыс.

№2 64:4=16 64:8=8 64:1=64 64:2=32 64:32=2 64:64=1

14.2=28 14.3=42 14.1=14 14.4=56 14.5=70 14.10=140

6.Дәптермен жұмыс.

№3

1)Жүк автомобилі-24 2)бірінші т. - 3 км

Экскаватор-? Екінші т.- ? 156 м кем

Ш:24:2+24=12+24=36 Ш: 3км=3000м 3000-156=2844

Ж:36 машина жұмыс істеді. Ж:екінші тармағының ұзындығы 2844метр.

Қызғыш.

Жұмыртқасы не балапаны бар ұясына қасқыр,түлкі,ит және басқа да қауіпті хайуандар немесе адамдар жақындаса,көз алдыға келіп құлап түсіп, мертіккен болып,ұша алмаған болып өзіне назар аудартатын,жақындаса және әрірек жылжып,ұясынан алдап алыстатып әкететін құс.Ол жауын құртымен,ұсақ қоңыздармен қоректенеді,зианды жәндіктерді жеп пайда келтіреді.(суретін оқушыларға беру.)

№4

426+13.2=426+36=462 100-36:2=100-18=82 23.2+54=46+54=100

500-54:3=500-18=482 70+18.4=70+72=142 64:4+86=16+86=102

Кептер.

Құстың сүті бар ма? Бұл сұраққа сендер,әрине жоқ деп жауап бересіңдер.Өйткені жұрт құстың сүтін мүлде болмайтын зат түрінде айтады.Алайда құстың сүті деген өмірде бар нәрсе.Кептер балапан басып шығарған кезде оның жемсауында қою сүтке немесе сұйық сүзбеге ұқсас бір қоспа түзіледі.Осы «сүтімен» балапандарын асырайды.

Алайда кептер басқа бір ерекшелігімен әйгілі: ол жолды дәл табады және 500 км алыс қашықтан да адаспай қайтып келеді.

Почта кептері адамдарға жүздеген жылдар бойы қызмет еткен.

7.Үйге тапсырма.

227-бет №5 ,№7

№6

Х.7=84 85:a=5

X=84:7 a=85:5

X=12 a=19

12.7=84 85:19=5

Қараторғай.

Өздерің көбірек көретін құстарыңның бірі -қараторғай.Ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алады.Салмағы 75г,дене тұрқы 23см болатын шағын құс.Жылы жақтан наурыз айының басында келе бастайды.Зианды жәндіктермен олардың жұмыртқаларымен қоректеніп,ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді.

№9

45: * =60:4 78:6= * :3 * :6=60:5

Қоқиқаз.

Қазақстанның Қорғалжын,Теңіз сиақты ірі көлдерін кәдімгі қоқиқаз дейтін бір ғана түрі мекендейді.

Қоқиқазды ғажайып жанды барометр деуге болады.Егер ол жұмыртқалайтын жеріне келісімен ескі ұясын саз балшықпен өсіріп биіктетсе-ұямды су басып кетпесін,биыл жаз жауынды болады дегені;егер ескі ұясын жай ғана жөндеп,биіктетпесе ол құрғақшылықтың белгісі.Олар су жәндіктерімен,олардың жұмыртқаларымен,балдырлармен қоректенеді.

8.Бекіту.

Математикалық көру диктант

Р 64:1= 64 а 96:3= 32 о 45:3=15 ы 48:4= 12

Т 46:2=23 т 33:3=11 а 64:8=8 с 95:5=19

а 24:6=4 т 72:8=9 қ 12:6=2 н 56:8=7 д 78:6=13

Қанатты достар. Қанатты достар дегеніміз не? Бүгінгі сабақта олар туралы не білдің?Олардың пайдасын айт.

8.Қорытынды.

-Бүгінгі сабақта балалар,тек құстарментанысқан жоқпыз екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуге арналған есептер шығардық, ал кімнің туған күні екі орынды саннан тұрады?

Бұл санды қандай бір орынды санға бөлуге болады?

Балалар сабақ ұнады ма?

10.Бағалау.

Құстары бар балаларды тұрғызып, бағалау.Ауызша есептерге қатысқан балаларды атап өту.



© 2010-2022