Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Сабақтың мақсаты: а) Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.Сөйлемнің жалаң,жайылма болып бөлінуі тұрлаулы тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. ә) Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,дербес жұмыс жасай білуін,сөздік қорын арттырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту. б) Тәрбиелігі: Адамгершілікке,ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,мәдениетті сөйлеуге,сауатты жазуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: « Ойлан тап!» ойыны,сызба кесте,сынау сұрақтары. Сергіту сәті: Музыка Әдісі: Ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау,салыстыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ,жаңа білім беру. Сабақтың формасы: жеке,жұптық,топтық. Сабақтың жаңа технологиялары: сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы Қызығушылығын ояту. Мағынаны таныту. Топтастыру. Сабақтың өтілу барысы. I.Бағдарлау-мотивациялық кезең. Психологиялық дайындық: 3-4 жол өлең арқылы. Мұғалім: Қазақ тілім өз тілім,анна тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәнгі сен, Болашағым бақытым,қазақ тілім. -дей келе,сабағымызды бастаймыз. II. Үй тапсырмасын тексеру. 77-жаттығуды сұрау. А) Өткен сабақты қайталау мақсатында шағын сауалнама жұмысын жүргізу,сұрақтарды тақтадан оқу,дұрыс нұсқаларын қызыл түспен белгілеу. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? а) Сөйлемдегі мағынасыз мүшені сөйлем мүшесі дейміз. ә) Бас әріппен жазылған сөзді сөйлем мүшесі дейміз. б) Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады? а) тұрлаусыз мүшелері. ә) тұрлаулы мүшелері. б) анықтауыш. Бастауыштың сұрақтарын тап. а) Кім? Не? ә) Кімге? Неге? Қайда? Б) Не істеді? Не қылды? Қайтіп? Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері нешеге бөлінеді? a) 2 ә) 3 б) 4 III.Операциялық -орындаушылық кезең. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту. «Ойлан тап!» ойынын ойнату. Оқушылардан көбейту кестесін сұрау арқылы. 4 мысалы. дұрыс нәтиженің тұсындағы сөздерді шығарып алып оқыту. 5*3=15 (жалаң) 3*9=24(және) 4*8=40 (жайылма) 21:7=3(сөйлем) Жалаң сабақтың тақырыбына тақтаға жазу.Мақсаты мен міндетін анықтау.Жаңа ақпараттармен таныстыру.Сөйлемдерді оқу. Мағынаны тану. 96-беттегі тақырыпты түсіндіру.Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай сөйлем 2-ге бөлінеді. Жалаң және жайылма болып.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.Мыс: Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жай ылма сөйлем дейміз. Сөйлемді оқу. 79-жаттығу .Екі бағандағы сөздерді салыстыру. Күн бұлттанды. Күн кеше бұлттанды. Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді. Динара қуанды. Динара қатты қуанды. Мысалдарды ұғыну арқылы талдау-жинақтау әдісімен ереже шығарып оқу. IV.Жаңа ұғымды меңгерту. Өзіндік жұмыс. 80-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,жалаң және жайылма екенін айту. Тақтамен жұмыс: 81-жаттығу. Топпен жұмыс: тапсырма 1.тапсырма: Сызықшаны тиісті орнына қой.Неге сызықша қойылғанын түсіндір. Арқар жабайы қой.Ол дәрігер.Ас атасы нан. 2.тапсырма: Берілген сөздерді пайдаланып,жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу. Ешкі лақтады. Оқушылар кірді. 3.тапсырма: Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып жаз. 1.Бидайдан,үн,дирменші,тартты. 2.Баян,жақсы домбырада ойнайды. 3.Алдым,кітап,қызық,кітапханадан 4)Сергіту сәті. Тізбек ойыны. V.Топтастыру. Жалаң және жайылма сөйлемдердің өзіне тән ерекшеліктерін жеке-жеке тотап айту.Тірек сызбасын іліп,оқушыларға айтқызу. VI.Келесі тапсырма жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыру.Яғни әр сөйлемнің өзіне тән және ортақ белгілерін айту.














VII.Рефлекциялық-бағалау кезеңі. VIII.Сабақты қортындылау үшін Дәулет құс ойынын ойнау. Дәулет құс қауырсынына қыстырылған сұрақтарға жауап беру. Жалаң сөйлем дегеніміз не? Жайылма сөйлем дегеніміз не? Ол анасын жақсы көреді. VIIII.Үйге тапсырма беру. 83-жаттығу.Ереже жаттау. Х.Балаларды білім деңгейіне қарай бағалау.
© 2010-2022