Т, т звук и буква

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Т,т дыбысы және әріпі.

Сабақтың мақсаты:

1)Өткен дыбыстарды қайталау,зейінін бақылау.

2)Жаңа Т,т дыбысымен таныстыра отырып,сөздер,сөйлем ойлап табуына көмектесу.Таза және сауатты жазуға үйрету.

3)Балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:Қима әріптер,текшелер,торғайдың суреті.

Сабақтын әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Балалардың назарын сабаққа аудару.

Ә)Әріптерді қайталау.

Б)Жұмбақ жасыру.

Жақпар тастың астында,

Қызыл тонды қыз жатыр. ( түлкі )

II.Қайталау.

А)Өткен дыбыстарды тауып,текшеге тізу.

Ә)Ай-осы буынга "Т" дыбысын қосу арқылы сөз құрату "тай"

Б)Өлшем құру.

2.Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

3.Суретпен жұмыс.

-Ненің суреті?Не байқадыңдар?

-Тас.

-"Тас"сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Тт -дауыссыз дыбыс.Сондықтан әріп көк түспен белгіленеді.

А)Кеспе әріптен "Т" дыбысын тауып,өткен дыбыстарды қосу арқылы буын,сөз құрғызу -та,-то,-ту,-ти.

Ә)Тас,тос,тон,тай т.б

4.Ойын "Т" дыбысын тап.

А Б И Ш Т К Н Д Ә

5."Т" әріпінің баспа түрімен таныстыра отырып,қолдарын жазуға даярлау.

А)Т әріпін ауада жазу.

Ә)Т әріпін қолымен үстінен бастыру.

Б)Т әріпін жаздыру.

6.Торғайдың суретін көрсету.

А)Тор-ғай буынға бөлу.

Ә)Дыбысын тапқызу.

7.Торғай туралы тақпақ айтқызу.

Торғай,торғай,торғайсың.

Таяу келіп қоңғайсың,

Жем шашайын тойып-ал.

Сонда аязға тоңбайсын. (топпен айтылып үйретіледі)

Қорыту:

-Қандай дыбыспен таныстың?

-Т дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

-Торғай қалай ұшады?

-Қанатын қалай сермиді?

9.Мадақтау,бағалау.



© 2010-2022