Сезім мүшелері: Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сезім мүшелері:Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі

Мақсаты

1) Сезім мүшелерінің түрлері, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, ағзадағы маңызына тоқтала отырып, таным білімділігін арттыру.

2) Сезім мүшелерінің құрылысын, атқаратын қызметін, ағзадағы маңызын іс жүзінде көрсете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы дамыта оқыту.

3) Сезім мүшелерінің гигиенасымен таныстыру арқылы әр түрлі аурулардың алдын алуға баулу, өз денсаулықтарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Көзге арналған жаттығулар орындау.

1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Егер көз шаршаса мынадай жаттығуларды орында:

-Көзді қатты қысып,қайта аш (5рет)

-Көзді айналдыра қозғалт (солға-жоғары-оңға-төмен),(10рет)

-Қолыңды алға соз.Қолдың саусағына қара,жайлап қол ұшын мұрныңа жақындат,содан кейін жайлап,керісінше алыстат. (5рет)

-Терезеден алысқа 1 минут қара.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жұмбақ шешкізу.

Жақсы -жаман нәрсенің

Ол бәрін де көреді.

Жақсыларын ішінен

Саған айтып береді. (Көз)

Көз туралы не білеміз?

Біз көреміз,естиміз,әртүрлі иістерді,дәмді,ыстық пен суықты сезе аламыз.

Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі.

Олар:

-көз-көру мүшесі;

-құлақ-есту мүшесі;

-мұрын-иіс сезу мүшесі;

-тіл-дәм сезу мүшесі;

-тері-ыстық пен суықты сезу мүшесі;

Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді,қоршаған әлемді танып білеміз.

Жұмбақ.

Жолдың екі жағында тұратын екі ағайынды бірін-бірі көрмейді.

(көз)

Көз-қандай мүше?

Көз -көру мүшесі.

Ендеше,бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: « Сезім мүшелері.Көз -көру мүшесі».Көз-көру мүшесі,адамның негізгі көмекшісі.Ол айналадағы заттың барлығын көруге,түрін,түсін,пішінін ажырата білуге көмектеседі.Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ,оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз.Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан.Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді.Жарық көз бұршағы арқылы өтіп,бейне көздің торлы қабықшасына түседі.Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді.Содан барып,біз бейнені көреміз.Көзді шаршаудан,зақымданудан сақтау керек.

Сергіту сәті

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Көз туралы қызықты мәліметтер

-Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды.

-Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен.

-Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.

-Көк көзділер ауруға сезімталдау.

-Тез оқығанда көз аздау шаршайды.

-Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.

-Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай.

-Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен.

-Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен.

Үйге тапсырма

Үйден мәтінді оқу және көз туралы мақал-мәтелдер жинау,жаттау.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Сезім мүшелері: Көз, құлақ, мұрын,тіл,тері.Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі Сезім мүшелері: Көз, құлақ, мұрын,тіл,тері.Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022