Сабақ қазақ тілі Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: қазақ тілі сынып 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:

Білімділігі: Зат есім туралы алған білімдерін кеңейту Өмірмен байланысты мысалдар арқылы сөйлем құрату пысықтау.

Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: Эстетикалық талғамын жетілдіріп,әдептілікке баулу сауатты да, көркем жазуға

тәрбиелеу.Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, оқыту, жаздыру
Көрнекілігі: Презентация суреттер, ребус ,үлестірме карточкалар
Барысы:

І. Ұйымдастыру

а) Сабақтың ұраны ә) психологиялық жаттығу

Бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр.Қазір қазақ тілі сабағы болғандықтан бір шумақ өлеңмен бастайық. Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым, дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) 7 - жаттығу Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.

  • Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл.

  • Етістік жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.

  • Сын есім аққу,емен,оқулық,ауа.

  • Сан есім биледі,өсті,тазалады,ұшты

2) Өткенге шолу:"Ой қозғау

а) Өткен сабақта не үйрендік?

-сөз таптары өттік

ә) сұрақ-жауап қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Біз осылардың ішінде қайсысын танимыз?

б) Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Үлестірме қағаздар таратылады

1-топ Берілген сөздерге сын есім тіркестіріп жаз Оқушы, тай, су.

2-топ Берілген сөздерге зат есім тіркестіріп жаз. Әдемі, терең, қызықты.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-кезең. Ой ашу.

Астана қаласына саяхат жасаймыз. Не көрерсіздер соны әңгімелейміз

Оқушылар не көргендерін айтады.

Думан-ойын сауық отауы, цирк, Салтанат сарайы, Президенттің ақ ордасы,Конгресс хол,Теміржол вокзалы, Бәйтерек. Осы аталғандардың барлығы да заттың иесін білдіріп тұрма?-заттың аты.Ендеше, бүгін өтетін сөз таптарының бірі зат есім.

2-кезең Ребус шешу

Қуыршақ, тақия

3-кезең Сынып ішіндегі аттарды айтқызып, сұрақтар қойдыру.

Ендеше, сонымен зат есім дегеніміз не?Анықтамасын айтқызу

Білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін, бүгінгі сабақта « Білім еліне » саяхат жасаймыз.

Дәптермен жұмыс

Саяхатқа шықпас бұрын дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазып, сынып жұмысын орындаймыз. Көркем жазу сәті: З з әрпі. « Білім еліне » саяхатқа шығамыз. Алдымен қандай аялдамаларға тоқтайтыннымызды білуіміз керек.

«Білім еліне саяхат»

  1. «Мектеп аялдамасы»

  2. "«Білгірлер» аялдамасы

  3. «Тапқырлар» аялдамасы

  4. «Мергендер» аялдамасы

  5. «Ойшылар» аялдамасы

1« Мектеп аялдамасы»

Тапсырманы орындайық

1 - жаттығуда нелердің суреттері бейнеленген?(құстар)

1-суретте қандай құстын суреті?(қарлығаш)

Екіншісінде ше?үшіншісінде ше? (сауысқан мен қарға)
1-топқа-өнер бірінші сурет

2-топқа ғалым екінші сурет

Топтастыру Зат

Аты Сыны Саны Қимылы
Кім? Не? Қандай? Қанша? Не істеді?
Кімдер? Нелер? Қай? Неше? Қайтті?
Нешінші? Не қылды?
2«Білгірлер» аялдамасының

3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті.
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.
ІV. Сергіту сәті

4«Тапқырлар аялдамасы»

Суретте берілген зат есімдерді тауып,көпше түрге айналдыру. Жалқы есімдерді тап Қарбыз-қарбыздар, пышақ- пышақтар,жемістер, кесе-кеселер,орындық-орындықтар.

Айдос,Жанар - жалқы есім.

« Мергендер аялдамасы» 4 - жаттығу

а)карточкамен жұмыс 1-топ Табиғат құбылыстары және техника атауларын жаз.

2-топ Құстар атауы және мамандық атаулары

ә)класстер құрастыру
I -топ Өнер
сиыр
II -топ Ғалым
қой
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз

-Балалар, малдың төлдері дегеніміз не? Аңдарға не жатады? Құстарға не жатады? Оларға қандай сұрақ қоямыз?

Төрт түлік:..
Аңдар:..
Құстар:...
Отбасы мүшелері:...

5. «Ойшылар аялдамасы» Ауызша жұмыс 5 - жаттығу
Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болады?
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
V. Сабақты бекіту.
Зат есім туралы не білеміз?
VІ. Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

6 - жаттығу а) Мәтінді көшіріп жаз
ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
б) Зат есімдерге сұрақ қой
VІІ. Қорыту, бағалау



© 2010-2022