Сабақ жоспары Ә дыбысы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Ә ә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру.
Дамытушылық: Жеке сөздерді оқуға, сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуға дағдыландыру.оқушылардың ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, түсіндіру, ой қозғау, талдау-жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық дайындық.
Біз талапты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз
Сәлеметсіздер ме!
Оқу құралдарын түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру, пысықтау:
«Сиқырлы асықтар» ойыны
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Іі дыбысы қандай дыбыс?
6. І і дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі?
Жұмбақты шеш:
1. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
«Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
«Кітап» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуін қоймайды. (Ешкі)
Ешкі қандай жануар?
Оның қандай пайдасы бар?
«Адасқан сандар» ойыны
т е к і
2 1 4 3
к е с і
4 1 2 3
г і ш і л
3 1 5 4 2
к л т і
1 3 4 2


Оқулықпен жұмыс.
Сөздерді тізбектей, хормен оқыту.
Іі дыбысынан басталатын отбасы мүшесін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ
Өлең оқу.
Әжем бесік тербетіп,
Әлди әнін салады.
Әй-әй сәби ер жетіп,
Әже еңбегі жанады.
Өлең кім туралы?
Әже-отбасы мүшесі, ақылшымыз.
«Әже» сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
Ә-ә-ә-ә
Қалай айтылып тұр?
Ә ә-жіңішке дауысты дыбыс.
Әріп таңбасымен таныстыру.
Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Әже, әңгелек, сәбіз, дәрігер сөздерін буынға бөліп, ә дыбысының сөздегі орнын тапқызу.
Буыннан сөз құрап оқы.


Оқулықпен жұмыс.
Ә дыбысына берілген сөздерді, «Әже» мәтінін оқып беру, оқушылардың хормен оқуы, жеке-жеке тізбектей оқыту.
Сөздік жұмысы:
Сәнді-жарасымды
Әжім-қарттықтың белгісі.

Әдемі аппақ баламыз,
Сауатты, көркем жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Әә әрпіне берілген тапсырманы көркем етіп жаздыру, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау.
Сергіту сәті
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде қандай жауын көп жауады?
Олай болса, саусақтарымызды дем алдырып, саусақ ұшымен жаңбыр дыбысын салайық!
ІV. Сабақты қорытындылау:
«Ғажайып вагондар» ойыны
Орны ауысып берілген сөздерден сөйлем құрау.
Менің әжем бар.
Әсем - әдепті оқушы.
«Өз үйін табуға көмектес» ойыны
Әже әке сән ән мәсі сәкі бәкі дән Әсел
Ә - әже, әке, Әсел
...ә.. - сән, мәсі, бәкі, дән
V. Сабақты бекіту:
Бүгін қай дыбыспен және әріппен таныстық?
Ә ә-қандай дыбыс?
Ә дыбысынан басталатын адам аттарын айт.
Оқушылар белсенділігін мадақтау.























© 2010-2022