Текше. Санның кубы ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Текше. Санның кубы ашық сабақТекше. Санның кубы ашық сабақТекше. Санның кубы ашық сабақҚарабалаева Райгуль Ахметқалиқызы

«А. В. Луначарский атындағы орта мектеп гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Панфилов педагогикалық училещесін 1982 жылы бітірген. 2003 жылы Талдықорған педогогикалық институтының бастауыш оқыту әдістемесі мамндығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 28 жыл







Дүниетану 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық қаражат.

Сабақтың мақсаты: балаларды «отбасылық қаражат» түсінігімен таныстыру, танымдық қызығушылығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Отбасылық қаражат» сызба-кестесі, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Өткенді қайталау.

Балалар өткен сабақтардағы отбасының берекесі туралы тақырыптарды қайталайды.

II. Тақырыпқа кіріспе.

«Отбасылық қаражат» неден тұрады? Отбасылық қаражат қалай құралады? Бүгінгі сабақта біз осындай маңызды сұрақтарға жауап іздейміз.

III. Сабақ тақырыбымен жұмыс.
1. Ақша деген не?

Бүгінде адам еңбегімен жасалған дүниенің бәрі, киім-кешек, азық-түлік, қызмет түрлері - бөріне ақша төленеді. Ақша - алғымыз келетін дүниені сатып немесе ауыстырып алуға мүмкіндік беретін ерекше тауар. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Әрбір отбасында ересектер жұмыс істейді және ай сайын еңбекақы алып отырады. Ақша отбасының қажеттіліктеріне жұмсалып, артылғаны келешекке сақталады.

2. Сызба құру.

ҚАРАЖАТ

Сыйақы, ұтыстар

Зейнетақы мен еңбекақылар

Шаруашылықтан түсетін ақша

Сызба құрған кезде мұғалім балаларға табыс, шығыс, салық, үнем (суды, жылу мен электр қуатын үнемдеу), жинақ, пайыздық өсім және т.б. сөздерді түсіндіріп береді.

- Отбасында тағы кімдер бюджетті толықтыруға үлес қосады? (Әжелер мен аталар).

- Сендердің әжелерің мен аталарың ақша ала ма? Ол қалай аталады? (Зейнетақы).

3. «Отбасылық қаражат» мәтінін оқу. Отбасы қаражатын үнемдеу және дұрыс жұмсау.

4. Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелесу:

- Отбасылық қаражат деген не?

- Ересектер мен балалар отбасы қаражатына қалай қарауы қажет?

5. Топтық жұмыс.

- «Отбасылық қаражат» тақырыбына математикалық тапсырма ойластыру.

- Жоспарлау мүмкін емес табыс түрлері бола ма?

- Жоспарлауға келмейтін шығын бола ма?

6. Тапсырманы дәптерге орындаймыз. Сөздік қоры: табыс, шығын, үнемдеу, жинақ, зейнетақы, стипендия, т.б.

IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

V. Үй тапсырмасы. Мәтінді оқып, өз отбасыңда бір күнде жұмсалатын шығын тізімін жаса.

«Отбасы» тақырыбына тест

1. Отбасына кімдер кіреді?

а) Достарым, мұғалімдер

ә) Нағашыларым, немере туыстарым

б) Ата-әжем, әке-шешем, туыстарым.

2. Отбасындағы ер адамның міндеті

а) Тамақ жасау, үй жинау
ә) Білім алу, оқу

б) Отбасын асырау, үйдегі ауыр жұмыстарды атқару

3. Үлкенге деген құрмет, бұл:

а) Еркелету, сыйлық әперу

ә) Айтқанын тыңдау, сыйлау, көмектесу

б) Үлкендер демалып жатқанда мазасын алу

4. Анаңның әке-шешесі сен үшін:

а) Нағашы
ә) Жиен

б) Немере

5. Зейнетақы деген не?

а) Әкеме еңбегі үшін төленеді

ә) Атама күнкөріс үшін төленеді

б) Ағама жақсы оқығаны үшін төленеді.

Тест жауаптары: 1-б, 2-б, 3-ә, 4-а, 5-ә.



Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: «Көктем».

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: сюжетті композицияда қозғалысты беру тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: адамды қозғалыста бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік; халықтық дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрметке, ақиқатқа деген эстетикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Жоспарланған нәтиже:

Пәндік: композициядағы эмоционалдық көңіл күйді бере алу тәсілін білу, суреттегі қозғалысты көрсете алу.

Тұлғалық: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, ақиқатқа деген эстетикалық қарым-қатынастарын айқындау.

Жүйелік-іс-әркеттік: сюжетті композиция туралы білімдерін қолдану, графикалық дағдылар мен адам денесін кескіндеу біліктерін меңгеру.

Сабаққа арналған материалдар мен құрал-жабдықтар:

Мұғалім үшін: көрнекі материал: адамдардың қимыл-қозғалыстары бейнеленген көктемгі пейзаж бен сюжетті картиналардың фотосуреттері және көшірмелері,

Оқушылар үшін: сурет дәптерінің парақтары, жай қарындаш, өшіргіш, майлы бояулар.

Пәнаралық байланыстар: музыка, дүниетану, әдебиет.

Сабақты жүргізу үлгісі:

Жаңа материалды оқып-үйрену.

Суретшінің картинадағы динамиканы беру тәсілін талқылап көрейік. Адамдардың дене қалпынан, қол-аяқтарының қозғалысынан олардың қимылын «көреміз».

Оқушылардың дене шынықтыру сабағында сыныптастарының бойынан қандай ерекшеліктер байқаранын, олардың жүгіргенде немесе секіргенде қалай қимылдайтынын және олардың қимыл-қозғалыстарындағы айырмашылықтар туралы айтып беруді өтіну.

Тақтаға адам денесінің түрлі қозғалыстарын сызып салу.

Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.

Оқушылар қозғалыстағы адамның суретін салу әдістерін түсініп алғаннан кейін негізгі суретті бейнелеуге кіріседі. Олар, «ауызша сурет салу» әдісімен суреттердің тақырыптарын нақтылап алады.

Әртүрлі қимыл-қозғалыстарды көрсетіп, оларды түсіндіреді.

Кесте бойынша өз беттерінше жұмыс істейді.

Балалар «ауызша бейнелеу» тәсілімен суреттің тақырыбын анықтайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Сабаққа дайындық. Қызығушылықтарын ояту.

Белсенді іс-әрекетке дайындау.

Сабақты картиналар мен фотосуреттердің көктемгі көрініс көшірмелеріне қатысты әңгімеден бастауға болады. Олар адамның жақсы көңіл-күйімен қозғалыстағы қалпын тамаша жеткізеді.

Көрсету үшін көктемге байланысты әр алуан сюжеттерді, мәселен, адамдардың ағаш отырғызуы, көктем мерекесін тойлауы т.с.с. таңдап алуға болады.

Оқушылардың іс-әрекеті

Жұмыс орнын даярлау.

Фотосуреттерді қарайды. Әсерлерімен бөліседі.

Мұғалімнің әңгімесі бойынша түсінік бере отырып, көктемгі мерекелер туралы не білетінін айтады.

Жеке жұмыс.

Балалармен жеке жұмыс істегенде мынандай ақыл-кеңестер беруге болады:

1. Суреттегі адамның қозғалысы барынша шынайы шығуы үшін мұқият болған дұрыс.

Суретті салған кезде оның эмоциялық жағын естен шығармаған жөн, бұл жерде бізге ашық түсті жарқыраған бояулар көмектеседі. Суретті салған кезде қимыл-қозғалысты беруге бояулар көмектесетінін ұмытпау керек. Мәселен, бормен сызуды қозғалыс бағытымен жүргізсек, бұл динамикалың әсер тудырады.

Өзіндік жұмыс. Оқушылар дайындама суретті орындайды, содан соң бормен жұмыс істейді.

Рефлексия.

Балалардан сабақтан жаңадан не үйренгенін сұраймыз.

Алған білімдерін өзіндік бағалау. Біз түстің картинадағы көңіл күйге қалай әсер ететінін білдік. Сондай-ақ, қозғалыстағы адамдарды қалай дұрыс бейнелеу керектігін білдік.

Жұмыстарды ұжым болып қараған кезде оқушылар түс құралдарымен көктемгі табиғаттың көңіл күйі қалай берілгені және адамдардың қимыл-қозғалыстарының мәнерлі қолданылғанын атап өтеді.

Қорытындылау.

Сабақты қорытқан кезде адамның қимыл-қозғалысын ғана емес, қаунышты көңіл күйін мүмкіндігінше дәл бейнелеген жұмыстарды атап өту керек.

Мұғалімге арналған анықтамалық.

Композиция - (латынның compositio -құрастыру, шығару сөзінен).

Көркем шығарманың құрылысы. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді. Оның элементтері - бірлікке ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Көркем шығарманың композициясы шығарма құрылысындағы көңілге қонымдылық пен сәйкестіктен, өмір шындығынан туады, өмірдегі қисындылықты, бір нәрсенің екінші нәрсемен жалғас, байланысты болатынын тірек етеді. Пластикалың өнерде композиция көркем форма түзілімінің (кеңістік пен көлемнің шынайы және бұлдыр құрылымы, симметрия мен ассиметрия, масштаб, ырғаң пен сәйкестік, реңк пен контраст, кеңістік пен көлем, өріс, топтастыру, бүтін мен бөлшектің сәйкестігі, реңктік шешім т.б.) жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлың ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртңы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын да белгілейді.

Үйден жұмыстарыңды аяқтап келіңдер.





Математика

Сабақтың тақырыбы: Текше. Санның кубы

Мақсаты: текше (куб) туралы түсініктеме беру, санның кубын есептеу.

Пәндік нәтиже: оқушылар текшемен (кубпен) танысады, осы фигураларды танып, олардың элементтерін атай алатын болады.

Сабақ барысы

Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық жасау үшін геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту керек.

Сәуленің басы неден басталады? (нүктеден)

Үш нүктені қандай сызықпен қосуға болады? (сынықтармен)

Түзу бойындағы екі нүктенің арақашықтығы нені құрайды? (кесіндіні)

Циркульдің көмегімен қай фигураны салады? (шеңбер мендөңгелек)

Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш қалай аталады? (шаршы)

Түзудің басы бар, ұшы жоқ бөлігі қалай аталады? (сәуле)

Тақтаға геометриялық фигуралардың суреттері ілінеді. Мұғалім тіктөртбұрыш пен шаршыны, текшені және дөңгелек және шарды оқушыларға салыстыруды ұсынады. Ең маңыздысы, оқушылар қандай фигура жазық және қандай фигура денелерді құрайтынын білгені жөн. Мұғалім жазық фигураның екі өлшемді, ал дененің үш өлшемнен құралатынын көрсетеді (оқулықтағы 2-жаттығу).

Текшенің (кубтың) элементтерін суреттен көрсетуге болады, дегенмен қағаздан оның жазбасын дайындап, оларды оқушылармен бірге жапсырып, текшені қолмен жасаған дұрыс. Оқушылар текшемен практикалық жұмыс барысында танысады.

Жаңа білім - «санның кубын» іс-әрекеттік технологиясы көмегімен енгізуге болады. Кеңістіктегі денелермен танысу үшін мұғалім оқушыларға текшенің көрнекі моделін ұсынады. Технология сабақтарында алдын ала текшенің моделін қагаздан жасайды. Оқушылар модельді жасап, барлық жақтарының шаршы екенін білуі керек. Содан соң кеңістіктегі денелер туралы түсінікті алғашқы бекіту оқулықтағы тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады (2-тапсырма орындалады).

Санның кубымен танысу үшін санның квадраты туралы білімді қайталау маңызды, оны 3 (а) тапсырманы орындау арқылы еске түсіреді, одан соң санның кубы түсінігі енгізіледі- үш бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі (3 (ә) тапсырма) түсіндіріліп, есептеледі. Санның квадраты мен кубының жазылуын салыстыру маңызды.

Санның квадраты 3 (а) тапсырмада есептеледі. Екінші бағандағы мысалдарды құрастырудағы заңдылықты табу. Оны қысқаша жазу қарастырылады.

3х3

2х2х2

6х6

5х5х5

8х8

8х8х8

9х9

3х3х3

7х7

4х4х4

Қиындықтың орны мен себебін анықтау.

Оқушылар үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісін қысқаша қалай жазу керектігін білмейді.

Қиындықтан шығу жобасын құру.

Оқушылар санның кубы жазуымен таныс болмауына байланысты, мұғалім сабақ барысында оқулықтан анықтамалық материалды ұсынады.

Дауыстап түсіндіру арқылы алғашқы бекіту.

Оқулықтагы 4- тапсырма орындалады.

Үлгі бойынша өзіндік тексерумен өздік жұмыс жасау.

Өз бетінше оқушылар 5- тапсырманы орындайды. Өтілген материалды зерделеу үшін 7-тапсырма беріледі.

Іс-әрекетті қорытындылау.

Үй тапсырмасына 6-тапсырма беріледі. Амалдардың орындалу тәртібін анықтап, есепте.





Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты: жалаң, жайылма сөйлемдер туралы алған білімдерін бекіту; тұрлаусыз мүшелер туралы түсініктерін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: «Дөңгелек үстел», «Еркін жазу» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды бірнеше топқа бөлу.

Үйге берілген тапсырманың орындалуы осы кезеңде тексеріледі.

Сабақ «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша жүргізіледі. Әр топқа бір жалаң сөйлем беріледі (бастауыш пен баяндауыштан немесе тек баяндауыштан тұратын). Екі топтағы әрбір оқушы сол сөйлем мазмұнына сай бір тұрлаусыз мүшеден қосып отырады. Сонымен әр топ өздері құрған жайылма сөйлемдерді оқиды. Жақсы құрылған сөйлемдер тақтаға жазылады.

Мысалы:

1. Суретші салды.

2. Суретші сурет салды.

3. Суретші бүгін сурет салды.

4. Суретші бүгін керемет сурет салды.

5. Суретші бүгін керемет әсерлі сурет салды.

Мағынаны тану кезеңі.

1-жаттығуды Төмендегі сөздерді қатыстырып, екі сөзден, сонан соң үш, төрт сөзден тұратынг сөйлемдер құрастыр. Құрастырған мәтініңді оқы. Оған тақырып қой. Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

2-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. Алғашқы үш сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаз. Бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.

Ізденіске берілетін тапсырма. Өзің тағы қандай салт- дәстүрлерді білесің ?

3-жаттығу Өлең жолдарын жаттап алуға 3 минут уақыт беріледі. Өлеңді жатқа жазып, Сөйлем мүшелерін еталда.

5-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда. Тағы қандай жидектерді білесің ?

Ой толганыс.

- Жалаң, жайылма деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің? Сөйлемнің түрлерін неге бұлай атады деп ойлайсың?

Балалар «Еркін жазу» стратегиясы бойынша осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын жазады.

Үйден 5-жаттығуды орындап келіңдер.

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т. Әбдірахманова.

Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық жүмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.

Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазаң даналары» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй жұмысын «лездеме сұрақтар» қатары бойынша бақылап шығу.

Ол сұрақтар қатарын оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болған соң қызығушылық танытқан немесе «көршімді ойландырам» деген оймен туған сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.

/. Қызыгушылықты ояту.

- Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.

данышпан

ғұлама

ойшыл

данагөй

ұлы

дана

оқымысты

Дана сөзінің синонимін атаңдаршы.

- Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер?

«Т» кестесін құру арқылы топтар жұмысын ұйымдастыру.

Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен, оны «Даналарым» өлеңінен оқып білейік.

//. Магынаны тану.

Автор туралы мәлімет беру.

Керек дерек:

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған. Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитетте

рінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған.

Т. Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталған. 1984 жылы Қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Еылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы Қазақ ССР Еылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Өлеңнің алғашқы үш жолын қайтара оқып, соған жауап тауып көр. Үш саны туралы не айта аласың? (Тақ сан, есептік сан есім, киелі сан...)

-Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың?
Керек дерек: Үш қуат 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл. Үш жүз:

1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз. Үш адамның ниеті бұзық 1. Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет: 1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр. Үш нәрсе аз болса да, көп болады: 1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға. Үш жұрт: 1. Өз жұртың - күншіл. 2. Қайын жұртың - міншіл. 3. Нағашы жұртың - сыншыл.

-Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді?
Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.

Алдыңғы толтырған кестеге қайтып оралу. Кімнің аты
аталмай қалды. Толықтыр.

Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты-жөнімен дәптеріңе жазып ал.

Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. (Өмір сүру кезеңдері мен еңбектеріне байланысты қосымша мәлімет беру. Бұл оқушылардың алдыңғы орындайтын тапсырмаларына көмек болар еді).

Бес арыс - Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақұып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев.

Үш бәйтерек - Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин.

Сергіту сәгпі.

III. Ойтолғаныс.

- Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді?

RАФТ әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.

Мысалы:

R - рөлі (Төле би)

А - аудиториясы (өзі)

Ф - формасы (хат)

Т - тақырыбы (өсиет)

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Үйден өлеңді мәнерлеп оқы, қалаған бір шумағын жаттап ал.





© 2010-2022