Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Ұзынкөл орта мектебі

Ашық сабақ

Алтын жүрек анамыз

Алтын жүрек анамыз

Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)


Пән мұғалімі: Досумова Айтжан Каратаевна

Тақырыбы: Алтын жүрек анамыз
(Қазақстандық Ана Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған мерекелік сынып сабағы)

Мақсаты: Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
.Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: «Алтын жүрек анамызға» атты көрме, жүрекшенің үлгісі.Сара Алпысқызы портреті, презентация ,интерактивті тақта.
Сәлемдесу. Оқушылар хормен:
Иіліп сәлем бердік атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, қонақтарға!
Иәліп сіәем бердік ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік ,достар бірге!

Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Өзін-өзі тану»пәнінің негізгі идеясының авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне сәйкес «Алтын жүрек анамыз» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер
Шаттық шеңбері:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Алтын жүрек анамыз
Сабағымыз Қазақстандық Ана, өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналады.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сіздерді «Шаттық шеңберін» құруға
ортаға шақырамын. Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық.

Таңғажайып сәт ұйымдастырылып, байланыс бөлімшесінен пошташы келіп, Сара апайларынан арнайы ашық хат әкеліп, табыстайды. Хатта: «Менің сүйікті балаларым, бір-біріңді сыйлаңдар, ертең сен де өсіп, азамат боласың. Ешқашан ешкімге жамандық жасамаңдар! Біреуге жамандық жасасаң, бір күні алдыңнан жамандық шығады, жақсылық жасасаң жақсылық шығады. Сондықтан, үнемі жақсылық жасауға ұмтылайық!» делінген екен. Шеңбер бойымен Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып, Сара Алпысқызына деп шын жүректерінен тілек айтуларыңызды сұраймын...
. (Балалар кезек - кезек бақытты болыңыз, ұзақ өмір сүріңіз, балаларыңыздың қызығын көріңіз, денсаулығыңыз мықты болсын, ауырмаңыз, үнемі жадырап жүріңіз )

Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін!
Қуан шаттан ,қуан шаттан

Күліп шықты күн бүгін!
Әңгімелесу

Дәйексөз
«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»
Оқушылардың Сара Алпысқызы Назарбаева туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.
-Сара Алпысқызы туралы не білеміз? Слайд көре отырып таныстыру.
1 оқушы:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.
1992 жылғы ақпан айынан бастап - «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді.

Бүгін - «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. Қазақстанның бірінші ханымы - 75 жаста. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. Ол таратқан білім негізінде бүгінде оқушылардың өмірге деген көзқарасы өзгерді. Тәрбие дұрысталды деп санайды.


Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған 4 «А» сыныбының арнаған өлеңдері.



Сара апайларына арнап гүл, ұсақ жүрек бейнесін, ашық хаттар жасап, құттықтау сөз бен тілек жазу.

Оқушы шығармашылығынан:

Аружан:

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан жирентіп.

Жақсы жолды нұсқаған,

Аман болшы алтын жүрек ақ ана!

Бейбарыс:

Татулық пен достасуға үйреткен,

Кішіпейілділік пен қамқор болуға баулыған.

Сара апайды шын жүректен құттықтап,

Зор денсаулық, мол бақытты тілеймін!

Әмина:

Ақ жүректі анасыз,

Бізге білім сыйлаған.

Құттықтаймын шын жүректен ,

Ақ жүректі ақ ана!

Дарина:

Нұрын төккен күн сияқты,

Бәріне қуаныш себеді.

Күлімдеген гүл сияқты,

Махаббатын береді.

Аружан:

Бар баланың өлеңі,

Өте жылы жүрегі.

Орындалсын Сара апайдың,

Бар арманы,тілегі.

Өзін-өзі тану кітабын,

Бар балаға сыйлаған.

Құттықтаймын мен сізді,

Алтын жүрек ақ анам!

Тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын, мейірімділікті сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:
Музыка қосылады.
-Балалар денелеріңізді түзу ұстап, еркін отырыңыздар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.
-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшіні штей оларға жақсы тілектер тілейік.
Балалардың мейірбандық жүрегі
Адамдарға бақыт, шаттық тілейді
Сен мейірімдісің!, Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің! Сен қамқоршысың!
Мұғалім
- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Енді, балалар, тренингтер мен ойындар ойнайық
1)Тренинг: «Жағымды сөздер»

2)«Сиқырлы айна» ойыны. Бұл ойында оқушылар қолдарына айнаны ұстап, сол айнаға қарап отырып өз бойындағы ерекшелік пен мінез-құлқын айтып береді. Балалар: Мен бақытты баламын, ақылды баламын, ұқыптымын, патшамын, ханшайыммын, сұлу қызбын, елімнің патриотымын, еңбекқормын деп бірінен соң бірі айтып шықты.

3)Ойын: БІЗ ДЕ - ОЙЫНЫ

4)Бәрі- мейірімді!" тренингі:
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!

Қорытынды:

Сара Алпысқызы Назарбаеваның балаларды бақытқа, қуанышқа, шаттыққа кенеліп, бақытты өмір сүруі үшін қосқан үлесі зор. «Өзін-өзі тану» әлеміне ерен еңбегін сіңірген, сол әлемнің дамуына талай тер төккен

Сабақ соңында Сара апайларына арнап гүл, ұсақ жүрек бейнесі салынған ашық хаттарын құттықтау сөз бен тілекке толтырып пошташыға беріп жібереді. Сонан соң ашық оқу іс-әрекет балалардың шаттық шеңберіне тұрып, Ризашылық әнін айту.

Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)

Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)

Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)Урок самопознания на тему: Алтын жүрек анамыз (1 класс)

© 2010-2022