Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің Наурыз!

Жүргізуші:Армысыздыр, құрметті қонақтар ұстаздар мен оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымызда келіп жетті. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болып, аман есен тойдан-тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда қалып, жаңа жылда жаңа үміт тілейміз. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мектеп оқушылары дайындаған «Қош келдің Наурыз!» атты концертімізге және «Көктем аруы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ал, құрметті халайық,

Мерекені бастайық.

Аруларды әуенмен,

Кошеметпен қарсы алып.

Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші,

«Мектептің аруы» деп жүрейікші,

Әділ қазы алқасынан әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші - дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.

1. Дүйсенбаева. Г.С.

2. Куйшебаева. Г.А.

3. Шунаев. Г.Д.

Құрметті көрермендер сайысымыздың кезеңдерімен танысып өтейік.

1. «Мен қазақтың қызымын» (өзін-өзін таныстыру)

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы)

3. «Құрақ құрау» (үй тапсырмасы)

4. «Сұрақ жауап»

5. «Шашты сәндеу үлгісі» 5 минут уақыт беріледі.

6. «Ұлттық тағам»

(жреби арқылы арулардың шығу ретін анықтау)

І кезең. (өзін - өзі таныстыру)

Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Бәске түскен төрт ару кездесіп,

Таныстырып өздерін өтер дейміз.

Бірінші арудан бастап өздерін таныстыруға шығады.

1 Ару: Игизбаева Аида

2 Ару: Нургалиева Зарина

3 Ару: Максотова Перизат

4 Ару: Темирханова Тұрсынай

Бірінші кезең бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші: Кел, Наурызым, самалыңмен еркелет

Қырға шығар, жамағатты жетелеп

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мейрам

Наурыз келген, көктем келген екен деп.

Наурызға арналған өлен жолдарын оқитындар шағын орталық және даярлық топ бүлдіршіндері.

Ән: «Қазақ осы» Орындайтындар: 1 сынып оқушылары

ІІ кезең. (өнер сайысы)

Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сыныда бәйге алуға,

Арулар аянбай - ақ жан салыпты, - деп қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Екінші кезен бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Көрініс: «КВН» 6 сынып

ІІІ кезең. Құрақ құрау (үй тапсырмасы) Үйден мата қиықтарынан құрақ құрап келу керек. Соны түсіндіру.

Жүргізуші: Үшінші кезең бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Наурыз тойы, Наурыз тойы

Құтты болсын халайық

Күй төгілсің, Жыр төгілсің

Шырқап әнге салайық.

Ән. «Наурыз» Хор

ІV кезен. (сұрақ - жауап) Әр аруға жеті сұрақтан беріледі.

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім.

2. Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?

Малды теппе, ақты төкпе.

Күлді баспа,

Бүйіріңді таянба.

Жағынды таянба.

Бос бесікті тербетпе.

Бесікті ашық қалдырма.

3. Сүттен жасалатын тағамдарды ата?

Айран, ірімшік, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Наурыз көже қалай дайындалады?

5. Ұлттық ойындарды ата?

Алтыбақан, аударыспақ,

Төртінші кезен бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз

Өлен: «Наурыз» Оқитын: Нуржанова Алтынай

Би: «Қамажай» 3 сынып оқушылары

V кезен. (шашты сәндеу үлгісі)

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай, қабақ, қиғаш қара қасыменен.

Ән: «Анашым» Жандавлетов Досжан 3 сынып оқушысы

Бесінші кезен бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

VІ кезен. (ұлттық тағам) Үйден қазақтың ұлттық тағамын дайындап келу, дайындау тәсілін түсіндіру.

Алтыншы кезен бойынша әділ қазы алқасы әділ бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Би: «Домбыра» 6 сынып оқушылары

Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Мектептің аруы деп жүрейікші.

Әділқазы алқасына тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші.

Ән: «Асыл анам» Бекетова Қарақат

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріңіз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!



© 2010-2022